Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Мәдениет және спорт МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ



“Минги тау” Карашай-балкар қоғамдық - мәдени орталығы


Төрайымы: Хочиева Людмила Хисаевна.

“Минги тау” Карашай-балкар қоғамдық - мәдени орталығы 1996 жылы құрылған, оның төрайымы болып Л.Х Хочиева басқарады. Ол 1959 жылы туған. Заңгер, Қазақстан халықтары Ассамблея Кеңесінің мүшесі, «Құрмет» орденінің кавалері, “Минги-Тау” аймақтық қоғамдық бірлестігінің негізі қаланғаннан бергі жетекшісі болып келеді. 
Балкарлар мен карашайлар арасында көптеген бейнеткерлер бар. Шәкәрім Құдайбергенұлы атындағы мектебінде балаларға филология ғылымының кандидаттары Жубуева Фатимат Халимақызы, Хаджиева Фатимат Әзретқызы, Хаджиева Фатима Әлімқызы ұстаздары жұмыс жүргізеді.
            1999 жылы қарашай мен балкарлықтардың Қазақстанда тұрғандарына 55 жыл толды. Балкарлық пен қарашайлар  екіге бөлінген  Элбрус таулы аймақтағы бір ел болып есептеледі. Балкарлықтар негізінен Кабардино-Балқардың оңтүстігі және оңтүстік- батыс бөлігінде мекендейтін солтүстік Кавказ халқы, ал қарашайлықтардың тілі мен мәдениеті жағынан  балкарлықтарға туыс. Қарашай-балкар тілі ежелгі түрік тілдес топтарға жатады. Қарашай-балкарлықтар ежелгі  айқаспаның XIII-XIV ғасырларында сол кездегі қола дәуірінен шыққан жергілікті тайпадан және алан, балғар, қыпшақтарынан құрылған. IXI ғасырдың ортасына дейін қарашай- балкарлықтарда феодалды- партиархалдық қатынасы  сақталған. Ресей қоғамының жалпылама арнасына қосылғандығымен олардың нағыз шын шаруашылық бейнесі жоғалып, крепостық құқықтың өзгеруіне және ауыл шаруашылық қоғамының ыдырауына әкеліп соқты.
            1943 жылдың аяғында 1944 жылдың басына қарашайларды Орта Азия мен Қазақстанның әртүрлі аймақтарына көшіре бастады.
            Қарашай-балкарлық диаспорасы өзінің тамырлары терең ежелгі кавказдықтарға кеткен бүтін халық екендігін сезінеді. Тарихи отаны моральдық рух ретінде сүйеніш болады.Оған деген қызығушылық жойылмауда, өйткені халық басталған жерден бастап генетикалық коды мен туған жерге деген ынтасы әсер етуде. Жер деген өзінен өзі  кедей де, бай да  болады. Біздің халықтарымыздың мәдениеті бұл жалпы адамдардың өркениетінің өсуі, ал барлығымыз осы туған жеріміздің өркениеті мен әдемілігіне жауаптымыз.
Қазақстанда 2 мыңға жуық карашайлық пен 3 мың балкарлықтар тұрады. Карашай-балкарлық аймақтық қоғамдық  орталығы 1996 жылы тіркелген. Оның ашылу мерзімінен бері ҰМО-да «Минги-Тау» фольклорлы-этнографиялық би ансамблі қызмет істейді. Өзінің белсенді әрекетінің нәтижесінде ол бірнеше рет естелік сыйлықтарымен, дипломдарымен марапатталған және «Айналайын», «Фамгет» – Турция, «Балалар мейрамы» конкурстарының лауреаты болып табылды. Ансамбльдың орындаушысы Ачабаев Сұлтан 1998 ж. Президенттік жаңа жылдық шыршаның қатысушысы болған. 
            2000 жылдың қаңтар айынан бастап ана тілін, тарихын, мәдениетін, сонымен бірге қазақ тілге параллель оқытатын жексенбілік мектеп өз жұмысын атқара бастады. Жексенбілік мектеп Қарасай ауданының Жандосов ауылында орналасқан, оның оқытушылары: Сұлтанова Нұрсифат Чумаевна, Сұлтанов Борис Таукеевич, Кариман Кукановна. Ал 2004 жылы Энергетикалық елді мекенінде екінші жексенбілік мектеп ашылды. Оқытушысы: Тилова Фатима Әзіретовна. 
Орталықтың барлық мүшелері Республика өміріне белсенді қатысады, 6 адам Қазақстан халықтар Ассамблеясының мүшелері болып табылады. 
ҰМО-ның көрнекті өкілдері: Жангуразов Ибрагим Даутович, Аттоев Салих Харунович – Социалистік Еңбек ерлері, Ульбашева Зулейха – Социалистік Еңбек Ері, үш Ленин Орденімен марапатталған, Гулиев Абу Габаевич – Қазақ ССР құрметті құрылысшысы, Ленин Орденінің кавалері, Тукенов Магамет – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Узденов Ануар Адилькеримович- «Құрмет белгісі» орденімен, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен, «Тыңды игеру» медалімен марапатталған, Эфендиев Чопай өзінің еңбектегі жетістіктері үшін орден, медальдармен марапатталған, Султанов Анвер Шарабутдинович- медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ачабаев Магамед Учаевич – денсаулық сақтау ісіндегі құрметті қызметкер, көптеген орден, медальдардың кавалері, Жубуева Фатима Халимовна– филология ғылымдарының кандидаты; Муллаев –Қазақстан бокс мектебінің негізін салушыларының бірі, Қазақстан Республикасының құрметті жаттықтырушысы,  Забаков Абдул – КСРО Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Гулиева Арюжан Абуевна – танымал хирург; Забакова Байханат – балкарлық поэтесса, Каракетова Наталья Магомедовна – дәрігер-хирург, Рерих Владимир – танымал журналист және т.б. 
1999 жылы ҰМО, Кабардино-Балкария өкіметі мен Қазақстан Республикасы өкіметінің қатысуымен, 54 жыл артқа тастап, балкарлықтардың әулиесі Казим дананың  сүйегі туған жеріне қойылды. Бұл 2000 жылдың 27 наурыз күні болды. Кабардино-Балкарлық Республикасының өкіметінің шақыруымен балкар халқының қайта жаңғыру күніне арнайы 7 адамнан құралған делегация Кабардино-Балкарияға барып қайтты. Өзінің тарихи Отанына талай сапар шеккен Хочиева Л.Х. ғылым мен мәдениеттің көрнекті өкілдерімен, КБР Президенті Коков В.М. мырзамен, Өкіметтің төрайымы Чеченов Х.Д. мырзамен, Конституциялық Соттың төрағасы Теляков А.С. және т.б сондай сияқты азаматтармен әр түрлі кездесулерде болды. 
2001 жылдың шілде айында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл толғанына және ҰМО 5 жылдық мерейтойына арналған Этнос күні өткізілді. 
             Жастар секторының белсенді әрекетімен 2002 және 2003 жылдары балалардың диаспоры үшін ана тілі мен мемлекеттік тілдерде балалар шыршасы өтті. Сонымен қатар конференциялар, әдебиет кештері мен әр түрлі диаспораның көрнекті адамдарымен кездесулер өткізіледі. Оның арасында профессор, экономика ғылымының докторы- Кубаев Борис Хамитович бар. Оның аты “Известные руководители” атты америкалық библиографикалық институтының әлемге әйгілі халықаралық жиынына енгізілді. Ал 1998 жылы Б. Кубаев Қырғыз мемлекетінде жыл адамы ретінде атанды. 
КБР бұқаралық ақпарат құралдары өз кезеңінде Ассамблеяның жұмысы және «Минги–Тау» ҰМО-ң қызметі туралы мәлімет беріп турады. 
Қарасай ауданының Шәкәрім Құдайбердіұлы мектебінде ЭМИКО қоғамы ашылған.  Тарих секциясы бойынша облыстық конференцияда «Балкар халқының Депортациясы» жұмысы үшін 10 сынып оқушылары- Хаджиева Елизавета мен Муллаева Саният 3-дәрежелі дипломымен, ал Республикалық конференцияда 2-дәрежелі дипломымен марапатталды. Медицина секциясы бойынша облыстық конференцияда «Жараның жазылуын тездететін құралын жасау» еңбегі үшін 10 сынып оқушысы Ахматова   Фатимат 3-дәрежелі дипломымен, Республикалық конференцияда 1-дәрежелі  дипломымен марапатталды.
 Балкар халықтарының қайта жаңғыру күніне қарсы орталық балкарлықтар мен карашайлар Қырғызстаннан келген құмықтардың қатысуымен Достық халықаралық фестивалін ұйымдастырылды.