Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Мәдениет және спорт МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ



Атакент – бизнестегі сәттілік кілті


Бүгінгі күні Қазақстан халықаралық көрме индустриясында лайықты орынға ие. 
 «Атакент» Қазақстандық  іскерлік ынтымақтастық орталығымен іске асырып отырған көрме қызметі ғылым мен өндіріс саласында келешектегі инновациялық жасалымдарды анықтау мәселелерін шешуде елеулі рөл атқаруда, отандық өнім өндірушілерге қолдау көрсетуде және Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық өзгерістерді насихаттаудың пәрменді құралына айналып келеді.
                «Атакент» Қазақстандық  іскерлік ынтымақтастық орталығы мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғам ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1992 жылдың 26 тамызындағы №688 қаулысына сәйкес Республиканың халық шарушылығы жетістіктерінің Көрмесінің мүліктік кешенінің базасы негізінде құрылды.
                Акционерлер өз тұжырымдамасын жасау барысында Қазақстандық тауар өндірушілердің іскерлік белсенділігін арттыруды негізгі міндеті деп біліп, өмірге келіп жатқан кәсіпкерлік құрылылымдар мен өркениетті нарықтық қатынастардың дамуына, сонымен қатар инновациялық жобаларға қатысу барысында меншік иесіне тәуелсіз түрде тауар өндірушілер мен коммерциялық құрылымдарды ұйымдастыруға қолдау көрсетті. 
Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің құрылу тарихына қысқаша жүгініп көрейік. 1955 жылдың күзінде Қазақ ССР-ң көрмесі халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесі ретінде экономиканың түрлі саласындағы озық тәжірибелер мен ғылыми-техникалық жетістіктерді жинақтау мен насихаттау орталығы ретінде ашылған болатын. Бұл құжатқа Республиканың бірінші басшысы Д.А. Қонаев қол қойған.
Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің тарихы ІІ Бүкілодақтық еңбек екпінділері мен колхозшылар съезіне қатысушылардың СССР Компартиясының Орталық Комитетіне Мәскеуде Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесін ұйымдастыру туралы өтінішіне сәйкес басталған болатын. Өтініш қанағаттандырылып, бас көрме комитеті құрылды. Бүкілодақтық көрмеге қатысу үшін ғылыми мекемелер, колхоздар мен совхоздар 1937-38 жылдардағы ең үздік көрсеткіштерге ие болуы қажет еді. Көрмеге қатысу үшін миллиондар арасында бәсеке басталды. Ауыл шаруашылығының озаттары алтын, күміс медальдармен марапатталып, әр экспонат өз жетістіктерімен қоса құрмет кітапшасына енгізілетін.
1956 жылдың маусым айынан бастап, Көрме аумағында Бүкілодақтық өндірістік көрме өз жұмысын бастады, оның басты міндеті индустрия жетістіктерін көрсету еді.  Маңызды және келешегі мол экспонаттардың бірі  бірінші электронды есептеуіш машина болатын.
Көрме экспозициясы 21 павильонда орналасты. Дәл осы жерде бірінші рет әлем халқы пассажирлерге арналған реактивті авиалайнерді өз көздерімен көрді.  Бұл авиалайнер ұлы авиаконструктор А.Туполевтің басшылығымен жобаланып, құрастырылған болатын, бұдан кейінгі жылдары да көптеген ғажап нәрселер көрсетілді.
1963 жылдан бастап көрме өндірістік сала принципі бойынша жұмыс жүргізе бастады. Бүкіл павильондардың жұмысында тақырыптық көрмелер мен көріністер бірінші дәрежелі маңызға ие болды.
Халық шаруашылығы жетістіктері Көрмесінің тарихы- ол «Атакент» тарихының маңызды бөлігі болып табылады және оның негізгі іргетасы Қазақ ССР халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінен басталады.  Осы көрме арқылы кең-байтақ еліміз Қазақстанның жетістіктері туралы біліп отырды. Осы жерде тәжірибе алмасып, өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, партия, шаруашылық және кәсіподақ белсенділері мен қызметкерлерін оқытып отырды. Көрмеге қатысушыларға арнап, дәрістер мен баяндамалар оқылып, сұхбаттар жүргізілетін.
Қазақ ССР-і Көрмесінің қалыптасуы мен Республикалық Көрме Комитетінің жұмысына халық шаруашылығы кешенінің танымал басшылары мен мамандары Қ. Сәтбаев, А. Вартанян, М.Битный, К.Абдіғұлов, Ш. Есенов, И. Омаровтар қатысты.
Көрменің құрылуы мен дамуына зор үлесін Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев қосқан еді.  Ол үнемі бас көрменің дамуына зор қызығушылық танытып, павильондар құрылысын қадағалап отырды, жаңа техника үлгілерін көрсетуге арналған өндірістік көрменің белгілі бір құрылымдарын жасауды талап етіп отырды.
Көрме қызметінің негізгі бағыттарын анықтау үшін және көрме кешенінің материалдық-техникалық базасын жасау үшін Қазақстанның көптеген министрліктері мен кәсіпорындары өз үлестерін қосты.
Салалық павильондар, көрсету алаңдары мен табиғи көрсету бөлімдері көптеген халықаралық конференциялар, байқаулар өткізетін орынға айналды.
Көрме Қазақстанға келген ірі мемлекет басшыларының ресми делегациясы келіп көретін міндетті орын болатын, жыл сайын көрмеге әлемнің түрлі елдерінен бұрынғы Одақ елдері мен Қазақстанның әр облыстарынан мыңдаған туристер келіп қатысатын.
Қайта құру кезеңдері (90-шы жылдар) көрме орталығы қызметінің тұжырымдамасын қайта қарап, бұрынғы көрмені қазіргі Іскерлік Орталығына айналдыру жұмысы қолға алынды. Көптеген ұсыныстардан соң акционерлік қоғам құру жолы таңдалды. Бұл идея Үкімет тарапынан қолдау тауып, Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев  мақұлдады.
Акционерлік қоғамға жетекшілік жасауға Үкімет Жарлығымен жоғары білікті маман, іскер басшы тәжірибесіне ие адам тағайындалды. Акционерлердің құрылтай жиналысында «Атакент» акционерлік қоғамының бірінші президенті болып Қалық Абдұллаұлы Абдұллаев сайланды.
Қалық Абдұллаев КПСО ОК Қоғамдық ғылымдар Академиясын, Мәскеуден халық шаруашылығын басқару Академиясын аяқтап, кандидаттық диссертация жұмысын сәтті қорғаған. Бұл білімдер қайта құру жылдары мен Егемен Қазақстанның қалыптасу кезеңдерінде өзінің мол пайдасын тигізді.
Қалық Абдұллаев нарық кезеңіне сай жаңа үлгідегі менеджерлер санатына жатады, ол үлкен ұжымды іскерлікпен басқарып келеді.
Бүгіндегі «Атакент» аумағы- іскерлік пен көңіл көтерудің жарасымды түрде бірлескен орталығы.
«Атакент» Акционерлік қоғамының аумағында «Қарқара» сауда үйі (қажетті де арзан заттар сатып алуға қолайлы) мен «Евролюкс» (өз дизайныңыз бойынша жиһаз сатып алатын және тапсырыс беретін), «Интерьер-Маркет» (үй мен кеңселерге арналған құрылыс материалдары) орналасқан. Соңғы кезде түрлі көпшілік-бұқаралық көңіл көтеру, шоу-бағдарламалардың дамуына байланысты көңіл көтеру орталықтары, «Дельфин» спорттық-сауықтыру орталығы, мейрамхана, кафе мен барлар жүйесі дүниеге келді. «Пайн-Хилл» кешені жоғары тұста көркем иректелген сарқырамасы бар өзен жағасы мен төмен тұсында су бұрқақтары орналасқан әсем жерде орналасқан.
«Атакент» үшін ең бастысы – көрме бизнесі. «Итеса», «Атакент-Экспо» компаниялары халықаралық, ұлттық, арнайы көрмелердің, жәрмеңкелердің, бизнес байланыстар мен конференциялардың басты ұйымдастырушылары болып табылады.
Өткізілген конференция мен көрмелердің нәтижесінде сауда, экономикалық және саяси қатынастар жетіле түседі. Мәдени және жалпы адамзатқа қажетті байланыстар дамып, жетіле түседі.
Көрмелер өткізудің ең жағымды тұсы жаңа фирмалар, техника мен технологиялар, тауарлар әкелу. Көрмелерде неғұрлым көптеген тауарлар көрсетілген сайын және елге әкелген сайын, нарықтағы тауарлардың сапасы артып, шынайы бәсеке пайда болады.
«Атакент» көрмесіне қатысқан шетелдік компаниялар уақыт өткен сайын өз өкілдіктері мен филиалдарын еліміздің түрлі қалаларында ашады. Мұның өзі көрмелердің өзара тиімді тікелей байланыс орнатуда, маркетинг зерттеулерін өткізудегі пайдалы тұсын атап көрсетеді. Соңғы он шақты жыл аясында 500-дей халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткізу арқылы 1000-нан астам бірлескен компаниялардың құрылуына тиімді ықпал етті.