Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Мәдениет және спорт МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ



Ауданның мұрағат қызметі туралы


Бүгінгі уақытта әлемдік қоғамның ақпараттану процессі қарқынды дамуда және бүкіл әлемдік біріңғай кеңістік ақпаратты нысаналарын құруына алып келеді. Бұл процесс ақпараттың алмасу жылдамдығына, мұрағатты ақпараттың толық және анық-қанықты сыйымдылығына  және мемлекеттік мұрағат ақпараттарына байланысты.
1991 жылы Совет Одағы құлап, егеменді Қазақстан  мемлекеті құрылғаннан кейін Республикамыздың мұрағатында жаңа даму сатысы басталды. Демократиялық қоғамның дамуы үшін жеке тұлғаның құқығын сақтау, қоғам мен мемлекеттің ақпаратқа қол жеткізуі және бұл кепілденіп бекітілген болуы тиіс. 
               Қазақстан Республикасында 1998 жылы 22 желтоқсанда “Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар” туралы заңы қабылданды. Біздің мемлекет бұрынғы Совет Одағы кеңістігіндегі мұрағат қызметі туралы заң актісін қабылдаған бірінші мемлекет болды.         Бұл заң қалыптастыру саласында қоғамдық қатынастарын және Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының сақталуы мен пайдалануын реттейді. 
                   Қоғамның дамы  көшу кезеңінде мекемелердің үздіксіз процессті түрде  жабылуы мен өзгерудің алдында мекемелердің, ұжымдардың және мемлекеттік мұрағатта сақтауда жатқан  іс-қағаздарды тапсыру мәселесі өзекті болды.
            Аудан мұрағатының негізгі қызметі жеке құрамдағы барлық жеке меншіктердің жоюылуына қатысты құжаттарды топтастыру, заң қызметкерлері мен жеке азаматтардың еңбек қызметі туралы сұраныстарын қорғау сақтау және қанағаттандыру.
                  Бостандық ауданының мұрағатында жеке құрамдық құжаттардан басқа аудандағы мемлекеттік нотариалды кеңселердің жабылуына қатысты құжаттар да сақталады.

Сатып алу және сату келісім шарттарын, сыйға қалдыру растайтын мұрағат анықтама қағазын, үйге және жер учаскісіне мұрагерлік құқылы куәлігін алу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет :

  • Иегер  куәлігі немесе сенімді кісінің куәлігі;
  • №2 форма анықтамасы. Ол Төле би көшесінің  175 үйде орналасқан Алматы қаласы жылжымайтын мүлікті тіркеу орталығынан алынатын жеке мүлікке құқылы екендігін анықтайтын қағаз. Бұл орталықтың байланыс телефоны - 8(327)292-70-84.
  • Алматы қаласы Қарасай батыр көшесінің 109 үйде, тел.8(327)292-70-84 орналасқан “Алматы қаласы ҚІІБ-ң табылған заттар бюросынан” алынатын анықтама қағазы.

Мұрағаттан “Мұрагерлікке қалдыру” анықтамасын алу үшін келесі құжаттардың  түп нұсқасы мен көшірмесі қажет.

  • Мұрагердің жеке куәлігі;
  • Мұрагерлік қалдырушының өлімі туралы куәлік;
  • Мұрагерлік құжаттың түп нұсқасы.

Бостандық ауданы мұрағаты Алматы қаласы Бабаев көшесі 33 үйде орналасқан, (Розыбакиев көшесінің киылысы). Байланыс телефоны: 8(327)248-67-35.