Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әлеуметтік сала ӘЛЕУМЕТТІК САЛА



ҰОС қатысушылардың еңбек өтілін анықтау


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жыл 24 мамырдағы №499 « Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 31 қаңтарындағы № 61 қаулысына енгізілетін өзгерістері мен толықтырылулары туралы» қаулы

19-1 Қ Жұмыс өтілін белгілеу арнайы комиссия күшімен бір кәсіпорында, ұжымда, колхозда және тағы сондай жерде бірге жұмыс істеген бір куәнің өзі сол кезде істеген жұмысы туралы құжаттар арқылы өтініш берушінің  істеген жұмысын мақұлдаған кезде ғана және зейнет ісінің мәліметінде зейнетақы тағайындау кезінде жұмыс өтілі ескерілген болса куәлардың сұрау салу хаттамасы негізінде іске асыра алады.

19-2 Қ Арнайы комиссия өз қалауы бойынша куәларды көрсетім мәлімдемеге шақыру немесе куәлардың жазбаша жауап көрсетулерімен ғана шектелу мүмкін, егерде олардың қойған қолы нотариалдық тәртіппен куәландырылған болса ғана.

19-3 Қ  Өтініш берушінің істеген жұмысы туралы құжаттар сақталмаған жағдайда, сонымен қатар өтініш беруші куәларды оның 22 маусым 1941 жылдан  9 мамыр 1945 жылға дейінгі істеген жұмысы туралы дерек ұсына алмаған жағдайда арнайы комиссия Ардагерлер кеңесінің өтінішіне сай белгілейді. Өтінішке құжатжай органдарының анықтамасы және ұжымның құжатжайының жоқтығы келесідей жағдайлар бойынша – сол ұжымдардың  негізгі қызметі мен жеке құрамы туралы ведомствалық сақталу сатысында сақталмаған және құжатжайға мемлекеттік сақтауға өткізілмегендігі туралы анықтамалар ұсынылады.Ондай жағдайда Ардагерлер кеңесінің өтінішіне өтініш беруші жұмыс істеген ұжымдармен мемлекеттік құжатжайды растайтын құжаттардың жоқтығы немесе ұжым орналасқан аумақтық әкімшілік орындарынан оның жойылғандығы туралы анықтама ұсынылуы тиіс.