Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әлеуметтік сала ӘЛЕУМЕТТІК САЛА





                                «1 маусым Халықаралық баларды қорғау күні»

 1.  2016 жылдың 31 мамырында «Мир фантазий Алматы» саябақта Халықаралық баларды қорғау күніне орай ауданда іс-шара өтті. Ауданның 400-ден астам балаға арналған мерекелік концерт ұйымдастырылып, тәтті тағамдар, сусындар және балмұздақтары таратылды және ақысыз аттракцион ұсынды. 100 мүгедек-балаларға ауданының әкімшілігі тәтті-дәмді үстел және жұмсақ ойыншықтарды сыйлады.

2. 2015 жылдың 1 маусымында сағат 10.00-да  орталық мәдениет саябағында өткен қалалық «Халықаралық баларды қорғау күнін» мерекелеуге арналған іс-шараға 100 бала қамтылды.

3. 2015 жылдың 2 маусымында «Мега-Алматы» ойын-сауық орталығындағы «Happylon» ойын-сауық саябағында 200 көпбалалы отбасылардың балалары мен аз қамтылған отбасылардың балаларыүшін ақысыз аттракциондарда ұйымдастырылды.

4. 2015 жылдың 1 маусымында сағат 11.00-де «Мега-Алматы» ойын-сауық орталығындағы «Star-Cinema» кинотеатрында, «Алматы-Тауэрс» бизнес орталығында «Sinema Towers 3D» кинотеатрында, «Алмалы» ойын-сауық орталығындағы «Bekmambetov Cinema» кинотеатрында, «Есентай Молл»  сауық орталығындағы «Kinopark 11 IMAX» кинотеатрында және «АДК» ойын-сауық орталығындағы «Chaplin Cinemas» кинотеатрында 650 көпбалалы отбасылардың балалары мен аз қамтылған отбасылардың балалары үшін ақысыз мультфильмдер көрсету жұмыстары ұйымдастырылды.

5. 2015 жылдың 1 маусымында сағат 16.00-да Қазақ мемлекеттік циркінде 500 көпбалалы отбасылардың балалары мен аз қамтылған отбасылардың балалары үшін қайырымдылық қойылымдарын көрсетті.

                      «Халықаралық донор күні» және «Халықаралық медбикелер күні»

 2016 жылдың 16-17 маусым аралығында «Халықаралық донор күні» шеңберінде қан тапсыру бойынша акция өткізілді. Бостандық ауданы әкімінің аппараты мен аудандық салық комитетінің, басқа мекемелерден 41 қызметкері қан тапсырды, оның ішінде 6 адам Бостандық ауданы әкімінің аппаратының қызметкелері. Аталмыш акция рак ауруымен ауыратын балалардың өмір сүруіне қол ұшын беру үшін ұйымдастырылуда.

2016 жылдың 17 маусымында Бостандық ауданы аппаратының мәжіліс залында «Халықаралық медициналық қызметкерлер күні» мерекесіне орай салтанатты іс-шара өткізілді. Аудан әкімі Құрмет грамотасымен денсаулық саласында қызмет атқарып келе жатқан 11 қызметкерді және 18 қызметкерді Алғыс хатпен марапаттады.

 Балалар жазғы демалысы

 Бостандық ауданының балаларын жазғы демалуға көпбалалы отбасылардан, аз қамтылған отбасылардан, ауған соғысының ардагерлерінің балаларын, озат оқушыларды және түрлі олимпиадалардың жеңімпаздарын қосканда 200 бала «Юный домостроитель» лагеріне 2016 жылдың 6 мен 12 маусымы аралығында жіберілді.

Бостандық ауданындағы 30 мектепте мектеп жанындағы жазғы лагерлер ұйымдастырылды, оған 6 460 бала қамтылды. Оның ішінде: 11 мектеп ыстық тамақ беріледі, онда 1 370 бала қамтылған, 15 мектеп тамақсыз, онда 1 700 бала қамтылған, 4 мектеп араласу ыстық тамақ пен тамақсыз. 3 390 балаларға ағылшын тілін оқуымен мектеп жанындағы жазғы лагерлер ұйымдастырылды.

Алматы қаласы Білім басқармасы қала сыртындағы «Спутник» лагерге көпбалалы отбасылардың, аз қамтылған отбасылардың және жетім балаларға 420 жолдама ақысыз түрде берілді.

 Бостандық ауданы бойынша  «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясының ұйымдастырылуы мен өткізілуі туралы

Мемлекет Басшысының мектеп оқушыларының сабаққа толық қатысуын қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындауда барлық білім беру мекемелерінде «Мектепке жол» республикалық акциясы (бұдан әрі - Акция) жүргізіледі. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 2016 жылғы 19 шілдедегі №3-18-3/2509 хатын орындауда 2016 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Бақытты балалық шақ аумағы!» атты ұранмен жағдайы төмен отбасыларынан шыққан оқушыларға қолдау көрсетуге және балалардың 1 қыркүйекте әлеуметтік себептер бойынша мектепке келмеуінің алдын алуға бағытталған Акция жүргізіледі.

            «Мектепке жол»  қалалық  бағдарламасын іске асыру аясында:

10.08.2016ж. – Орталық - Мега сауда орталығында Бостандық ауданы бойынша аз қамтылған, көп балалы отбасылардың, сондай-ақ жетім және қамқорлықтағы балаларға 100 мектеп оқушыларына Акция аясында мектеп сөмкелері мен мектепке қажетті құрал - жабдықтар түрінде көмек көрсетілді.  "Мега-Орталығы" СО әкімшілігі Happylon-ға 100 оқушының тегін кіруін ұйымдастырды.  Кездесуге қатысқандар: Бостандық аудандық Әкім аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бердиев Мақсат Асқарұлы және Бостандық АББ  басшысы Жұманов Қайрат Ізбасарұлы. БАҚ өкілдерінен «Алматы» телеарнасы болды.

 19.08.2010ж. -"Атакент"  КЦДС АҚ Вице-президенті С. А Абдуллаев                  "№ 40 жалпы білім беретін мектеп" КММ-де балалармен кездесу өткізді. Барлық балаларға мектеп сөмкелері мен мектепке қажетті құрал - жабдықтар тапсырылды. Кездесуге Бостандық аудандық Әкім аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бердиев Мақсат Асқарұлы мен Бостандық АББ  басшысы Жұманов Қайрат Ізбасарұлы,  «Алма TV» телеарнасының өкілдері қатысты. Бостандық аудынының Web-cайтына «Құлақ қағыс» атты мақала жарияланды. Шараға барлығы 100 бала қамтылды.

 19.08.2016ж. - «Реалист» (Алма) сауда орталығымен  "№ 145 жалпы білім беретін мектеп" КММ-де балалармен кездесу өткізілді. Барлық балаларға мектеп сөмкелері мен мектепке қажетті құрал- жабдықтар тапсырылды. Кездесуге қатысқандар: Бостандық аудандық Әкім аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бердиев Мақсат Асқарұлы мен Бостандық АББ  басшысы Жұманов Қайрат Ізбасарұлы. Қамтылған балалар саны- 50.    

 18.08.2016 ж. –  " Береке " қайырымдылық қорының президенті Сүлейменов Бағдаш Қазбекұлы Алматы қаласы Білім басқармасымен бірлесе отырып,                      "№138 гимназия" КММ балаларымен кездесу өткізді. Барлық балаларға мектеп сөмкелері мен мектепке қажетті құрал- жабдықтар тапсырылды. Барлығы 14 бала қамтылды. Кездесуге қатысқандар: Алматы қаласы Білім басқармасының бас маманы Салижанов Тахиржан Турсынбаевич, БАҚ өкілдері- «Алматы» телеарнасы, «Кешкі Алматы», «Алматы ақшамы»,  BNews.kz.  газетінің тілшілері.

24.08.2016ж. –"№146 мектеп-лицей" КММ-де Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша "Нұр Отан" партиясының Бостандық аудандық филиалының қоғамдық кеңесі   төрағасы  "Азия эксперт" ЖШС құрылтайшысы Жамелов Фархад Мейрамовичпен бірлесе отырып ізгі бастамалардың акциясын өткізді,   демеушілік көмек ретінде мектеп сөмкелері мен  кеңсе керек-жарақтарын берді.  Барлығы – 21 оқушы қамтылды.

25.08.2016ж. -  –"№146 мектеп-лицей" КММ-де Бостандық аудан Әкімінің қатысуымен аудандық іс-шара өткізілді. Акцияға көп балалы, аз қамтылған, қамқорлыққа алынған отбасылар шақырылды.

       Әкім Торғаев Бекқали Нұрғалиұлы 30 оқушыға мектеп формасы мен кеңсе керек-жарақтарын тапсырды. Алматы қаласы № 19 округтың  Мәслихат Депутаты Азербаев Мухит Бакитовичоқушыларға  сөмкелер, рюкзактар және кеңсе тауарларымен демеушілік көмек көрсетті.  Барлығы  - 182 бала қамтылды. Кездесуге «Нұр Отан» партиясының Бостандық аудандық филиалының бірінші орынбасары, Білім бөлімінінің қызметкерлері,  Бостандық аудан Әкімінің аппараты және«Алматы» телеарнасының өкілдері қатысты.   

 25.08.2016ж. – «№ 21гимназия» КММ-де  «Кар-Тел» ЖШСКомпаниясы Білім күніне арналған және  әлеуметтік жағынан төмен  тұрғындар санатына жататын отбасы балаларын қолдауда  «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді.  Акцияға  № 21,51,69,138 мектептердің көп балалы, жағдайы төмен отбасыларының ата-аналары мен балалары шақырылды. Барлық балаларға мектеп сөмкелері мен мектепке қажетті құрал-жарақтар тапсырылды. Барлығы-15 бала.

 01.09.2016ж. –  «Шапито» Мәскеу циркі тегін  цирк қойылымын көрсетті. Шараға барлығы 100 бала қамтылды. Акцияға  көп балалы, аз қамтылған, қамқорлыққа алынған отбасылардың ата-аналары шақырылды. Іс-шараға қатысқандар: Білім бөлімінінің қызметкерлері, Бостандық аудан Әкімінің аппараты.

 22.09.2016ж. – «Нұр Отан» партиясының Бостандық аудандық филиалы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді. Акцияға  көп балалы, аз қамтылған, қамқорлыққа алынған отбасылардың ата-аналары шақырылды. «Нұр Отан» партиясының Бостандық аудандық филиалының өкілдері балаларға мектеп формасын тапсырды, қамтылған бала саны-25. Іс-шараға қатысқандар: Білім бөлімінінің қызметкерлері, Бостандық аудан Әкімінің аппараты.

    Сонымен қатар, Бостандық ауданындағы барлық мектептерде «Мектепке жол» Акциясы шеңберінде жетім, жағдайы төмен, көп балалы, қамқорлыққа алынған балаларға Жалпыға міндетті оқу қорынан мектеп формасы, кеңсе тауарлары түрінде көмек көрсетілді.  Жалпы қамтылған балалар саны- 514.

Бостандық ауданында өткен «Мектепке жол» Акциясының қорытындысы бойынша 01.08.2016ж. - 30.09.2016 ж. аралығында жағдайы төмен, көп балалы, жетім және қамқорлыққа алынған, жалпы 1296 балаға көмек берілді.  

 Қарттар күні қарсаңында ұйымдастырылған және өткізілген іс-шара туралы ақпарат

03.10.16 жылы «Рахат Палас» мейрамханасында Бостандық ауданының әкімі Торғаев Б.Н бастамасымен қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Аталған іс-шарада ауданның 70 жалғыз тұратын зейнеткерлер шақырылды. Залдағы қонақтарға арнайы сыйлықтар ұсынылып, оқушылар мерекелік бағдарлама жасап, жоғарғы буынға арналып өлеңдер оқылды, сонымен қатар, ардагерлер әскери әндерді шырқады.

2016 жылы, қазан айының 20 Бостандық ауданының әкім аппаратының ұйымдастыруымен, Қарасай ауданының аумақтарын қоса қамтып (Алатау, Нұрлытау, Көкшоқы, Ерменсай ауылы), қарттар мен ардегерлерге арналған «Қарттар күні»  мерекелік іс-шарасы «Ақ сарай» мейрамханасында жалғасты.  Бостандық ауданының әкімі Торғаев Б.Н атынан 75 қарт адамдарға мерекелік дастархан жайылды. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжі студенттері мен жас эстрада жұлдыздары әдемі кеш ұйымдастырды.

Айлық барысында қалалық денсаулық сақтау мекемелерінде ашық есік күндері жарияланып, Алматы қалалық онкология орталығының, қалалық тері-венерологиялық диспансер мамандары, кардиологтар 1041 адамға тексеру жүргізді. Сонымен қатар, тұрғындар ЭКГ, ФГ, УЗИ-денситомерия, қандағы қант мөлшері мен холестерин өлшеп, тексеруден өтуге мүмкіндік алды.

Аудан ауруханаларында 575 егде жастағы адамдар тексеруден өтті. Дәрігерлер бригадасы 57 адамд үйлеріне барып, тексеруден өткізді, 227 мүгедек және қарт азаматтарға әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетті. Айлық барысында   стационарды түрде 97 қарт адам үйден емделді. Денсаулық сақтау мекемелерінде 78 адам емделді.  101 адам ЭКГ, биохимиялық және тағы басқа анализдерді тапсырды. 200 адамға дәрі-дермек бөлінді.

«Халықарлық қарттар күні» мерекелік іс-шаралар аясында 2015 жылдың 26 қыркүйек пен 24 қазан аралығында Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, Алматы қаласы бойынша «Қарттар күні» айлығы ұйымдастырылып, өткізілді.

Айлық шеңберінде Бостандық ауданы бойынша келесі іс-шаралар іске асырылды:

«Үлкенге құрмет» ұранымен аудан аумағындағы саябақтар,сауда орталықтарында акциялар өткізілді. Барлығы 363 адам қамтылды.

«Қарқара» сауда орталығында және Бостандық ауданының ХҚО Жүрек күні мен Қарттар күні қарсаңында науқан өткізілді. Науқан барысындат тұрғындар мамандардан кеңес алуға, сонымен қатар тілек білдірушілер АҚ өлшеуге мүмкіндік алды, барлығы 162 адам қамтылды.

Бостандық ауданының әкімі 100 жастан асқан 10 адамды мерекелік азық-түлік себеттерін сыйға тартып, құттықтады.

Сонымен қатар, «Нұр Отан» жастар қанатының бастауымен 10 жалғыз тұратын ардегерлердің үйіне жинау жұмыстары ұйымдастырылды.

Қорытындылай келе, Бостандық ауданында 650 зейнеткерлер, мүгедектер мен ардагерлерге 19 мейрамханаларда дастархан жайылды. Мерекелік дастархан Бостандық ауданының  қолдауымен өтті.

Бостандық ауданының 410 егде жастағы тұрғындары мерекелік азық-түлік себептерін алды. 30 зейнеткерге тегін моншамен қолдануға мүмкіндік алды. 3 510 000 тенге сомасына 239 адамға материалдық көмек көрсетілді.  440 соғыс ардагерлері тегін газеттер мен журналдарға тегін жазылды. 120 ардагер мәдени-сауықтыру орталықтарында демалды: театр-20 адам, цирк-40 адам, дельфинарий-40 адам. 2 737 қарт адамдарға түрлі медициналық көмек көрсетілді.

 Бостандық ауданының әлеуметтік осал азаматтарына қайырымдылық көмек көрсету

1. Музыкалық сайысқа қатысуға материалдық көмек көрсету. «Открытая планета» музыкалық сайысына қатысушы, 11 жасар көпбалалы отбасынан шыққан,талантты  Мартай Сабинаға Мәскеу қаласында тұру мен тамақтануына 80 000 теңге көлемінде көмек көрсетілді. Конкурстың нәтижесінде Мартай Сабина музыкалық конкурста бірінші орынды иеленді.

2. Әлеуметтік аз қамтылған Сабирова М.Р. отбасына материалдық көмек көрсетілді. Сабирова М.Р 2 дәрежелі мүгедек баласына 16 000 теңге көлемінде есту құрылғысына арналған қосалқы бөлшектер сатып алынды

3. Өндірістік жарақат алған жұмыссыз,жалғыз басты ана Продьма С.В аяқ буынын емдеу мақсатында дәрі-дермек алуына 25 000 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді. .

4. ҰОС ардагері Самай Байғараевтың жерлеу рәсіміне 50 000 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.

5. ҰОС ардагері Торопчин М.В ішінара жөндеу жұмыстарын жүргізуге (3 терезе пласикалық терезеге ауыстырылды) 210 000 теңге көлемінде жәрдемдесу жұмыстары жүргізілді.

6. ҚазҰУ-нің география факультетінің 2 курс студенті Ержанова Мөлдірдің емделуі мен дәрі-дермек сатып алуына 150 000 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді. (ҚазҰУ маңында ағаштың құлауы салдарынан жарақаттанған)

7.Жазушы, журналист, еңбек майданының ардагері Қайратұлы Сұлтанғалиға кітап жарияланымына  500 000 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.

8.Жалғыз басты, 2 дәрежелі мүгедек Кияницкий А.И мүгедектерге арналған арба сатып алу мақсатында 70 000 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.

Жалпы сомасы 1 101 000 теңге.

 Қабылданған 25 жұлдызды күн «Ұлы Дала Елі-Тәуелсіздіктің  25 негізі» Жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың қараша-қаңтар айларында  республикалық көлемде ауқымды қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыру бойынша науқан өткізілді. Аталмыш науқан көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді, ардагерлердің мекен-жайына мерекелік азық-түлік себеттері ұсынылды және мүгедектерге  8 мүгедектерге арналған арбалар мен 5 есту құрылғылары берілді, сонымен қатар, әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасыларға азық-түлік дүкендері мен балаларға арналған аттракциондарға тегін  сертификаттар берілді, балаларға арналған жаңа жылдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Көрсетілген науқандар демеушілік қолдау көрсеткен Азербаев М.Б, Байрамуков И.И, Тосекбаев К.Д, Абдуллаев М.Ш, Конкуров С.В аудан депуттарының есебі мен аудан кәсіпкерлерінің есебінен жүргізілді. Жалпы 1 457 әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылар қамтылды.

1) Аудан депутаттары мен кәсіпкерлері есебінен ҰОС ардагерлеріне көмек, фашист тұтқындарына мерекелік азық-түлік себеттерін ұсыну сияқты қайырымдылық көмек көретілді.Жалпы саны 115 ҰОС ардегері,7 фашист тұтқындары мен 5 репрессияға ұшырағандар.

2) Нұр Отан желісі бойынша әлеуметтік аз қамтылған 56 тұрғын қамтылды.

3)  Аудан кәсіпкерлері мен салық комитеті 117 жалғыз тұратын зейнеткерлерге қайырымдылық көмек көрсетті.

4) Жергілікті полиция қызметкерлері 22 жалғыз басты аналарға қайырымдылық көмек көрсетті.

5)  8 қаза тапқан ауғандардың жұбайлары мен аналарына тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті қайырымдылық көмек көрсетті;

6) «Алматы Құрылыс» құрылыс компаниясы мүгедектерге 8 мүгедектерге арналған арбалар мен 5 есту құрылғылары, сонымен қатар, мерекелік азық-үлік себеттерін ұсынды.

7)  802 көпбалалы аналарға (4-5 бала) білімберу мекемелері қайырымдылық көмек көрсетті.

8)  Әлеуметтік жағдайы осал копбалалы отбасыларға аудан кәсіпкерлері мен жоғары және орта білім беру мекемелері атынан азық түлік жинақтары берілді,сонымен қоса дүкендерге,балаларға арналған аттракциондарға сертификаттар ұсынылды және балаларға арналған жаңа жылдық мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Жалпы саны 308 адамды құрады.

-А2 супермаркеті - әлеуметтік жағдайы нашар 5 отбасына(№37 мектеп) азық-түлік себеттері ( 1 сөмке – 10 000 теңге көлемінде)

-ЖШС «Starget» - әлеуметтік жағдайы нашар 10 отбасына(№37 мектеп) азық-түлік себеттері ( 1 сөмке – 10 000 теңге көлемінде)

-«IKIDS» ЖШС директоры- әлеуметтік жағдайы нашар отбасынан шыққан 20 балаға жаңа жылдық мерекелік іс-шара ұйымдастырылды және сыйлықтар берілді(№40 мектеп)

-«Город здоровья» ЖШС – 10 балаға медициналық тексеру жүргізді (№ 63 мектеп)

-«Мини-Маркет «Апрель»ЖК – 50 балаларға жаңа жылдық сыйлықтар ұйымдастырылды (№22 және №23 мектеп)

-«Антрикот» мейрамханасы- әлеуметтік жағдайы нашар 5 отбасына(№45, №63 мектеп) азық-түлік себеттері ( 1 сөмке – 10 000 теңге көлемінде)

-«Гасанов» ЖК - әлеуметтік жағдайы нашар 5 отбасына(№10, №37 мектеп) азық-түлік себеттері ( 1 сөмке – 7 000 теңге көлемінде)

-«Сулу» мейрамханасы- әлеуметтік жағдайы нашар 10 отбасына(№45, №10 мектеп) азық-түлік себеттері ( 1 сөмке – 10 000 теңге көлемінде)

-Лексус Центр-көпбалалы отбасыдан шыққан 7 балаға компьютер берілді және әкесі 2 деңгейлі мүгедек (№21 мектеп)

- «Космос» кафесі-15 балаға жаңа жылдық сыйлықтар берілді(№21 мектеп)

-«ALTSound» ЖШС – 50 балаға жаңа жылдық сыйлықтар берілді(№23 мектеп)

-«Ассорти Арена» мейрамханасы – 15.12.2016 ж. жағдайы нашар отбасынан шыққан 35 балаларға мерекелік стол ұйымдастырылды жаңа жылдық сыйлықтар берілді(№10,37 мектеп)

-Велвет Спорт Вилла фитнес орталығы- 30 балаға жаңа жылдық сыйлықтар берілді

-Арзан супер-маркеті- әлеуметтік жағдайы нашар 11 отбасына(№37 мектеп) азық-түлік себеттері ( 1 сөмке – 10 000 теңге көлемінде)

-«KZ»ЖШС - әлеуметтік жағдайы нашар 5 отбасына(№40 мектеп) азық-түлік себеттері ( 1 сөмке – 10 000 теңге көлемінде) және зейнетақы мөлшері төмен 5 зейнеткерге

-«Жандарбек»ЖК - әлеуметтік жағдайы нашар 15 отбасына(№63 мектеп) азық-түлік себеттері ( 1 сөмке – 10 000 теңге көлемінде)

-«Кита авангард»мейрамханасы 20 балаға арнап мерекелік стол әзірледі (№63 мектеп) 

Комиссиялар

Аудандық комиссиялардың жұмыстарын ұйымдастыру жалғасуда:

1. Бостандық ауданы әкімі жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия.

1) 2016 жылдың 8 наурызында ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығын және Алматы қаласының 1000 жылдығын мерекелеу барасында ауданымыздағы 2 азаматты аудан әкімі құттықтады, 100 мерей жасына келген Шайхимова Муршидаға және Эфендиева Айшат Пашаевнаға аудан әкімінің құттықтау қағазы, сыйлықтар мен гүлдер табыс етілді.

2) 2016 жылдың 16 наурызында ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығын және Алматы қаласының 1000 жылдығын мерекелеу барасында «Мейірімді жүрек» акциясы өткізілді. Аталмыш, акцияда 15 жағдайы төмен азаматтарға азық – түлік жиынтықтары таратылды, оның ішіндегі: 5 көп балалы отбасылар, 3 жалғызбасты аналар, 3 жалғызбасты зейнеткерлер және 4 мүгедектер.

 3) Бостандық ауданы бойынша «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы

2016 жылдың 11 мамырында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының                   1 кезеңі өткізілді. Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпазы 2 отбасы болды: Жиенбаевтар отбасы (мұғалім әулеті) және Надировтар отбасы (дәрігер әулеті), осы отбасылар конкурстың 2 кезеңіне (қалалық) де қатысқан. Қаланың кезеңде «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпазы - Жиенбаевтар отбасы болды.

 4) Бостандық ауданы әкімінің аппаратының кіші мәжіліс залында 2016 жылдың 11 шілде 2 тамыз аралығында «Родник» ҚК-мен бірлесе отырып «Дискриминация женщин: проблемы и решения», «Идентификация пострадавщих от торговли людьми: взаимодействие» «мы за мир против насилия» атты семинар-тренингтер өтті. Семинарға 90-нан астам адамдар қатысып барлығына сертификаттар таратылды және қала бойынша ауданда «проблемы дискриминации в отношении женщин в Казахстана: механизмы противодействия» атты дөңгелек үстер өткізілді.

1 2 3