Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Мәдениет және спорт МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ



Түрік ұлттық –мәдени орталығы


Төрағасы: Курбанов Шамиль Мажилисович

Түрік мәдени орталығы 1991 жылы ақпанда құрылып, 1996 жылы Қазақстан Республикасының түрік қоғамы деп өзгертілді. Қоғамның филиалдары Қазақстанның оңтүстік аймағы мен оның аудандарында бар. 
Түрік ұлттық орталығы өз қызметін мәдениет деңгейін көтеруге және өз ұлтының білімін көтеруге бағыттайды. Орыс, қазақ және түрік тілдерінде шығарылатын “Ахыска” атты Республикалық газеті жарыққа шығады. 2001 жылдың көктемінде түрік тілінде  шыққан “Тәтті бұлақ” атты бірінші көркем фильмін көрермендер көріп, бағалады. Бұл көркем фильм Қазақстандағы түрік диаспорының салт дәстүрін, өмірін мен мәдениетін әңгімелейді. Қазіргі таңда түрік тіліндегі  “Қарыз”атты екінші  көркем фильмінің жұмысы аяқталуда.
            Бүгін  Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының түрік  диаспоры  көп тұратын аймақтарының 42 орта мектептерінде түрік тілін үйрету сабақтары жүргізілуде. Алматы қаласындағы № 99 орта мектебі түрік тілін үйренудегі базалық мектеп болып табылады.
Осы базалық орталықта “Чичеклер” би ансамбль ұжымы құрылған, олар Қазақстан халықтар Ассамблеясының ұйымдастырумен өтетін барлық мерекелік іс-шараларына қатысады және көркем өнерпаздар фестивалінің бірнеше дүркін лауреаты атанған. 
2001 жылдан бастап жыл сайын гюреш атты түрік ұлттық күресі бойынша (еркін күрес) халықаралық сайыстары өтуде. Бұл сайысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстанның спорт  шеберлері қатысуда. 
Бейбітшілік пен ұлттық ынтымақтастықты сақтай отырып Қазақстанның түрік қоғамының ұлтаралық қызметі ең басты мақсатта тұр. Түрік ұлтының өкілдері Қазақстанда болып жатқан барлық істерге қалыспай, белсене араласады, ал түрік тілін үйретіп білім берумен, мектептерде түрік сыныптарын ашудан басқа ұлттық мәдени орталықтарынан  асып озады.
«Ахыск» түріктері - Сталин режимімен 1944 жылы қарашада Орта Азия мен Қазақстан аумағына қоныс аударған көптеген халықтардың бірі болып келеді.
Оның тарихи отаны – қазіргі Грузияның оңтүстік-батыс аудандары. Бұрын бұл аудандар Осман империясының құрамына еніп, Ахыск патшалығын құраған. 1829 жылғы түрік-орыс соғысынан кейін бұл жерлер Ресей Империясының қол астына өтіп, Ахалцих уезд атағын алған. Міне, осы уақытқа дейін осы аудандағы түріктердің тарихы Түрік мемлекетінің тарихымен байланыста болған. Сол кездегі шекараның жабылу себебінен  түрік халқымен байланыс үзіліп қалады. Содан бері олардың “Ахыск” түріктер болып жаңа түріктер тарихы басталды. Бірақ әрине олар өздерін сол түрік ұлтының бір бөлігі екендігін сезініп мойындайды.  Қазақстан Республикасында 180-200 мыңдай түріктер тұрады. Ресми мәлімдеме бойынша, 1989 жылдың санақ нәтижесі бойынша 78 мың түрік бар. Мұндағы себеп, осы уақытқа дейін көптеген түріктер Совет Одағы кезінде  зорлықпен жоғалтқан  өз ұлттарын ала алмай жүргендігі. 
Қазіргі уақытта түрік диаспоры тұратын жерлерде Республика қоғамы мен облыстық, қалалық және аудандық филиалдармен өзара байланысының тігінен құрылған құрылысы құрылды.  Сонымен қатар 4 облыстық (Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда обл.), 6 қалалық және 13 аудандық филиалдары жұмыс атқарып келеді. Әрбір елді мекенде диаспора өкілдерінің Кеңесі тағайындалған. Қоғам өкілеттігі Астана, Қарағанды, Ақтау және Өскемен қалаларында  жұмыс істейді.