2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әлеуметтік сала ӘЛЕУМЕТТІК САЛА



«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия туралы ереже


1. Жалпы ережелер

  1. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) орталық мемлекеттік органдар басшыларының және Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия мүшелерінің қатарынан қалыптастырылады.
  Комиссияның лауазымдық құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
  2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның міндеттері мен құқықтары

  3. Комиссия міндеттері мыналар болып табылады:
  1) «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағына үміткерлердің (бұдан әрі – Үміткерлер) материалдарын қарау;
  2) жалпыға бірдей интерактивті және телефонмен дауыс беру қорытындысы бойынша «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) жеңімпазын (бұдан әрі – Конкурс лауреаты) анықтау;
  4. Комиссияның:
  1) мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасауға;
  2) Конкурсты ұйымдастырушылардан Комиссия міндеттерін іске асыру үшін қажетті қосымша материалдарды сұратуға және алуға;
  3) Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға қажетті өзге құқықтарға құқығы бар.

3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

  5. Комиссия құрамына мыналар кіреді:
  1) Комиссия төрағасы;
  2) Комиссия төрағасының орынбасары;
  3) Комиссия хатшысы;
  4) Комиссия мүшелері.
  6. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарда төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның қызметін орынбасары атқарады.
  Конкурспен көзделген дипломды және айрықша белгіні (мүсінше) Комиссия төрағасы бекітеді.
  7. Комиссия хатшысы Комиссия мүшелерінің қарауына жұмыс органы дайындаған құжаттар мен материалдарды ұсынады.
  8. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
  9. Комиссияның жұмыс органына мынадай функциялар жүктеледі:
  1) бұқаралық ақпарат құралдары және Конкурсты ұйымдастырушылардың ресми веб-сайттары арқылы Конкурсты өткізудің мерзімдері мен шарттары туралы хабарлау;
  2) Конкурсқа қатысу үшін үміткерлерден түскен материалдарды қабылдау және алдын-ала қарастыру;
  3) Комиссия отырыстарын дайындау және ұйымдастыру;
  4) Конкурс лауреаттарын марапаттау салтанатын ұйымдастыру;
  5) Конкурс лауреаттарының тәжірибесін таратуға жәрдемдесу.
  10. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, алайда жарты жылда бір реттен сиретпей өткізіледі. Комиссия отырысы оған оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды деп саналады.
  11. Конкурс лауреаты атағын беру туралы Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді және оған Комиссияның барлық қатысып отырған мүшелері қол қояды.
  Комиссия шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
  12. Конкурс материалдарында қамтылған және бағалау барысында алынған ақпарат құпия болып табылады және үміткерді бағалаудан өзге мақсаттарға оның жазбаша келісімінсіз пайдаланыла алмайды.
  13. Комиссияның қызметін тоқтату туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.

Қазақстан Республикасы 
Президентінің 
2012 жылғы "__" тамыздағы 
№ Жарлығымен 
БЕКІТІЛГЕН  

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру
жөніндегі комиссияның лауазымдық құрамы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның төрағасы

төраға

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі

төрағаның орынбасары

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның хатшысы

Комиссия хатшысы

Комиссия мүшелері:

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның 5 мүшесі