Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әлеуметтік сала ӘЛЕУМЕТТІК САЛА



Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектер және жағдайы төмен азаматтарға берілетін көмек


Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірде шыққан «Қазақстан Республикасының  мүгедектеріне әлеуметтік қорғау» заңына сай және 2005 жылы 20 шілдеде шыққан Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 754 шыққан қаулысы бойынша мүгедектердің жеке сұрақтары негізінен келесі жандарға көмек беру туралы қаулысы қабылданды.
Олар:

  1. Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектерге;
  2. Ұлы Отан соғыс мүгедектерінің қатарына жататын азаматтар;
  3. Мүгедек балалар;
  4. І,ІІ,ІІІ  топтағы мүгедектер.

Оларға төмендегі аталған көмектер көрсетіледі.

  1. Ортапедиялық протезімен құралдарымен;
  2. Ортапедиялық протез салу көмегімен;
  3. Тифотехникалық құралдарымен;
  4. Сурдотехникалық құрал-жабдықтарымен;
  5. Шипажай мен курорттық емдеу көмегімен;
  6. Қозғалуға арналған арнайы құралдарымен;
  7. Тазалық гигиенасына қажетті заттармен көмек көрсетіледі.

Бұл көмекті алу үшін келесі құжаттар керек:

  1. Төл құжаты немесе жеке куәлігі;
  2. Ұлы Отан соғыс ардагері мен мүгедектікті растаушы куәлік;
  3. Зейнеткер куәлігі ( жеңілдікке құқығы бар деген ескертулері болуы шарт);
  4. Туу туралы куәлігі;
  5. Реабилитациялық жеке бағдарламасы

Алматы қаласы әкімшілігінің 2003 жылғы 23 сәуірде қабылдаған № 1/257 қаулысы бойынша Алматы қаласының жағдайы төмен азаматтарға көмек көрсету бағдарламасы бойынша көмек көрсетіледі.

Керек құжаттар:

  1. тұрғын үйдің тіркеу кітапшасы
  2. табысы туралы анықтама

2002 жылғы 28 қаңтарында № 1-73 шыққан Алматы әкімшілігінің « Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектерге қоғамдық көлікпен жүру жеңілдіктері» туралы қабылданған қаулысында Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық көлікпен тегін жүру билет жеңілдіктерімен қамтамассыздандырылды.
Сонымен қатар 2002 жылғы 29 қаңтарында №1/77 Алматы қаласы әкімшілігінің қаулысы бойынша жағдайы төмен жеке тұлғаларға ыстық су мен суық суды есептеу құралдарын тегін орнату үшін қаулы қабылданып шешілді. Ол үшін келесі құжаттар қажет:

  1. Тұрғын үй тіркеу кітапшасы
  2. Айлық табысы туралы анықтама

Туындаған сұрақьар бойынша Бостандық ауданының әлеуметтік қорғау бағдарламасы мен жұмыспен қамту орталығына хабарласуыңызға болады.
Мекен-жайы: Алматы каласы Жандосов көшесі 2 үй 117 кабинет
Байланыс телефоны: 8(327)247-04-46
Қабылдау күні:  сағат 9.00-16.00 Дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі