Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Мәдениет және спорт МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ



“Вензь” поляктар қоғамы


Төрайымы: Берлимбле Алина Иосифовна.

“Вензь” поляктар қоғамы 1992 жылы құрылды, көп жылдар бойы оның төрағасы А.Г.Левковский болды, ол поляк тілін үйрену бағыты бойынша қарқынды жұмыс жүргізді.  Қазір Алматы қаласында поляк тілін үйрететін екі мектеп бар. Балалармен поляк елінен келген –пани Янина Длужевска, пани Ева Зелинска, пани Марта Янчевска және  Польшада  білім алған  қазақстандық поляк пани Ирена Рутковская мұғалімдері жұмыс жасайды.
Жыл сайын поляк ұлтының балаларына арнап жаңа жылдық шырша өткізіліп, көркем өнерпаздар сайысы ұйымдастырылады, балалар Қазақстан мен Польша Республикаларында өткізілетін мерекелерге  белсене қатысады. Жыл сайын жүзге жуық  балалар жазғы демалыстарын Польшада өткізеді.
Орта мектепті бітіргеннен кейін балалардың Польшадағы орта және жоғарғы оқу орындарына түсуге мүмкіндіктері бар. Алматыда “Қазақстандағы поляктардың өткен мен болашағы” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференция поляктардың Украинадан Қазақстанға қоныс аударуына 60-жыл толу мерей тойына  арналған еді.  
            Соңғы жылдары “Поляк гуманитарлық акциясы”(Польшадағы қайырылымдық қоры) Қазақстандағы поляк зейнеткерлеріне арнап жаңа жылды қарсы алуға өз елдеріне баруды ұйымдастыруда. Олар киелі жерлерді аралап, әртүрлі кездесулерге қатысып, поляк отбасыларымен бірге тұрып Польшаның мәдениетімен танысады.
            1999 жылы 12 қарашада А.Янушкевич көшесінде (бұрынғы шығыс көшесі, 3)  № 4 мектеп-гимназиясында салтанаты түрде XVIII ғасырдағы қазақстан халқының рухани байлығы мен мәдениетін әлемдік қоғамға таныстыруда үлкен үлес қосқан, еңбегімен  танымал болған,  қоғам қайраткері А.Янушкевичке арналған мемориалды тақта ашылды.
Достық үйі және Қазақстан халықтар Ассамблеясымен біріге отырып “Қазақстан-Польша” қоғамы ұйымдастырды.
            Қазақстан Орталық Азия аумағының ұлан байтақ жерін алып жатыр, ал Польша Еуропаның  дәл ортасында орналасқан, соған қарамастан қазақтар мен поляктардың тағдыры өте тығыз байланыста.
            Қазақтар мен поляктар байланысын зерттей келе поляктар еліміздің мәдениеті мен ағартушылығымызға белсене қатысатындығын ерекшелеп кету керек. Поляктар Қазақстанның әдемілігін мойындағандардың ең алғашқылардың  бірі  болып қана қоймай, сонымен қатар қазақ мәдениетімен айналысып, қазақтың фольклорлық әуендерін сақтап қалуына тырысты. Әрине мұнда А.Затаевичтің еңбегі айрықша бағаланады, ол дала ақындарының өлеңдерін жинап және осы тақырыпта өзінің суырып салма айтысын  құрастырып жасаған. Оның ақындар шығармашылығына арнаған  туындысы 1935 жылы жарық көрді, ал 1963 жылы шыққан екінші туындысы халыққа танымал болды. А.Затаевич. өз еңбектерін Қазақстандық достарына арнады.
            Поляктардың ұғымында Қазақстандықтар – бұл өз дарындарымен, мәдениеттерімен,  шыдамдылықтарымен таңқалдыратын адамдар.