Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Мәдениет және спорт МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ



“СУОМИ” Карело-финдық ұлттық мәдени орталық


Төрағасы: Смирнов Александр Борисович.
                        
            Карело мен финдықтарды біріктірген “СУОМИ  ” карело-финдық мәдени орталығы Алматы қаласында 2002 жылы 20 сәуірде жалпы отырыстағы топтың ықпалымен құрылып, осы жылдың 3 шілдесінде  заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен куәлігін алды.
Финдықтар мен карелдіктердің Қазақстанға келу себебі келесідегідей болды: 30- жылдардағы репрессия кезінде бүкіл халықтардың жер аударылуы, совет одағы кезінде кадрлардың  ротациясы жиі болғандықтан, халықтар СССР –дың кең байтақ жеріне қоныс аударды және көбі сол жаңа қоныстарында қалып қойған.
Алматылық карелдер арасында Ұлы Отан соғыс ардагері Юрий Ершов бар,ол 17 жасынан майданға  аттанып 7 жыл әскер қатарында жүрген. Медицина қызметкері Евгений Кузмин екі медицина академиясын бітірген, екі тілде фин және неміс тілінде еркін сөйлейді. 95 жастағы ұзақ ғұмырлы Мария Смирнова, үй шаруасына белсене араласады, киім тігіп тоқиды, ұлттық тағамдарды дайындауды жақсы көреді.
Карело-финның мәдени апталығы өте қызықты өтті. Апта ұлттық кітапханадағы финдықтар мен карелдіктердің туыстық  кітап көрмесінен басталды, достық үйінде пресс- конференциясы өтіп, әртүрлі ұлттық мәдени орталықтарының көркем өнерпаздарымен ұйымдастырылған  концерт  өтті.
Қазіргі таңда “СУОМИ” ҰМО мемлекеттік тілді үйрену жұмысымен айналысуда, қызықты адамдармен кездесулер өткізуде және Финляндия мен Карелия Республикасының ұлттық мерекелері әрқашанда атап өтілуде. 
2007 жылы Астана мен Алматы қалаларында  финдық кәсіпкерлер форумы өтті. Астана қаласында бұл өкілдерді ҚР премьер- министрі К.Қ.Масимов мырза қарсы алды. Форумның барысында халықтардың ынтымақтастығы туралы сұрақтары қаралып шешілді. Қазіргі күні Fin PRO 54-ші офисі ашылды (Финляндияның аймақтық және іскерлік байланыс бойынша ұйымдастыру,  дүниеде бұндай ұйымның 53 өкілдері  бар).
 2007 жылдың жаз айында “СУОМИ” ҰМО мүшелері Карелидің астанасы Петрозоводск қаласына  баруға жолдамаланып отыр. Орталық осы қаланың басқа қоғамдық ұйымдарымен де қатынас жасауда. Хельсинки қаласында (Финляндия) “СУОМИ” ұлттық мәдени орталығының төрағасы Финляндияның іскер ортасымен және қоғам өкілдерімен кездесіп, Финляндия Республикасының сыртқы істер министрінің қабылдауында болды. 
Финляндияда (“Хельсинки қ.) бұрынғы ТМД мемлекетінің азиат мемлекеттен шыққан азаматтарды ұйымдастыру ұйымы жұмыс жасайды.Оны Бішкек қаласының ертерек тұрғыны Татьяна Лян басқарады. 
Қазақстанда казіргі таңда “СУОМИ” ҰМО-ң аймақтық өкілдерін құру бойынша жұмыс жүргізілуде(Павлодар, Шымкент, Өскемен қалаларында).