Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әлеуметтік сала ӘЛЕУМЕТТІК САЛА



"Өрлеу-2017" Жобасы


Шартты ақшалай көмектің «Өрлеу» жаңа жобасы (ШАК) – халықтың аз қамтылған санатын әлеуметтік қолдау бағдарламасы

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында атаулы әлеуметтік көмек көрсету механизімін жетілдіру мақсатында және «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарын жүзеге асыру барысында Алматы қаласында  2015 жылдан бастап шартты ақшалай көмек «Өрлеу» пилоттық жобасы (ШАК) -  халықтың аз қамтылған санатын әлеуметтік қолдау бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Мемлекеттің «Өрлеу» пилоттық жоба бастамасын енгізудің мәні, аз қамтылған халыққа берілетін пассивті ақшалай көмекті активті түрде қолдау, осылайша оларды өзін-өзі қамтамасыз ету дәрежесіне шығару болып табылады. Бірінші кезекте бұл санатқа атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы алушылар жатады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 04 наурыздағы №133 қаулысымен бекітілген облыстық бюджеттердің, Астана мен Алматы қалалары бюджеттерінің 2016 жылға арналған республикалық бюджеттен «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы ережеге сәйкес, «Өрлеу» жобасы бойынша отбасына көрсетілетін көмек шарттастырылған болып табылады. Яғни, отбасы өзінің әлеуметтік белсенділігін арттыру шарттарын орындаған жағдайда ғана қаржылай жәрдем алады. Ол дегеніміз, еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің (адамның) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы,  «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында жұмысқа тұруы, оқыту және  қайта оқыту курстары, ақылы қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуы болып табылады.

Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға, отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өткен және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда, оны қосымша алты айға дейін ұзарту мүмкіндігімен жасалады.

Отбасының белсенділігін арттырудың  әлеуметтік келісімшарты ұзартылған жағдайда, ШАК мөлшері қайта қаралмайды.

Шартты ақшалай көмек отбасының бір мүшесіне жан басына шаққан орта табыс пен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы (01.04.2016 жылғы жағдай бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері – 23 187 теңге, бұл көрсеткіш тоқсан сайын өзгереді). арасындағы айырмашылық  түрінде жан басына шаққан орта табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен отбасыларға айына төленеді. Жан басына шаққан орташа табыс ШАК тағайындауға өтініш білдірген айдың алдындағы үш айда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісім-шарты қолданылатын мерзім ішінде қайта қаралмайды.

Отбасының құрамы өзгерген жағдайда, ШАК мөлшері көрсетілген мән-жайлар басталған кезден бастап, бірақ оны тағайындаған кезден кейін ғана қайта есептеледі.

 Жобаның ережесі бойынша пилоттық іске асыру кезеңінде аз қамтылған отбасы жобаға ерікті түрде қатысады.

Үміткер «Өрлеу» жобасына қатысу үшін жеке өзінің немесе отбасының атынан тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға өтініш береді.

Уәкілетті орган немесе ассистент үміткер өтініш білдірген күні оған «Өрлеу» жобасына қатысу шарттары туралы кеңес береді. Үміткер «Өрлеу» жобасына келісім берген жағдайда бөлім маманы немесе ассистент әңгімелесу жүргізеді.

Әңгімелесу жүргізу кезінде:

1) ШАК алу негіздемесі;

2) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына мұқтаждығы;

3) жеке мұқтаждықтарын ескере отырып, отбасы мүшелеріне олардың әлеуметтік бейімделу шаралары айқындалады.

Әңгімелесу нәтижелері бойынша орталық атқарушы орган бекітетін нысан бойынша әңгімелесу парағы ресімделеді.

Әңгімелесу парағына қол қойған үміткер «Өрлеу» жобасына қатысуға өтініш пен орталық атқарушы орган бекітетін нысандарға сәйкес отбасылық және материалдық жағдайы туралы сауалнама толтырады, оған мынадай құжаттарды қоса береді:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) орталық атқарушы орган бекітетін нысан бойынша отбасы құрамы туралы мәліметтер;

3) отбасы мүшесіне қамқоршылықтың (қорғаншылықтың) белгіленгенін растайтын құжат (қажет болған жағдайда);

4) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат немесе мекенжай анықтамасы;

5) жеке қосалқы шаруашылығы туралы мағлұмат

ШАК жобасына қатысу үшін өтініш беруші тіркеуі бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламлар бөліміне баруы керек 

Бостандық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламлар бөлімі, Алматы қаалсы Жандосов көшесі, 2, Байзаков көшесі қиылысында.   Байланыс телефоны: 392-22-95,392-24-13.