Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әлеуметтік сала ӘЛЕУМЕТТІК САЛА



Бостандық ауданы әкімі аппаратының Әлеуметтік сала бөлімінің 2017 ж 9 айында атқарған жұмысы туралы есебі


Жұмыспен қамту

Қазақстан Республикасы Үкіметі № 919, 29.12.2016 ж бекіткен 2017-2021 жылдар аралығында Нәтижелі жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті іске асыру  2017-2021ж бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізіледі: жұмыссыздар, тұрмысы төмен  адамдарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау санатын жоғарылату, жастар іс-тәжірибесі және әлеуметтік жұмыс орындары бойынша күнделікті ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.Апта сайын бос жұмыс орындарын құру, жас мамандарды жұмысқа  орналастыру бойынша бақылау жүргізіледі.

2017 жылдың 9 айында әлеуметтік жұмыс орындарына (республикалық бюджет) 32 қатысушысы жіберілді, игеру жоспары 83 адамды құрайды. Қәзіргі уақытта 25 мекемеде (ұйымда) 47 адам жұмыс істеуде. 2017 жылы игерілетін сомманың жоспары 11 918 000 теңге, бүгінгі таңда игерілген сомма 7 990 227 теңге (49,39%)

          Әлеуметтік жұмыс орындарына (жергілікті бюджет) 32 адам жолдама алды, жылдық жоспар 72 адам.  Жылдың басынан бастап – 3 858 121 тенге игерілді, жоспар бойынша– 24 700 000 тенге, 44,4% құрайды.

        2017 жылдың 9 айында жастар іс-тәжірбиесіне 93 адам жіберілді, жоспар бойынша 250 адам. 2017 жылы игерілетін  сомманың жоспары – 43 588 256 теңге, бүгінгі таңда игерілген сомма 17 954 711 теңге.        

             Қоғамдық жұмысқа 311 адам жіберілді, жылдық жоспар бойынша 390 адам. 2017 жылы игерілетін сомманың жоспары 53 085 000 тенге, бүгінгі таңда игерілген сомма 25 823 834 теңге (79,74%).

       Жұмыспен қамту орталығына жылдың басынан бастап 676  адам жұмыссыз ретінде тіркелді.

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап   Алматы қаласының әкімі мен Еңбек және Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау министрі арасындағы  2014 жылдың 17 қаңтарынын №1 қосымша келісіміне сәйкес республикалық бюджетте көзделген нысаналы трансферттер арқылы  1254 адам - ​​тұрақты жұмыс орны бағытталған. (мемлекеттік қолдау шаралары жоқ) жоспар бойынша 1820 адам.

 

Халықты әлеуметтік қорғау

Алматы қаласының әкімдігі қаулысымен қабылданған «Алматы қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму Бағдарламасын» басқа да заңнамалық актілерді басшылыққа ала отырып, әлеуметтік сала бөлімі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік сала бөлімімен бірігіп 2017 жылдың 9 айында ауқымды жұмыстар атқарылды.

Аз қамтамасыз етілген 17 отбасына 60 адамға жалпы сомасы 500.790-00 теңгені құрайтын әлеуметтік көмек тағайындалды.

Тұрмыс деңгейі төмен 656 адамға тұрғын-үй көмегі көрсетілді, жалпы сомасы 4 292 470-00  теңгені құрайды.

Бір жолғы материалдық көмекке 212 адам ие болды, төленген қаражаттың жалпы сомасы 4 061 111 теңгені құрайды. Туберкулез ауруымен ауыратын азаматтарға  жыл басынан 33 адамға 1 660 588 теңге жәрдемақы төленді. Ұлы отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне 4 927 298

Жыл басынан 1323 зейнеткерге 15 883 теңгеден, жалпы соммасы 40 406 352 теңге жәрдемақы төленді.

18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы 85 отбасына тағайындалды, тізімде 198 бала тіркелген, балалар жәрдемақысының төлемдер сомасы 935 700 теңгені құрап отыр.

Бөлімде мүгедектерді техникалық қосымша құралдармен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.

2016 жылдың есептік кезең ішінде мүгедектерге бөлінген құралдармен қамтамасыз етілген адам саны:

1. 254 мүгедекке  жеке көмекшілер  қызметі көрсетілді;

2. ымдау тілі мамандары 46 мүгедекке қызмет көрсетті;

3. көру мүмкіндігінен айрылған мүгедектерден тифлотехникалық құралдармен  қамтамасыз етуге 48 адамнан өтініш қабылданды;

4. сурдотехникалық құралмен қамтамасыз етуге 50 мүгедектен өтініш қабылданды;

5.  мүгедектер арбасымен қамтамасыз етуге 108 өтініш қабылданды;

6. 645 мүгедектен санитарлы – гигиеналық құралдарына өтініш қабылданды;

7. санаториялы-курортық емдеу мақсатында 485 мүгедек арыз берді;

8. “Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу Ережелеріне” сәйкес 71 отбасынан жәрдемақы рәсімдеуге арыз қабылданды;

9. протезді Ортопедиялық орталыққа тапсырыс беруге 330 мүгедекке жолдама берілді.

          Бүгінгі күні Бостандық ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде үйде әлеуметтік көмек көрсету 2 бөлімі қызмет атқарады, онда 135 бала тіркелген.

Ауданда зейнеткерлік жасына келген қарттарға және мүгедектерге үйде қызмет көрсететін 5 бөлімше жұмыс істейді. 405 егде адамға 53 адам қызмет көрсетеді, соның ішінде 48 әлеуметтік қызметкер және 5 бөлімшенің меңгерушісі жұмыс атқарады. 405 егде адамның ішінде ҰОС мүгедегі – 6 адам, ҰОС қатысқандар саны – 5 адам, тылда еңбек еткен ардагерлер - 212 адам, мүгедектер саны 63 адам және 104 зейнеткер.

                                                                         

 

Мерекелік іс-шаралар

 

9 мамыр– Жеңіс күніне 71 жыл

2016 жылдың 01 мамырынан бастап ауданда 4 382 ардагерлер турады, оның ішінде: Ұлы Отан соғысының қатысушылары – 107 адам және Ұлы Отан соғысының мүгедектері - 33 адам, Ұлы Отан соғысының тыл еңбеккерлері –     4 204 адам, кәмелет жасқа толмаған неміс басқыншыларының тұтқындары – 7 адам, Ленинград қаласының Блокадниктері – 24 адам, еркін жалдамалы әскері тұлғалар – 7 адам.

2016 жылдың 05 мамырында «Әлеуметтік тұрғын үй» мекемесінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тылда еңбек еткен ардагерлерге салтанатты түскі аспен бірге концерттік бағдарлама және мерекелік сыйлықтар табыс етілді.

2016 жылдың 06 мамырында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына және Отан қорғау күніне орай Бостандық ауданы әкімі аппаратының үлкен залында Е. Зуслиннің басшылығымен «Романтик» тобының қатысуымен мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша қорғаныс ісі жөніндегі басқармасының, Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының, Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің ішкі әскерлері 5571 әскери бөлімінің қызметкерлеріне аудан әкімінің Құрмет грамотасы және алғыс хаты табыс етілді.

Концертке 250 тылда еңбек еткен ардагерлер, белсенді ардагерлер, солдаттар, Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша қорғаныс ісі жөніндегі басқармасының қызметкерлері, Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының студенттері шақырылды.

2016 жылдың 03-07 мамырында аудан депутуттар 171 Ұлы Отан соғысының ардагерлерін және мүгедектерін, кәмелет жасқа толмаған неміс басқыншыларының тұтқындарын, Ленинград қаласының Блокадниктерін үйлеріне барып мерекелік сыйлықтар табыс етті.

2016 жылдың 06 мамырында Бостандықауданы соттың төрағасы 5 Ұлы Отан соғысының ардагерлерін үйлеріне барып мерекелік сыйлықтар табыс етті.

2016 жылдың 08 мамырында Бостандықауданы әкімі аппаратының қызметкері 140 Ұлы Отан соғысының ардагерлерін және мүгедектерін үйлеріне барып Алматы қаласы әкімінің атынан мерекелік сыйлықтар табыс етті.

2016 жылдың 09 мамырында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына орай 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағында Мәңгі жалынға гүлшоғы қойылды. Іс-шараға 100 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, тылда еңбек еткен ардагерлер, Ленинград қаласының Блокадниктері, неміс басқыншыларының тұтқындары қатысты.

2016 жылдың 09 мамырында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына орай Бостандық ауданына қосылған участкелер: Үлкен Алматы ауылдық округінде (гүл бақ) аудандық іс-шара өтті. Онда Стелла жалынға 150 ардагерлер гүлшоғы қойылды.

2016 жылдың 09 мамырында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына орай аудандық мереке «Атакент» сауда көрме орталығында орналасқан «Бақшысарай» мейрамханада өткізілді. Онда ардагерлермен салтанатты түрде сәлемдему, әскери-патриоттық топтың салтанатты шеруі өткізіліп, 535 ардагерге арналған майдандық 100 грамм, жауынгерлік ботқа берілді және мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

2016 жылдың 09 мамырында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына орай Бостандық ауданына қосылған участкелер: Үлкен Алматы ауылдық округінде «Бейбарыс» мейрамханада аудандық іс-шара өтті. Онда концерттік бағдарламалар және 120 арадагерлерге мерекелік дастархан жайылды, оқушылардың қатысуымен концерт ұйымдастырылды.

2016 жылдың 05-09 мамырында Бостандық ауданының мейрамханаларында 80 тылда еңбек еткен ардагерлер үшін қайырымдылық түскі ас ұйымдастырылды  («Династия», «Ассорти-Казан», «Марс»).

2016 жылдың 03-07 мамырында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына орай Бостандық ауданындағы мектептерде ардагерлер үшін қайырымдылық акциялар және тематикалық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Әрбір мектепте шығарма жазу бойынша конкурстар өткізілді, мектеп кітапханаларынының сөрелерінде әскери тақырыптағы әдебиеттер шығарып қойылды, ашық сабақтар өткізілді, 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағында Мәңгі жалынға гүлшоғы қоюға арналған экскурсия ұйымдастырылды. Аудандық «Ұлан» әскери-спорттық жарысы өтті және қалалық жарыста №88 мектеп-гимназиясының командасы жеңімпаз атанды.

Әрбір жоғары орта оқу орындарында және орта оқу орындарында концерттік бағдарламалар және қайырымдылық көмек көрсету бойынша салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылды.

Барлық мерекелік күндері 1440 ардагерлерге көңіл бөлінді: 140 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне көңіл бөлінді, сонысен қатар Бостандық ауданына қосылған аумақтардан 1357 тылда еңбек еткен ардагерлер, 7 кәмелет жасына толмаған неміс басқыншыларының тұтқындары, 24 Ленинград қаласының Блокадниктері қамтылды.

725 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Афган соғысының ардагерлерге, қайтыс болған  Афган соғысының ардагерлердің аналарға 36 510 000 теңге материалдық көмек көрсетілді.

Мерекелік азық түлік кәрзеңкелері 568 ҰОС ардагерлеріне, неміс басқыншыларының тұтқындарына, Ленинград қаласының Блокадниктеріне, тылда еңбек еткен ардагерлерге 2 272 000 теңге сомасына берілді. Аудандағы  мейрамхана мен кафелерде 967-тен астам адам 3 868 000 теңге сомасына қабылдады. Барлық сомасы 6 140 000 теңге болды.

Сонымен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына орай мерекеге жалпы сомасы 42 650 000 теңгені құрайды.

 

«1 маусым Халықаралық баларды қорғау күні»

 

1.    2016 жылдың 31 мамырында «Мир фантазий Алматы» саябақта Халықаралық баларды қорғау күніне орай ауданда іс-шара өтті. Ауданның 400-ден астам балаға арналған мерекелік концерт ұйымдастырылып, тәтті тағамдар, сусындар және балмұздақтары таратылды және ақысыз аттракцион ұсынды. 100 мүгедек-балаларға ауданының әкімшілігі тәтті-дәмді үстел және жұмсақ ойыншықтарды сыйлады.

   2. 2015 жылдың 1 маусымында сағат 10.00-да  орталық мәдениет саябағында өткен қалалық «Халықаралық баларды қорғау күнін» мерекелеуге арналған іс-шараға 100 бала қамтылды.

3. 2015 жылдың 2 маусымында «Мега-Алматы» ойын-сауық орталығындағы «Happylon» ойын-сауық саябағында 200 көпбалалы отбасылардың балалары мен аз қамтылған отбасылардың балаларыүшін ақысыз аттракциондарда ұйымдастырылды.

4. 2015 жылдың 1 маусымында сағат 11.00-де «Мега-Алматы» ойын-сауық орталығындағы «Star-Cinema» кинотеатрында, «Алматы-Тауэрс» бизнес орталығында «Sinema Towers 3D» кинотеатрында, «Алмалы» ойын-сауық орталығындағы «Bekmambetov Cinema» кинотеатрында, «Есентай Молл»  сауық орталығындағы «Kinopark 11 IMAX» кинотеатрында және «АДК» ойын-сауық орталығындағы «Chaplin Cinemas» кинотеатрында 650 көпбалалы отбасылардың балалары мен аз қамтылған отбасылардың балалары үшін ақысыз мультфильмдер көрсету жұмыстары ұйымдастырылды.

5. 2015 жылдың 1 маусымында сағат 16.00-да Қазақ мемлекеттік циркінде 500 көпбалалы отбасылардың балалары мен аз қамтылған отбасылардың балалары үшін қайырымдылық қойылымдарын көрсетті.

                           «Халықаралық медбикелер күні»

 2017 жылдың 17 маусымында Бостандық ауданы аппаратының мәжіліс залында «Халықаралық медициналық қызметкерлер күні» мерекесіне орай салтанатты іс-шара өткізілді. Аудан әкімінің Құрмет грамотасымен денсаулық саласында қызмет атқарып келе жатқан 11 қызметкер және 18 қызметкер Алғыс хатпен марапатталды. 

Балалардың жазғы демалысы

 Бостандық ауданының балаларын жазғы демалуға көпбалалы отбасылардан, аз қамтылған отбасылардан, ауған соғысының ардагерлерінің балаларын, озат оқушыларды және түрлі олимпиадалардың жеңімпаздарын қосканда 200 бала «Юный домостроитель» лагеріне 2017 жылдың 6 мен 12 маусымы аралығында жіберілді.

 Бостандық ауданындағы 30 мектепте мектеп жанындағы жазғы лагерлер ұйымдастырылды, оған 6 460 бала қамтылды. Оның ішінде: 11 мектеп ыстық тамақ беріледі, онда 1 370 бала қамтылған, 15 мектеп тамақсыз, онда 1 700 бала қамтылған, 4 мектеп араласу ыстық тамақ пен тамақсыз. 3 390 балаларға ағылшын тілін оқуымен мектеп жанындағы жазғы лагерлер ұйымдастырылды.

 Алматы қаласы Білім басқармасы қала сыртындағы «Спутник» лагерге көпбалалы отбасылардың, аз қамтылған отбасылардың және жетім балаларға 420 жолдама ақысыз түрде берілді.

 

1 2