Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әлеуметтік сала ӘЛЕУМЕТТІК САЛА



Мүгедек балалы отбасыларына берілетін жәрдем ақы


Үйде тәрбиеленіп оқылатын мүгедек балалардың отбасыларына берілетін жәрдемақы.

Алматы қаласы әкімінің 2002 жылы 17 маусымдағы №3/390 қаулысы негізінен «Үйде тәрбиеленіп оқылатын мүгедек балалардың отбасыларына берілетін жәрдемақы» тағайындау бойынша жәрдемақы келесі ережеге сай тағайындалады:

  • 18 жасқа толмаған мүгедек баланы үйде тәрбиелеп оқытатын отбасыларына беріледі;
  • Бұл жәрдемақы Алматы қаласы Білім Департаментінің үйде оқуға қажеттілігін растайтын анықтама мен қалалық психология-медицина-педагогикалық комиссия мүшелерінің шешімі бойынша берілген анықтама негізінен беріледі.

  Жәрдемақы тағайындау үшін келесі құжаттарды қажет етеді:

  • Өтініш
  • Туу туралы куәлік
  • Аумақтық әлеуметтік жұмыссыздықпен қамту орталығының шешімімен берілген акт ( көшірмесі)
  • Алматы қалалық Білім Департаментінің психология-медицина-педогогикалық комиссияның шешімі бойынша берілген анықтама қағазы
  • Отбасы мүшелерінің тіркелген кітапшасы ( мекен-жайы туралы анықтама)

Жәрдемақы айлық табыс көрсеткішінің  6,5 % пайызын құрайды және ол әр тоқсан сайын беріледі ( 1 тоқсанда 3 ай бар).
Егерде Жәрдемақы бірінші рет тағайындалса,онда ол өтініш берген күннен есептеледі.

Сұрақтар бойынша Бостандық ауданының жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарлама басқармасынабайланысуыңызға болады. 
Мекен-жайы: Алматы қаласы Жандосов көшесі 2 үй 122 кабинет
Байланыс телефоны: 8(327)247-19-49
Қабылдау күндері:  сағ. 9.00-16.00 дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі.