Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Мәдениет және спорт МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ



Республика алаңы


 – мерекелік шерулер мен салтанаттар, спорттық мерекелер мен  парадтар, халықтық қыдырулар өткізілетін орын. Ол Фурманов  көшесінен Желтоқсан көшесіне дейін орналасқан, ұзындығы 580 м,  орталық бөлігінің ені 210м.
     Үлкен емес төбешікте Алматы қаласы әкімшілігінің ғимараты орын тепкен. Оның артында Президент Резиденциясы мен Стратегиялық зерттеулер институты бар. Айналасында гүлзарлары, бассейндері және фонтандары бар жасыл саябақтар орналасқан. 
     Сәулетшілер алаңының бүкіл сәнінде болсын деп қарлы таулардың керемет көрінісін барынша пайдалануға күш салған. Композицияның барлық гүлдері ақ пен жасыл түстің, яғни ақ тау шыңы, ақ ғимараттар және үлкен жасыл партерлер үйлесіміне қарай отырғызылған.
     Тәуелсіздік Монументінің ерекше шешімін іздеу кезінде көптеген жобалар қарастырылды. 1995 жылдың 13 шілдесінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Алматы қаласындағы Тәуелсіздік Монументін салу туралы» атты қаулысы жарық көрді және онда ҚР еңбегі сіңірген сәулетші Шота Уәлихановтың басшылығымен құрылған авторлық топтың жобасы қолдау тапты. 
     Тәуелсіздік Монументін Алматы қаласының Байсеитов пен Сәтбаев көшелерінің қиылысында орналасқан Республика алаңында орнатуға шешім қабылданды. Кешен ғылым, мәдениет және мемлекеттің көрнекті қайраткерлерінің нақыл сөздерін, сәулет және мүсін өнерін жинақтаған толыққанды көркем шығармаларын бейнелейді. Осы аса үлкен жауапкершілікті қала түйінінің ерекшелігі – нысанының, бедерінің, қоршаған сәулет сипатының кешенге жан беруінде, композициялық құрылымының өзіндік ерекшелігі мен сәнділігін көркейте түсуінде.  
     Кешен кеңістігінің экспозициясы көлденеңінен 180 метрге созылған. Бедерлі маңғышлақ құлпытастарын бейнелейтін биіктігі 28 метр, тік пластикалық стела композицияның ортасы болып келеді. Ол  тікелей тұрып, қанатты барысты басқаратын және қазақ жерлерінде тұрақты мемлекеттік билікті білдіретін «алтын» адам -басқарушымен (ұзындығы 6 м) аяқталады. Бұл бейне Алматы жанындағы Есік қорғанында табылған археологиялық қазбаларды зерттеу негізінде алынған, ол жерде жоғарғы биліктің регалиялары мен атрибуттары бар салтанатты киімде сақтардың (б.з.д. VIII-IV ғғ.) патшасы жерленген. (Ондағы киім стилі, алтын әшекейлері әлемдік өнердің біртумасы және адамзаттық кемеңгердің тамсанарлық шығармасы болып саналады.) 
     Стела диаметрі 28 метрден тұратын жартылай дөңгелек стилобатта орнатылған, ал ол болса диаметрі 46 метр домалақ алаңшаның ортасына жайғасқан. Стела кеңістікте нақты бір нүктені қатайтады. Жанында белгілі бір қашықтықта орналасқан қос биік ғимарат стела бейнесінде қабаттаспайды, баттаспайды және көрінбей қалмайды. Стеланың тік беткейі ғимараттарға емес, ал кеңістікке қарайды. Неғұрлым жақындаған сайын ол аспанға қарай созыла түседі. 
     Стеланың төменгі бөлігінде (қазақ және орыс тілдерінде) мынадай сөздер жазылған:
     «1990 жылы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі жарияланды».
     «1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды».
     Стеланың артында былай деп жазылған:
     «...Ресей Федерациясы, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Құрама Корольдігі және Америка Құрама Штаттары Қазақстан Республикасына ОБСЕ-нің Қорытынды Актісіне сәйкес Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін, егемендігін және шекараларын құрметтеу жөніндегі өз міндеттілігін білдіреді...» (қазақ және орыс тілдерінде).
     «...Қытай Қазақстанның тәуелсіздігін, егемендігін және аумақтық біртұтастығын құрмет тұтады және бірлесіп тіршілік етудің бес қағидасы негізінде ынтымақтастық пен достық қатынастарының болашақта дамуына кәміл дайын...» (қазақ және орыс тілдерінде).
     Стеланың аяқ жағында, стилобатта мүсін орын алған: «Данагөй аспан», «Жер-аналар» және құлындарға мінген екі бала сияқты аллегориялық пішіндерден тұратын мүсіндік топ орналасқан. Пішіндер дүниенің төрт жағына қарап тұр, ол жақтардан жерге нәр беретін зәм-зәм суы келеді.
     Салт атты балалары жастық шақты және Республикамыздың үлкен болашағын білдіреді, олар бүкіл адамзаттық құндылықтарды игеру бойынша жарыстарға қатысуға дайындалып жатқан сияқты. Басқа жағынан қарасақ әке, шеше, бала мемлекет негізі мен адамзаттың шығу тегі отбасын құрайды. Олар тұрақтылық пен беріктікті бейнелейтін шаршыға салынған.
     Стеланың екі жағында он сегіз метр қашықтықта таға тәріздес бедерлі-мүсінді айнала он қабырға орналасқан, онда екі жағынан да оқылатын жазуы бар.  Бұл қабырғалар диадема секілді көркем-бейнелі жүктемесіне ие, және бүкіл кешенге мағыналылық беріп тұрады.      Онда ежелгі кезеңнен бүгінгі күнімізге дейінгі тарихи тақырыптар көрініс тапқан: мемлекеттің білім жүйесі, Отанды қорғау, ұлт-азат қозғалыстары, дүниежүзілік соғыс, 1986 жылдағы желтоқсан оқиғалары, тәуелсіздікті жариялау және т.б. Әрине мұнда оқиғаларды баяндаудың хронологиялық тәртібі емес, тарихтың жеке жарқын кезеңдерінің көркем-пластикалық бейнеленуі орын алады. 
     Он саны (қабырғалардың саны) бекерден бекер алынған жоқ, Пифогор бойынша – бұл ұлы сан барлық арифметикалық және геометриялық кескіндерді ауқымдайды, сондай-ақ күшті, сенімді және жадының мықтылығын білдіреді.
     Орындықтыр, жазбаға арналған гранит блоктары, шамшырақтар, прожекторлар, сондай-ақ гүлзарлар секілді кіші сәулеттік нысандар орталық үлкен шеңбердің екі жағында орналасқан.      Алты гранитті блоктардың ылди жазықтығында Қазақстан жазықтықтарында кездесетін көне түрік жазбаларының ескерткіштері мен петроглифтерінің үлгілері ойып жазылған.
Монументтің нағыз көлемі, оның аудандық құрылымы, кескінді тұрысы қабылдау жағдайларына сәйкестендірілген, адам мен алаң масштабының шамаластығына бағытталған. Кешеннің тұтастай және бөліктерінің ара қатынасында үйлесімді кескіндер ескерілген. Үйлесімділікті ұлы ойшылдар сұлулыққа тікелей апаратын жағдай ретінде қарастырды.      Бөліктері бір-бірімен жарасып, үйлескен жағдай да ғана күрделі - әдемі деп аталуы мүмкін. 
Көлемді пішіні оңтүстікке, яғни тау жаққа бағытталған. Жан-жағынан қараған уақытта кешеннің бүкіл көркем бейнесі ашыла түседі. Оларды дұрыстап орналастыру көптеген қызықты және күтпеген бейнелерді білдіреді. 
     Қолданылатын материалдар - гранит, қола және құйма (бетон). Жобаның авторлары Байсеитов көшесіндегі фонтандар мен кіші сәулет нысандарын толығымен сақтап қалды. 
Құлпытастарда адам көзі жететін деңгейде қазақ және орыс тілдерінде өткен ғасырдағы және қазіргі кезеңдегі аты шыққан тарихи тұлғалардың қанатты сөздері  (сына жазумен) ойып жазылған.  Мұнда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың төмендегідей сөздерін оқуға болады: «Қоғамдағы бейбітшілік пен келісушілік қана әрбір адамның жақсы өмір сүру мен еңбек етуіне құқық береді. Бостандық – жүгенсіздік емес, әділеттік пен құқықтың үстемдік етуі».
     Қазақ халқында ежелден бері ұлттық қасиеттерге қол тигізу дәстүрі бар. Осы ғұрыпты ескере отырып, стеланың аяғында алақанның ізі бар, ашық кітапты орналастырдық. Кітаптың сол жағында (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) «Сеч авын» - «Бөліп ал да билей бер!» ежелгі түрік жазуы жазылған. Адам таңдау мүмкіндігі болған жағдайда рахат алуы мүмкін.      Досты, жарды, күйеуді, өмір жолын, қаласаңыз Президентті де таңдауға болады. Біз адамдардың тілегін дөп баса алдық па, білмеймін. 
     Монумент Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасы бойынша орнатылды. Авторлары: Шота Уәлиханов – шығармашылық ұжымның жетекшісі, Әділет Жұмабаев – мүсінші, Нұрлан Далбаев – мүсінші, Қазыбек Жарылғапов – сәулетші, Қайрат Сұраншиев – мүсінші. Қосымша авторлар: Қалдыбай Монтахаев – сәулетші, Мұрат Мансұров – мүсінші, Азат Баярлин – мүсінші, Қазыбек Сатыбалдин – мүсінші.