Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әлеуметтік сала ӘЛЕУМЕТТІК САЛА



Жағдайы төмен азаматтарға берілетін көмек


Жағдайы төмен азаматтар мен отбасыларына берілетін жәрдемақы тек Алматы каласында тұратын азаматтары мен отбасыларына беріледі.
2005 жылғы 29 шілде айындағы 172 нөмірі бойынша, Алматы қалалық Маслихатының 16 сессиясы шешімі негізінен, Алматы қаласында тұратын  жағдайы төмен азаматтарға жәрдемақы тағайындалды.
Оған жәрдемақы алушы азаматтың кала тұрғынын растайтын құжат және өз атында жеке тұрғын үйі болуы тиіс.Осы тұрғын үй төлем ақылары мен коммуналдық төлем ақылары әлеуметтік деңгейден 20 % асып кеткен жағдайда ғана  жәрдемақы тағайындалады.
   Бұл жәрдемақыны алу үшін төмендегі құжаттар қажет:
1. Тұрғын үй тіркеу кітапшасы ( көшірмесі)
2. Тұрғын үй төл құжаты (келісім шарт, жекелендірілген, сыйлыққа қалдырған құжаттар).
3. Айлық табысы туралы анықтама:

  • Зейнеткерлерге зейнеткер куәлігінің көшірмесі
  • Зейнеткер жасына толмаған мүгедек жандардың зейнеткер куәлігінің

көшірмесі және мүгедектік туралы анықтама қағазы;

  • Жұмыс жасайтын азаматтарға соңғы 3- ай айлық табысы туралы анықтама;
  • Жоғары оқу орындарында, колледждерде, мектепте оқитындарға оқу

орынынан анықтама;

  • Жұмыссыз азаматтарға жұмыспен қамту бөлімінен анықтама қағазы;
  • Жалғыз басты аналарға ӘАЖКК-дан № 15 анықтамасы мен баланың туу туралы куәлігі;

4. Соңғы 3 айдағы төленген пәтер ақы көшірмесі (коммуналдық қызметі, су, жарық т.б,);
5. Өтініш берушінің жеке куәлігі;
6. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

7. Есеп шот аударатын банктің және жеке есеп шот нөмірі.

Осы аталған барлық құжаттардың түп нұсқасы болуы шарт.

Құжаттар әр айдың 1- нен  20 –сы аралығында қабылданады.

Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің тұрмыс қажетіне берілетін жәрдемақы.

    Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы №2247 шығарған жарлығына сәйкес, Алматы қалалық Маслихат  сессиясының шешімі бойынша, 2005 жылдың 28 қаңтарынан бастап Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектерінің тұрмыс қажеттілігіне қосымша жәрдемақы тағайындалды.

    Тұрмыстық жәрдемақы алу үшін тіркеуден өтуге тиісті құжаттар реті төмендегідей:
1.Өтініш
2.Жеке куәлік (түп нұсқасы)
3.Тұрғын үй тіркеу кітапшасы (көірмесі)
4. Ұлы Отан соғыс ардагер куәлігі (көшірмесі)
5. Мүгедектігін растайтын анықтама қағазы (көшірмесі)

Туындаған сұрақтар бойынша Бостандық ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама басқаруына хабарласуыңызға болады. 
Мекен-жайы: Алматы қаласы Жандосов көшесі 2 үй 120 кабинет
Қабылдау күндері: сағ. 9.00-16.00 Дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі.
Байланыс телефоны: 8(327)247-16-49