Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әлеуметтік сала ӘЛЕУМЕТТІК САЛА



Әлеуметтік сала бөлімінің 2018 жылдың 1 жарты жылдығына атқарған жұмыс есебі


Жұмыспен қамту

Қазақстан Республикасы Үкіметі № 919, 29.12.2016 ж бекіткен 2017-2021 жылдар аралығында Нәтижелі жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті іске асыру 2017-2021 жылдар бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізіледі: жұмыссыздар, тұрмысы төмен  адамдарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау санатын жоғарылату, жастар іс-тәжірибесі және әлеуметтік жұмыс орындары бойынша күнделікті ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.Апта сайын бос жұмыс орындарын құру, жас мамандарды жұмысқа  орналастыру бойынша бақылау жүргізіледі.

2018 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына жылдық жоспар 181 адамды құрайды, қазіргі уақытта әлеуметтік жұмыс орындарда 87 адам жұмыс істейді.

2018 жылы жастар іс-тәжірбиесіне жылдық жоспар 151 адамды құрайды, қазіргі уақытта жастар іс-тәжірбиесіне 67 адам жіберілді.

Қысқа мерзімдік оқудың жылдық жоспары 189 адамды құрайды, қазіргі уақытта қысқа мерзімдік оқуға 92 адам жіберілді.

Микрокредит бойынша жылдық жоспар 28 адамды құрайды, қазіргі уақытта 14 адамға микрокредит берілді.

Қоғамдық жұмысқа 250 адам жіберілді, жылдық жоспар бойынша 435 адамды құрайды.

Тұрақты жұмыс орны бойынша жылдық жоспар 2 703 адамды құрайды, қазіргі уақытта тұрақты жұмыс орны 1 054 адам орнатылды.

Жұмыспен қамту орталығына жылдың басынан бастап 1 299 адам жұмыссыз ретінде тіркелді.

 

Халықты әлеуметтік қорғау

Алматы қаласының әкімдігі қаулысымен қабылданған «Алматы қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму Бағдарламасын» басқа да заңнамалық актілерді басшылыққа ала отырып, әлеуметтік сала бөлімі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік сала бөлімімен бірігіп                    2018 жылдың 6 айында ауқымды жұмыстар атқарылды.

Қазақстан Республикасының «Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек» туралы Заңына сәйкес айлық табысы белгіленген кедейлік шегінен төмен азаматтарға жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Жалпы сомасы 1 434 572-00 теңгені құрайтын әлеуметтік көмек аз қамтамасыз етілген 52 отбасына тағайындалды, отбасы мүшелерінің саны 198 адам.

Тұрмыс деңгейі төмен 432 адамға тұрғын-үй көмегі көрсетілді, жалпы сомасы 4 145 050  теңгені құрайды.

Жыл басынан 1 179 зейнеткерге 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі (16835 тенге) әлеуметтік көмек алды, жалпы соммасы 19 259 240теңге жәрдемақы төленді.

10 айлық есептік көрсеткіш 2018 жылдың қаңтар айынан бастап, зейнеткерлер, мүгедектер, жұмыссыздар мен аз қамтамасыз етілген азаматтар есебінен 263 адам жалпы сомасы 5 032 602 теңгені құрайтын бір жолғы әлеуметтік көмекке ие болды. 6,5 айлық есептік көрсеткіш 6 айдың ішінде                 42 ҰОС және МҰОС әлеуметтік көмек алды, 1 878 434 теңге құрайтын қаражат төленді

27 өтініш әлеуметтік көмек емдеудің амбулаториялық кезеңінде жүрген және туберкулезге қарсы күрес диспансерінде диспансерлік есепте тұрған туберкулезбен науқас азаматтарға жыл сайын 12 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын төлеумен тағайындалады, жалпы жыл басынынан төленген сомма 827 495-00 теңге.

Жыл басынан суық және ыстық су есептеуіш құралдарын орнатуға, тексеруге кеткеншығындарының орнын толтыру бойынша 98 азаматтан өтініш қабылданды. Жалпы соммасы 828 780-00 теңгені құрайтын қаражат төленді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20.07.2005 жылғы №754 «Мүгедектерді бейімдеудегі кейбір мәселелер туралы» Қаулысына сәйкес, бөлімде мүгедектерді техникалық қосымша құралдармен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіледі.

2018 жылдың есептік кезең ішінде мүгедектерге бөлінген құралдармен қамтамасыз етілген адам саны:

·     349 мүгедекке  жеке көмекшілер  қызметі көрсетілді;

·     ымдау тілі мамандары 57 мүгедекке қызмет көрсетті;

·     көру мүмкіндігінен айрылған мүгедектерден тифлотехникалық құралдармен  қамтамасыз етуге 33 адамнан өтініш қабылданды;

·     сурдотехникалық құралмен қамтамасыз етуге 80 мүгедектен өтініш қабылданды;

·     мүгедектер арбасымен қамтамасыз етуге 77 өтініш қабылданды;

·     614 мүгедектен санитарлы – гигиеналық құралдарына өтініш қабылданды;

· санаториялы-курортық емдеу мақсатында 609 мүгедек арыз берді;

·     протезді Ортопедиялық орталыққа тапсырыс беруге 207 мүгедекке жолдама берілді.

·   “Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу Ережелеріне” сәйкес 46 отбасынан жәрдемақы рәсімдеуге арыз қабылданды;

Бүгінгі күні Бостандық ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде үйде әлеуметтік көмек көрсету 2 бөлімі қызмет атқарады, онда 53 бала тіркелген.

Ауданда зейнеткерлік жасына келген қарттарға және мүгедектерге үйде қызмет көрсететін 5 бөлімше жұмыс істейді. 395 егде адамға 53 адам қызмет көрсетеді, соның ішінде 48 әлеуметтік қызметкер және 5 бөлімшенің меңгерушісі жұмыс атқарады. 395 егде адамның ішінде ҰОС мүгедегі – 5 адам, ҰОС қатысқандар саны – 5 адам, тылда еңбек еткен ардагерлер - 201 адам, жесірлер – 15 адам, Ленинград қаласының блокадтары 1 адам, мүгедектер саны 63 адам (1 топ мүгедегі – 7 адам, 2 топ мүгедегі – 52 адам, 3 топ мүгедегі – 4 адам) және 105 зейнеткер.

 

Денсаулық сақтау

 

Аудан көлемінде 28 мемлекеттік медициналық мекемелер, оның ішінде 8 республикалық, 20 қалалық ғылыми институттар мен орталықтар, және мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейтін 4 жеке меншік медициналықорталықтар, 203 жеке меншік медициналық мекемелер орналасқан. Аталған мекемелерде 6 мыңнан аса жуық  медицина қызметкерлері жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының «Денсаулық» 2016-2019 жылдар денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында, 2018 жылдың 1 тоқсанында салауатты өмір салтын қалыптастырудың алдын алу бойынша Бостандық ауданы аумағында 773–тен астам іс–шаралар ұйымдастырылып өтті.

Туберкулез ауруы бойынша 2018 жылдың 5 айында – 32 жағдай тіркелді (2017ж - 32).  Аудандағы бала өлімі былтырғы жылмен салыстырғанда 4,2 төмендеген ал 2017 жылы 11,8. Ана өлімі - 1 жағдай тіркелді (2017ж. – ана өлімі болған жоқ).

Геппатит А бойынша 2018 жылдың 5 айында – 4 жағдай тіркелді (2017ж – 22).

АИТВ жұқпасы бойынша 2018 жылдың 5 айында аудан тұрғындарының арасынан  – 26 азамат тіркелді (2017ж – 15).

Онкология ауруы бойынша 2018 жылдың 6 айында аудан тұрғындары арасынан барлығы –392 тұрғын тіркеуге алынды (2017ж – 395 адам).

 

Мерекелік іс-шаралар

9 мамыр– Жеңіс күніне 72 жыл

 

Мейрам кезінде барлығы 3 404 соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері назардан тыс қалмады, оның ішінде: ҰОС ардагерлері мен ҰОС мүгедектері – 70 адам, өз еркімен жалданған құрам СА – 5 адам, кәмелетке толмаған фашистік тұтқындар саны – 6, Ленинград қ. қоршағандар – 17, ҰОС ардагерлері мен ҰОС мүгедектеріне теңескендер – 566, тылдағы еңбек еткен ардагерлер.

ҚР Мәслихатының шешімімен ҰОС-ның 72 жылдығына арналған ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне, ҰОС ардагерлері мен ҰОС мүгедектеріне теңескендер, ҰОС ардагерлерінің жұбайларына, ауған соғысында қаза тапқан азаматтардың аналарына - барлығы 616 адамға бөлінген ақшалай төлем, 44 000 000 теңгені құрады.

Мерекелік азық-түлік  себеті 345 ҰОС ардагерлеріне, фашистік тұтқындарға, Ленинград қ. қоршағандар, тылдағы еңбек еткен ардагерлерге таратылды, барлығы 3 007 000 теңге.

 Аудандағы мейрамханаларда – 1076 ҰОС ардагерлеріне мерекелік дастархан жайылды, барлығы 5 341 000 теңге.

Мерекелік концерттер мен театр, шараларға ауданның 1153 ардагері қатысты.

Материалдық көмекті 214 ардагер алды, барлығы 3 475 000 теңге. Бостандық ауданы бойынша 3 404 ардагер қатысқан, ҰОС-ның 72 жылдығына арналған іс шараның өтуіне барлығы 55 823 000 теңге бөлінді. 

 

1 маусым Халықаралық баларды қорғау» күні

 

1. 2018 жылдың 31 мамырында «Мир фантазий Алматы» саябақта Халықаралық баларды қорғау күніне орай ауданда іс-шара өтті. Ауданның 500-ден астам балаға арналған мерекелік концерт ұйымдастырылып, тәтті тағамдар, сусындар және балмұздақтары таратылды және ақысыз аттракцион ұсынды.

2.2018 жылдың 1 маусымында сағат 10.00-да аудан мектептер оқушылары Халықаралық баларды қорғау күніне арналған қалалық оркестр шеруіне шақырылды.

3.2018 жылдың 25 мамырынан 6 маусымына дейін Бостандық ауданындағы кинотеатр желілерінде көпбалалы, жетім және күнкөрісі төмен отбасылардағы 800 балаға ақысыз мультфильмдер мен қазақстандық «Амре» фильмі көрсетілді.

4.2018 жылдың 1 маусымында сағат 10.00-да Бостандық ауданының «Нұр-Отан» партиясының бөлімшесі № 1 балалар үйіндегі бүлдіршіндерге аудан кинотеатрларына ақысыз фильмдер көрсету шаралары ұйымдастырды.

5.2018 жылдың 1 маусымында сағат 15.00-де Бостандық ауданы Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері № 1 балалар үйі бүлдіршіндеріне ойыншықтар сый ретінде ұйымдастырды.

6.2018 жылдың 31 мамырында және 1 маусымында № 2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында демеушілер балаларды Халықаралы балаларды қорғау күнімен құттықтап, арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды және барлық орталық тәрбиеленушілерге сыйлықтар берілді.

7.2018 жылдың 1 маусымында сағат 10.00-даҚазақ ұлттық циркінде «Халықаралық баларды қорғау күнін» мерекелеуге арналған іс-шараға  көпбалалы, жетім және күнкөрісі төмен отбасылардағы 175 бала шақырылды.

8.2018 жылдың 4 маусымынан 7 маусымға аралығында батуттық саябақ «Gravity» 30 балаға ақысыз кіру іс-шарасын ұйымдастырды.

9.2018 жылдың 4 маусымынан 7 маусымға аралығында «Bala-Land» балалар ойын-сауық саябағы 60 балаға ақысыз аттракционға кіру іс-шарасын ұйымдастарды.

10.2018 жылдың 5 маусымында ЖШС «Appel word» қызметкерлері    10 көпбалалы, жетім және күнкөрісі төмен отбасыларға азық түлік пакеттерді сый ретінде ұйымдастырды

.

 

Бостандық ауданындагы балалардың жазғы демалысы

 

Бостандық ауданында 2018 жылы 3 064 баланы жазғы демалысқа жіберу жоспарлануда:

 

- мектеп жанындағы жазғы лагерлерге 1-4 сыныптар – 1597;

- ағылшын тілін үйрену бойынша жазғы демалысқа 5-6 сыныптар – 897;

- аудан әкімінің аппаратымен «Юный домостроитель» лагеріне 100 бала жіберілді;

- Қала сыртындағы «Спутник» лагерге:

         18.06-28.06.2018 жылы 1-мерзімде 260 адам жіберілді.

         30.06- 10.07.2018 жылы 2- мерзімде 210 адам жіберілді.

 

Бостандық ауданындағы 30 мектепте мектеп жанындағы жазғы лагерлер ұйымдастырылды, оған 2 494 бала қамтылды. Оның ішінде: 13 мектеп ыстық тамақ беріледі, онда 897 бала қамтылған, 19 мектеп тамақсыз, онда 700 бала қамтылған.

 

Бостандық ауданы бойынша аула аралау жұмыстары

 

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамтамасыз ету және денсаулық сақтау жүйесіне жаңадан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін міндетті медициналық сақтандыру және әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа форматы енгізіледі.    

Алматы қаласы әкімінің орынбасарының төрағалығымен өткен міндетті әлеуметтік сақтандыру жөніндегі хаттамалық тапсырмасының шеңберінде «өзін-өзі қамтымаған» (кірісі жоқ) халық арасында ақпараттық насихаттау жұмыстары жүргізілді, Бостандық ауданында олар 15 670 адамды құрайды, мәртебесі анықталмаған 2526 азаматтар.

Бостандық ауданындағы аула аралау барысында азаматтардың актуализациядан өткізу және статусын анықтау бойынша 2018 жылдың                  04 шілдесіне дейінгі жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижесі туралы ақпарат: 36 977 азаматтың статусы анықталмаған, 10 982 актуализациядан өткен азаматтар. Оның ішінде 25 995 азаматтар: 4 340 - жұмыс істейтін азаматтар, 15 670 – жұмыссыз азаматтар, 253 – студенттер, 1 195 – шығып кеткен азаматтар, 2 010 – тіркелмеген жұмыссыз азаматтар, 1 – қайтыс болған азаматтар, 2 526 – мәртебесі анықталмаған азаматтар.

Ағымдағы жылдың 13 сәуірінен бастап өзін-өзі жұмыспен қамтылған халықтың мәртебесін анықтау бойынша қайта аула аралау жұмыстары жүргізіліп жатқандығын жеткіземін.

2018 жылдың 04 шілдесіндегі аула аралау барысында 8 414 адам анықталды, оның ішінде:

         743 – жұмыс істейтіндер,

         12 – мүгедектер,

         203– студенттер,

         43 – оқушылар,

         22 – зейнеткерлер,

         25 – қайтыс болғандар,

         91 – бала күтіміне байланысты,

         110 – үйде отырған азаматшалар,

46 – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар,

615 – жұмыссыздар,

1 – страховкасы бар азаматтар,

236 – шет мемлекеттегілер,

3 637 – тұрғылықты мекен-жайда тұрмайтындар,

524– мәлімет беруден бас тарткандар,

1 407- үйінде болмағандар,

489 -  тұрғылықты мекен-жайы дұрыс емес немесе офис орналасқан.

Барлық 3 059 толтырылған анкеталар Алматы қаласы жұмыспен қамту орталығына базаға енгізу үшін жолданды.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Аула аралау жұмыстарынан кейінгі қалған анкета саны 1768 – тұрғылықты мекен-жайда тұрмайтындар, мәлімет беруден бас тарткандар, үйінде болмағандар, тұрғылықты мекен-жайы дұрыс емес немесе офис орналасқан, жұмыс орнын көрсетусіз жұмыс істейтіндер, жұмыспен қамту орталығына қабылданбады (мекен-жайы дұрыс емес).

Жұмысқа мұқтаж азаматтар саны – 29 048, Алматы қаласы жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыспен қамтылған адам саны – 197, оның ішінде:

-         Қысқа мерзімді курстарда – 44;

-         Әлеуметтік жұмыс орындарында – 8;

-         Жастар тәжірибесімен – 17;

-         Қоғамдық жұмыстарда – 44;

-         Ваканттық жұмыс орындарына орналасқандар – 85.

Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.

«Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар» ішінен статусы анықталғандар, міндетті зейнетақы төлемдерінсіз жұмыс істейтіндер, «жұмыссыздар» ретінде тізімге қосылып, жолданғандар – 22 595. Алматы қаласы Бостандық ауданы Мемлекеттік кірістер департаменті жұмысшылары есебі бойынша – 25 595 адам, оның ішінде:

·        3 781 – тіркелмеген жұмыссыз азаматтар;

·        46 -  шығып кеткен азаматтар;

·        561 – ҚР басқа өңірлеріне қоныс аударғандар;

·        Басшылар, ЗТ құрушылар;

·        Тұрғылықты мекен-жайда жоқ болғандар;

·        Білім алушылар;

·        ЖК ретінде тіркелгендер;

·        Жеке сот орындаушылары, адвокаттар, нотариустар, кәсіпқой медиаторлар;

·        Еңбек келісімімен жұмыс істейтіндер;

·        мәлімет беруден бас тарткандар;

·        ЗТ, ЖК, Шаруашылық қожалық,  ФХ ресми жұмыс істейтіндер;

·        3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты, жұмыссыз азаматтар;

·        756 – жұмыссыз азаматтар ретінде тіркелген тұлғалар;

·        1 – жұмыссыз, аяғы ауыр тұлғалар.

 Комиссиялар

 

Аудандық комиссиялардың жұмыстарын ұйымдастыру жалғасуда:

1. Бостандық ауданы әкімі жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия.

 1. 2018 жылдың 1 наурызында Бостандық аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында «Алғыс айту» күніне орай аудан әкімі аппаратының ұйымдастырумен және №3 Балалар шығармашылық үйінің қатысуымен мәдени іс-шара өтті. Іс-шараға тылда еңбек еткен ардагерлер, желтоқсан оқиғасына қатысушылар және аудан зейнеткерлері шақырылды, барлығы 200 қатысушыларға  мерекелік концерт тарту етіліп және азық түлік себеті табысталды.

 2. 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай 2018 жылдың 6 наурызында К. Байсеитова атындағы дарынды балаларға арналған музыка мектебінде Бостандық ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен мерекелік іс – шара өтті.  Салтанатты жиынға көп балалы аналар, тылда еңбек еткен ардагерлер мен мемлекеттік және жеке меншік мектепке дейінгі бала бақша меңгерушілері және мектеп басшылары қатысты (230 адам).

Сонымен қатар аудан әкімі Торғаев Бекқали Нұрғалиұлы көп балалы 4 анаға «Алтын алқа», көп балалы 3 анаға «Күміс алқа» алқаларын салтанатты түрде табыс етті.

«Алтын алқа»және «Күміс алқа» алқаларын салтанатты түрде табыс етту

2018 жылдың есептік кезең ішінде көп балалы 6 анаға «Алтын алқа», көп балалы 5 анаға «Күміс алқа» алқаларын салтанатты түрде табыс етті.

                                                    Наурыз мейрамы

Ауданымызда 21-22 наурыздан бастап Наурыз мерекесін атап өту бойынша өткізілген іс – шаралар: аудан бойынша «Мега»орталықта, №189 жалпы білім мектепте, әр округ бойынша ішкі ауланың аумақтарында. Қалалық іс шараларға  қатысу қамтамасыз еттік.

 Бостандық ауданы бойынша «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы

 2017 жылдың 11 мамырында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының                   1 кезеңі өткізілді. Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпазы 2 отбасы болды: Артыковтар отбасы, және Акишевтер отбасы, осы отбасылар конкурстың 2 кезеңіне (қалалық) де қатысқан және де отбасыларға сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.

 2. Семей ядролық полигонында зардап шеккен азаматтарды есепке алу мен тіркеу жөнінде арнайы аудандық комиссия.

Аталған мерзім ішінде комиссия 43 отырыс өткізіп, 193 адамға біржолғы өтем ақы тағайындау мақсатында, Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығына құжаттары жіберілді. Семей ядролық полигонында зардап шеккен 83 азаматқа куәлік берілді.

 3. 1941-1945 жылдардағы ҰОС кезінде тылда 6 айдан аса жұмыс жасаған азаматтарға еңбек өтілін анықтау жөнінде арнайы аудандық комиссия.

2018 жылдың 2 тоқсанында 20 азаматтың іс-құжаттары комиссия отырысында қаралды, барлығы 11 комиссия отырысы өткізілді. Арнайы  комиссияның шешімі бойынша 20 азаматтың құжаттары жәрдемақы төлеу мақсатында Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік емес корпорациясына жолданды. 

4. Кәмелетке толған тұлғаларға қамқоршылық және қорғаншылық белгілеу жөніндегі аудандық комиссия.

2018 жылдың басынан комиссия 9 отырыс өткізіп, 121 іс қаралды, қорғаншымен тұратын 43  іс қаралды және № 1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы, № 2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы, Психикалық сауықтыру орталықтарында тұрып жатқан әрекетке қабілетсіз тұлғалар бойынша 78  іс қаралды.

2018 жылдың есептік кезеңінде қорғаншыларымен тұратын әрекетке қабілетсіз 43 тұлғалардың ісі қаралды.

1)     Әрекетке қабілетсіз тұлғаларға қорғаншылық тағайындау – 13 іс;

2)    Әрекетке қабілеті шектеулі тұлғаларға қамқоршылық тағайындау – 1 іс;

3)    Өмір бойы асырауында болу келісім шартын бітім жасауға рұқсат беру – 1 іс;

4)    Мұрагерлік ақша, зейнетақы, төлем карталарын алуға рұқсат беру – 17 іс;

5)    Әрекетке қабілетсіз тұлғаның қайтыс болуына байланысты жылжымайтын мүлікке қойылған шектеуді алу – 3 іс;

6)    Мұраға құқық куәлігіне сәйкес шектеу салу – 1 іс;

7)    Жылжымайтын мүлік құжаттарын шектеу салусыз заңдастыруға рұқсат беру – 1 іс;

8)    Әрекетке қабілетсіз тұлғаның жылжымайтын мүлігін сатуға рұқсат беру – 3 іс;

9)    Тұрғын үй жағдайын тексеру актіні және рұқсат беретін құжаттарды беру – 1 іс;

10)  Әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сотқа талап беру – 2 іс.

№ 1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы, № 2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы, Психикалық сауықтыру орталықтарында тұрып жатқан әрекетке қабілетсіз тұлғалар бойынша 78 іс қаралды.

1)    № 1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында тұрып жатқан әрекетке қабілетсіз тұлғаларға қорғаншылық орнату – 60 іс;

2)    Психикалық сауықтыру орталығында тұрып жатқан әрекетке қабілетсіз тұлғаларға қорғаншылық орнату – 1 іс;

3)    Әрекетке қабілетсіз тұлғалардың зейтетақы шоттарынан 30% қолдануға рұқсат беру – 10 іс;

4)    шектеу алмай әрекетке қабілетсіз тұлғаның жылжымайтын мүлігіндегі мұра үлесін тіркеу– 1 іс;

5)    шектеу алмай жылжымайтын мүліктің құжаттары дубликатын алуға рұқсат беру – 1 іс;

6)    үйде қызмет көрсетуге байланысты № 1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығыны әкімшілігін қорғаншы міндетінен босату – 1 іс;

7)    Соттың шешімімен әрекетке қабілетті деп танылуына байланысты қорғаншылықты жою – 1 іс;

8)    Әрекетке қабілетсіз тұлғаның жылжымайтын мүлікке тіркелуге рұқсат беру – 1 іс;

9)    Әрекетке қабілетсіз тұлғаның пәтерін жеке үйге ауыстыруға рұқсат беру – 1 іс;

10)  Қайтадан сот-психиатлық экспертизаны жасау – 1 іс;

5. Әлеуметтік маңызы бар аурулармен күресуге бағытталған ведомствоаралық комиссия.

Әлеуметтік маңызы бар аурулармен күресуге бағытталған ведомствоаралық комиссияны 2 отырысы өткізілді, комиссия отырысында қарастырылған сұрақтар:

1. Менингиттік инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай;

2. ШЖҚ КМК «Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы» мен «И. Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» инфекционист дәрігерлерінің лекциялары;

3. Инфекциалық ауруға шалдыққандардың профилактикасы және эпидемиялық шаралары, 2017 жылғы өзекті мәселелер мен маңызды жұмыстардың нәтижелері. 

6. Мүгедектердің қолжетімді ортасының сақталу тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын түгендеуді (паспорттау) ұйымдастыру және жүргізу бойынша Бостандық ауданының комиссиясы.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Р. Тауфиковтың тапсырмасына сәйкес мүгедектердің қолжетімді ортасының сақталу тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын түгендеуді (паспорттау) ұйымдастыру және жүргізу бойынша нысандарды 70% мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2018 жылғы бекітілген жоспар бойынша ауданымыздағы орналасқан 103 нысанды бейімдеу қарастырылған.

Осыған орай, 2018 жылдың 30 наурызына дейін ауданымыздағы паспортталған нысандардың 60 бейімделген тізімін ұсынамын:

1. Пиццерия «Асжан»;

2. «Ariana» сұлулық салоны;

3. «Здоровье» дүкені;

4. «Оптовка» дүкені;

5. Дәріхана, «Оразкулова» жеке кәсіпкерлігі;

6. Стоматологиялық клиника;

7. Корей эстетикалық медициналық орталығы «Koreanmed»;

8. «Миг» ақша айырбастау;

9. «Alzamer» зертханасы;

10. Дәріхана;

11. «Зоомир» дүкені;

12. «Fancy» сұлулық салоны;

13. Стоматология,«Doctor - Stom» ЖШС;

14. Медициналық орталық, «Grand Clinic» ЖШС;

15. Медициналық орталық, стоматология және дәріхана, «Қолғанат Құрылыс» ЖШС;

16. Медициналық орталық және дәріхана, «ЛОЦ» ЖШС;

17. «Релайф» медициналық орталық;

18. Медициналық орталық «МСD», «Поликом+» ЖШС;

19. «Израилдік медициналық орталық» Медициналық орталық;

20. «№73 гимназия - мектебі» КММ;

21. «№21 гимназия» КММ;

22. «Ал-Фараби атындағы №145 жалпы білім беру мектебі» КММ;

23. «№45 жалпы білім беру мектебі» КММ;

24. «М. Мақатаев атындағы №140 жалпы білім беру мектебі» КММ;

25. «№81 гимназия - мектебі» КММ;

26. «№10 жалпы білім беру мектебі» КММ;

27. Дәріхана, «Шапиева А.А.» жеке кәсіпкерлігі;

28. Дәріхана, Мыхтыбаев Е.»жеке кәсіпкерлігі;

29. Нотариус ;

30. Зертхана, «Pharma LTD» ЖШС;

31. Стоматологиялық клиника, «Профидент» ЖШС;

32.«Geans Klub» дүкені;

33.Клиника «SBS med»;

34. «KAU Clinic» медициналық орталығы;

35. «OPTIC land.kz» оптика салоны;

36. «Health City» медициналық орталық;

37. «№10 интернат мектебі»;

38. «№94 гимназия-мектебі»;

39. «№146 лицей-мектебі»;

40. «Beauty Lab» сұлулық салоны;

41. Медициналық орталық, «Extra Medical» ЖШС;

42. Дерматологиялық медициналық орталық;

43. Корей орталығы;

44. «La Rose» сұлулық салоны;

45. «Mega Dent» стоматологиялық клиника;

46. «Куликовский» дүкені;

47. «АБС» оқу орталығы;

48. Юрист Ломбар;

49. «Cristal» ломбард;

50. «Holidei» гостиница;

51. «Forever.kz» дүкені;

52. «Concept» стоматологиялық клиника;

53 «Stominvestt»стоматология;

54. «Smart Health» медициналық орталық;

55. Дәріхана, «Кожахметова У.К.» ЖК;

56. «SBS med»клиникасы;

57. Аза дәріхана жүйелері;

58. Дәріхана, «Дудникова И.А.» ЖК;

59. «Қазақстандық медициналық университет» ЖШС;

60. Медициналық орталық, «SMART Pharm» Шелехова М.В.» ЖШС.

Осы бейімдеу бойынша жұмыстар жалғасуда.

 

Бөлімнің жұмыс мақсаттары.

 

1) Үйде қызмет көрсету бөлімшелердің жұмысын үйлестіру, жалғыз тұратын зейнеткерлерді анықтау, әсіресе Бостандық ауданына қосылған учаскелік аумақтарда.

2) Қалалық және  аудандық комиссиялардың жұмыстарын жүзеге асыру.

3) Алматы қаласын дамытудың бағдарламасын және жоспардың тармақтарын орындау. Қалалық және аудандық бағдарламаларды іске асыру.

4) Мүгедек, аз қамтылған, көпбалалы, толық емес отбасылардың тұрмыс деңгейін жақсарту мақсатында әлеуметтік жобаларды іске асыру.

5) Студенттер мен балалар арасында туберкулез ауруының алдын алу бойынша,Аудандық медицина мекемелері бірлестігімен бірігіп аудан тұрғындарынның 100% флюрографиядан өткізу жұмыстарын атқаруға ат салысу.