Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Мәдениет және спорт МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ



Бостандық ауданы әкімі аппаратының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2019 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстары бойынша ЕСЕБІ


Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде.

Бостандық ауданында 26 800 348 жуық кітап қоры бар 5 кітапхана жұмыс жасайды.

32 тарта үйірмелер жұмысы бар 1800 жуық баланы қамтыған Балалар үйі жұмыс істейді. Сонымер қатар, ауданда К.Байсеитова атындағы музыка мектебі, О.Таңсықбаев атындағы декаративті-қолданбалы және Т.Жүргенов атындағы өнер колледждері бар.

Ауданда 6 кинотеатр орналасқан: «Mega Alma-Ata» ойын-сауық орталығында ораналасқан “StarCinema”, «Promenade» сауда орталығында орналасқан “Promenade 3D”, «ADK» ойын-сауық орталығында орналасқан “Chaplin”, «Алматы – Towers» бизнес орталығында орналасқан “Cinema Towers 3D”, «Esentai mall» сауда орталығында орналасқан “Kinopark” және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетнің жанындағы кинотеатр үнемі жұмыс істейді.

Ауданда орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер жүйелі түрде араланып және қаралып отырады. Аудан аумағында 17 тарихи және мәдени ескерткіш есепке алынған. Сонымен қатар, 1 – мемлекеттік мұражай, 1 – цирк, 1 – неміс театры, 5 – спорт кешені, 1 – спорт колледжі, 10 – бассейн орналасқан.

Сондай-ақ, аудан аумағында Қазақстан Республиксының Тұңғыш Президентінің саябағы орналасқан және онда мәдени-спорттық шаралар өтеді.

Аудандық мәдени-бұқаралық іс-шаралар 

Бостандық ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен ҚР тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша жоспарлы түрде жұмыстар жүргізілуде.

Мемлекеттік және өзге тілдерді дамыту мақсатында және қалалық бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылуда:

- іс-қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу процесі қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздар толығымен қазақ тілінде жүргізілуде; (100%)

- мемлекеттік тілді жетік меңгеру мақсатында соңғы технологиялармен жабдықталған қазақ тілі кабинеті жұмыс істеп келеді;

2019 жылдың 15 ақпанында № 138 гимназия-мектебінің залында Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылуына 30 жыл толуына арналған іс-шара өткізілді. Аталмыш шарада кеш қонақтарына концерттік бағдарлама қойылып, Ауған соғысы ардагерлері аудан әкімнің алғыс хаттарымен марапатталды.

Ағымдағы жылдың 1 наурызында № 23 гимназия-мектебінің залында «Алғыс айту» күніне орай мерекелік іс-шара өткізді. Шарада концерттік бағдарлама ұсынылды. Сонымен қатар, аудан көлемінде орналасқан кітапханалар мен білім мекемелерінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылдың 6 наурыз күні К.Байсейітова атындағы музыка мектебінде 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай, ауданның құрметті әйелдер қауымына арналған аудан әкімінің аппараты ұйымдастырған салтанатты іс-шара өтті. Шарада ауданның дамуына үлесін қосқан азаматшалар аудан әкімінің Құрмет грамотасымен алғыс хатымен марапатталды. Аталмыш іс-шараға жалпы саны 210 қонақ шақырылып, гүл шоқтары табыс етілді. Сондай-ақ, ауданның білім мекемелерінде 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні кең көлемде аталып өтілді.

Ағымдағы жылдың 23 наурызында «Сұңқар» Халықаралық шаңғы трамплиндер кешенінде Наурыз мейрамы күніне арналған аудандық мерекелік шара ұйымдастырылды. Сахнада қала тұрғындарына эстрада жұлдыздары, әншілер мен бишілер ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылып, көрме ұйымдастырылып, киіз үйлер орнатылып әр түрлі салт-дәстүрлер және трамплиннен секіру шоуы көрсетілді.

 

 

Мәдениет және тілдерді

дамыту бөлімінің басшысы                                                                                          М. Бердиев