Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Мәдениет және спорт МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ



Бассейндер


Спорттық-сауықтыру және шомылу-жүзу нысандарына, моншалар мен сауналарға қойылатын санитарлық ережелердің талаптары. Өндірістік бақылау жүргізу.

Бостандық ауданы бойынша 16 бассейн бар. Оның алтауы шомылу-жүзу бассейндері – «Rahat Fitnes» дене шынықтыру-сауықтыру кешені, «Дельфин fitnes &spa», «Фитнейшн» фитнес клубындағы бассейн, «ВЕК-Олимп» спорт клубындағы бассейн, «Fidelity» фитнес клубы бассейні, «Sun Club» аквапаркі және монша, сауналар мен спорттық-сауықтыру орталықтары жанындағы 10 кішігірім нысандар. Барлық нысандарға тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдарымен рұқсат берілген.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы «03» наурыздағы №183 бұйрығымен бекітілген «Коммуналдық мақсаттағы нысандарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелердің талаптарына сәйкес нысан ғимараттары жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, суды ағызу, желдету, салқындату жүйелерімен қамтылған. Жадбықтар мен бассейндердің пайдаланылуына қойылатын мұндай белгіленген талаптардан өзге бассейннің өндірістік зертханасы немесе басқа аккредиттелген зертхана жүргізетін бассейндердегі судың сапасына міндетті өндірістік бақылау жүргізудің де маңызы зор. Осы және басқа да қағидалар уақытысында қызмет мамандарымен тексеріліп, бақыланып тұрады. Қәзіргі уақытқа дейін шомылу-жүзу бассейн нысандарында жұқпалы және паразитарлық аурулардың таралуы тіркелген жоқ. Қазіргі кезде, аудан мәселесі бойынша халық арасында сумен берілетін жұқпалы аурулар тіркелмеді, қатаң бақылауда қадағаланады.