Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әлеуметтік сала ӘЛЕУМЕТТІК САЛА



Жұмыспен қамту «Жол картасы-2020» бағдарламасы


КММ «Алматы қалалық жұмыспен қамту орталығы» аудандық бөлімшесі мемлекеттік қолдау бойынша мынадай іс-шараларды қамтамасыз етеді:
- кәсіптік бағдарлау, кәсіп таңдауда көмек, оқыту және жұмысқа орналасу мәселелері жөніндегі консультациялар, психологиялық бейімдеу бойынша көрсетілетін қызметтер;
- стипендия төлей отырып, біліктілікті арттыру, кәсіптік даярлау және қайта даярлаудың тегін курстарына жіберу;
- лайықты бос жұмыс орындарын іздеуге және жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасына орналастыруға жәрдемдесу.
 Әлеуметтік жұмыс орны – жұмыс беруші шығындарының жартылай өтемақысымен олардың еңбекақысын төлеуіне халықтың нысаналы топтарынан Қазақстан Республикасы азаматтарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушінің жергілікті атқарушы органмен келісім шарт негізінде құрған жұмыс орны. жұмыс берушілер құрған әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан Бағдарламаға қатысушылардың жалақысын мемлекеттің ішінара субсидиялауы жұмысқа орналасқан күннен бастап 12 ай ішінде жүзеге асырылады. 2014 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан Бағдарламаға қатысушылардың жалақысына берілетін ай сайынғы субсидия мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдер есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескере отырып, бекітілген жалақы мөлшерінің 35 %-ын құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспауға тиіс.
 - Жастар іс тәжіребиесіне жолдама Жастар іс тәжірибесі уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылған және мынандай ерекшеліктерге ие: 1) Жоғары оқу орындары, колледждер және лицейлер түлектерін меңгерген мамандығы бойынша бастапқы тәжiрибе жинақтау үшiн жастар тәжірибесіне бағыттау қарастырылған. 2) Жастар іс тәжірибесіне қатысушыға қаражат мемлекет бюджеті есебінен төленеді; 3) Жұмыс орындар саны шектелмеген, жұмыс уақытша түрде және оны ұйымдастыру үшін бос тұрақты жұмыс орындар пайдаланылмайды. 4) Бағытталған түлектер уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген және жасы 29 аспайтын Жастар тәжірибесіне қатысушыларға жалақы субсидиялау 6 ай жүзеге асырылады. Жастар тәжірибесіне қатысушыға төленетін жалақы сомасы 18 АЕК ні құрайды. Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқыту мыналарды қамтиды: 1)Кәсіптік даярлау-кәсіби (мамандығы) жоқ, кәсіп (мамандық) игеруді және сол кәсібі (мамандығы) бойынша жұмыс істеуді қалайтын адамдарды, еңбек нарығында сұранысқа ие емес кәсібі (мамандығы) бар, жаңа кәсіп (мамандық) игеруді және сол кәсібі (мамандығы) бойынша жұмыс істеуді қалайтын адамдарды кәсіптік даярлайды. 2) Егер Бағдарламаға қатысушыларға кәсібі (мамандығы) бойынша лайықты жұмыс ұсыныла алмайтын болған немесе олардың белгілі бір кәсіптер (мамандықтар) бойынша жұмысты орындауға қабілеттілігі жойылған жағдайда, жаңа кәсіптер (мамандықтар) меңгеру мақсатында қайта даярлайды ( 3 ай ) 3) Кәсіби шеберлігін жетілдіру, анағұрлым жоғары разряд (сынып, санат) алу, өндірістік қажеттілікті ескере отырып, прогрессивті техника мен технологияны зерттеу және игеру мақсатында біліктілігін арттыруды ( 2 ай ) қамтиды. Егер Сіз өзіңіздің ішінара қамтылған қызметкерлеріңізді қажетті қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарын оқытқыңыз келсе келсе немесе әлеуметтік жұмыс орны мен жастар іс тәжірибесіне ашық бос жұмыс орындарын ұй»ымдастырғыныз келсе мына мекен жайға өтінім тастауыңызға болады. Мекен жайымыз: Мақатаев көшесі 117 үй, Масанчи көшесінің қиылысы. Анықтама телефондары: 279-31-87, 879-43-83, 392-22-93.