Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әлеуметтік сала ӘЛЕУМЕТТІК САЛА



Бостандық ауданы әкімі аппаратының Әлеуметтік сала бөлімінің 2018 жылдың 1 тоқсанда атқарған жұмысы туралы ақпарат


Жұмыспен қамту

 Қазақстан Республикасы Үкіметі № 919, 29.12.2016 ж бекіткен 2017-2021 жылдар аралығында Нәтижелі жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті іске асыру 2017-2021 жылдар бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізіледі: жұмыссыздар, тұрмысы төмен  адамдарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау санатын жоғарылату, жастар іс-тәжірибесі және әлеуметтік жұмыс орындары бойынша күнделікті ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.Апта сайын бос жұмыс орындарын құру, жас мамандарды жұмысқа  орналастыру бойынша бақылау жүргізіледі.

2018 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына жылдық жоспар 181 адамды құрайды, қазіргі уақытта әлеуметтік жұмыс орындарда 38 адам жұмыс істейді. 2018 жылы жастар іс-тәжірбиесіне жылдық жоспар 151 адамды құрайды, қазіргі уақытта жастар іс-тәжірбиесіне 16 адам жіберілді. Қысқа мерзімдік оқудың жылдық жоспары 189 адамды құрайды. Микрокредит бойынша жылдық жоспар 28 адамды құрайды, қазіргі уақытта 5 адамға микрокредит берілді. Қоғамдық жұмысқа 73 адам жіберілді, жылдық жоспар бойынша 435 адамды құрайды. Тұрақты жұмыс орны бойынша жылдық жоспар 2 703 адамды құрайды.

Жұмыспен қамту орталығына жылдың басынан бастап 328 адам жұмыссыз ретінде тіркелді.

Халықты әлеуметтік қорғау

Алматы қаласының әкімдігі қаулысымен қабылданған «Алматы қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму Бағдарламасын» басқа да заңнамалық актілерді басшылыққа ала отырып, әлеуметтік сала бөлімі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік сала бөлімімен бірігіп 2018 жылдың 3 айында ауқымды жұмыстар атқарылды.

Қазақстан Республикасының « Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек» туралы Заңына сәйкес айлық табысы белгіленген кедейлік шегінен төмен азаматтарға жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Жалпы сомасы 1 266 406-00 теңгені құрайтын әлеуметтік көмек аз қамтамасыз етілген 22 отбасына тағайындалды, отбасы мүшелерінің саны 71 адам.

Тұрмыс деңгейі төмен 448 адамға тұрғын-үй көмегі көрсетілді, жалпы сомасы 4 145 050  теңгені құрайды.

Жыл басынан 1009 зейнеткерге 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі (16835 тенге) әлеуметтік көмек алды, жалпы соммасы 16 969  680теңге жәрдемақы төленді.

7,5 айлық есептік көрсеткіш 2018 жылдың қаңтар айынан бастап, зейнеткерлер, мүгедектер, жұмыссыздар мен аз қамтамасыз етілген азаматтар есебінен 195 адам жалпы сомасы 3 517 410-00 теңгені құрайтын бір жолғы әлеуметтік көмекке ие болды. 5,5 айлық есептік көрсеткіш 3 айдың ішінде 42 ҰОС және МҰОС әлеуметтік көмек  алды,  1 362 542-00 теңге құрайтын қаражат төленді

18 өтініш әлеуметтік көмек емдеудің амбулаториялық кезеңінде жүрген және туберкулезге қарсы күрес диспансерінде диспансерлік есепте тұрған туберкулезбен науқас азаматтарға жыл сайын 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын төлеумен тағайындалады, жалпы жыл басынынан төленген сомма 541 300-00 теңге.

Бөлімде мүгедектерді техникалық қосымша құралдармен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.

2018 жылдың есептік кезең ішінде мүгедектерге бөлінген құралдармен қамтамасыз етілген адам саны:

1. 532 мүгедекке  жеке көмекшілер  қызметі көрсетілді;

2. ымдау тілі мамандары 44 мүгедекке қызмет көрсетті;

3. көру мүмкіндігінен айрылған мүгедектерден тифлотехникалық құралдармен  қамтамасыз етуге 24 адамнан өтініш қабылданды;

4. сурдотехникалық құралмен қамтамасыз етуге 52 мүгедектен өтініш қабылданды;

5.  мүгедектер арбасымен қамтамасыз етуге 51 өтініш қабылданды;

6. 455 мүгедектен санитарлы – гигиеналық құралдарына өтініш қабылданды;

7. санаториялы-курортық емдеу мақсатында 238 мүгедек арыз берді;

8. “Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу Ережелеріне” сәйкес 53 отбасынан жәрдемақы рәсімдеуге арыз қабылданды;

9. протезді Ортопедиялық орталыққа тапсырыс беруге 117 мүгедекке жолдама берілді.

Бүгінгі күні Бостандық ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде үйде әлеуметтік көмек көрсету 2 бөлімі қызмет атқарады, онда 53 бала тіркелген.

Ауданда зейнеткерлік жасына келген қарттарға және мүгедектерге үйде қызмет көрсететін 5 бөлімше жұмыс істейді. 395 егде адамға 53 адам қызмет көрсетеді, соның ішінде 48 әлеуметтік қызметкер және 5 бөлімшенің меңгерушісі жұмыс атқарады. 395 егде адамның ішінде ҰОС мүгедегі – 5 адам, ҰОС қатысқандар саны – 5 адам, тылда еңбек еткен ардагерлер - 203 адам, жесірлер – 15 адам, Ленинград қаласының блокадтары 2 адам, мүгедектер саны 61 адам (1 топ мүгедегі – 7 адам, 2 топ мүгедегі – 51 адам, 3 топ мүгедегі – 3 адам) және 104 зейнеткер. 

Бостандық ауданы бойынша аула аралау жұмыстары

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамтамасыз ету және денсаулық сақтау жүйесіне жаңадан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін міндетті медициналық сақтандыру және әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа форматы енгізіледі. 

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Р.Т. Тауфиковтың төрағалығымен өткен міндетті әлеуметтік сақтандыру жөніндегі хаттамалық тапсырмасының шеңберінде «өзін-өзі қамтымаған» (кірісі жоқ) халық арасында ақпараттық насихаттау жұмыстары жүргізілді, Бостандық ауданында олар 18 487 адамды құрайды.

Бостандық ауданындағы аула аралау барысында азаматтардың актуализациядан өткізу және статусын анықтау бойынша 2018 жылдың 30 наурызына дейінгі жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижесі туралы ақпарат: 33 805 азаматтың статусы анықталмаған, 3 903 – жұмыс істейтін азаматтар, 112 – өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, 27 – студенттер, 1293 – шығып кеткен азаматтар, 1447 – тіркелмеген жұмыссыз азаматтар, 18487 – өзін-өзі қамтымаған азаматтар.

Ағымдағы жылдың 9 қазанынан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтылған халықтың мәртебесін анықтау бойынша (төртінші) қайта аула аралау жұмыстары жүргізіліп жатқандығын жеткіземін.

 2017 жылдың 28 наурызындағы аула аралау барысында 20 344 адам анықталды, оның ішінде:

 4375 – жұмыс істейтіндер,

 16 – мүгедектер,

 682 – студенттер,

 5 – оқушылар,

396 – зейнеткерлер,

44 – қайтыс болғандар,

1300 – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар,

6583 – жұмыссыздар,

8 – страховкасы бар азаматтар,

258 – шет мемлекеттегілер,

2241 – тұрғылықты мекен-жайда тұрмайтындар,

727 – мәлімет беруден бас тарткандар,

2742 - үйінде болмағандар,

453– тұрғылықты мекен-жайы дұрыс емес немесе офис орналасқан.

Барлық 12 494 толтырылған анкеталар Алматы қаласы жұмыспен қамту орталығына базаға енгізу үшін жолданды.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

 Комиссиялар 

Аудандық комиссиялардың жұмыстарын ұйымдастыру жалғасуда:

1. Бостандық ауданы әкімі жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия.

 1. 2018 жылдың 1 наурызында Бостандық аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында «Алғыс айту» күніне орай аудан әкімі аппаратының ұйымдастырумен және №3 Балалар шығармашылық үйінің қатысуымен мәдени іс-шара өтті. Іс-шараға тылда еңбек еткен ардагерлер, желтоқсан оқиғасына қатысушылар және аудан зейнеткерлері шақырылды, барлығы 200 қатысушыларға  мерекелік концерт тарту етіліп және азық түлік себеті табысталды.

2. 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай 2018 жылдың 6 наурызында К. Байсеитова атындағы дарынды балаларға арналған музыка мектебінде Бостандық ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен мерекелік іс – шара өтті.  Салтанатты жиынға көп балалы аналар, тылда еңбек еткен ардагерлер мен мемлекеттік және жеке меншік мектепке дейінгі бала бақша меңгерушілері және мектеп басшылары қатысты.

Сонымен қатар аудан әкімі Торғаев Бекқали Нұрғалиұлы көп балалы 4 анаға «Алтын алқа», көп балалы 3 анаға «Күміс алқа» алқаларын салтанатты түрде табыс етті.

3. Ауданымызда 21-22 наурыздан бастап Наурыз мерекесін атап өту бойынша өткізілген іс – шаралар: аудан бойынша «Мега»орталықта, №189 жалпы білім мектепте, әр округ бойынша ішкі ауланың аумақтарында. Қалалық іс шараларға  қатысу қамтамасыз еттік.

 2. Семей ядролық полигонында зардап шеккен азаматтарды есепке алу мен тіркеу жөнінде арнайы аудандық комиссия.

Аталған мерзім ішінде комиссия 19 отырыс өткізіп, 83 адамға біржолғы өтем ақы тағайындау мақсатында, Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығына құжаттары жіберілді. Семей ядролық полигонында зардап шеккен 37 азаматқа куәлік берілді.

3. 1941-1945 жылдардағы ҰОС кезінде тылда 6 айдан аса жұмыс жасаған азаматтарға еңбек өтілін анықтау жөнінде арнайы аудандық комиссия.

2018 жылдың 1 тоқсанында  9 азаматтың іс-құжаттары комиссия отырысында қаралды, барлығы 4 комиссия отырысы өткізілді. Арнайы  комиссияның шешімі бойынша 9 азаматтың құжаттары жәрдемақы төлеу мақсатында Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік емес корпорациясына жолданды.  

4. Кәмелетке толған тұлғаларға қамқоршылық және қорғаншылық белгілеу жөніндегі аудандық комиссия.

Аталған мерзім ішінде аудандық комиссия 4 отырыс өткізді, онда 67 іс қаралды, оның ішінде 26 іс қорғаншы мен бірге туратындар, 41 іс.                 

№ 1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында және № 2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында, Психикалық сауықтыру орталығындатұрып жатқан әрекетке қабілетсіз тұлғалар.

2018 жылдың есептік кезең ішінде қорғаншысымен тұратын әрекетке қабілетсіздің 27 ісі қаралды.

1)        туыстарына қамқоршылық белгілеу туралы - 5 іс;

2)        әрекетке қабілетсіз  тұлғаға қамқоршылық тағайындау туралы – 1 іс;

3)        өмірінің соңына дейін асырауына алу үшін келісім шарт жасау туралы – 1 іс;

4)        мұралық ақшасын, зейнетақысын, төлем картошкаларын алуға рұқсат беру – 15 іс;

5)        қайтыс болуына байланысты шектеуді алуға рұқсат беру – 1 іс;

6)        заң бойынша мұраға құқығы туралы куәлігін алуға рұқсат беру туралы – 1 іс;

7)        заңды жылжымайтын мүлкінен шектеуді алуға рұқсат беру туралв – 1 іс;

8)        әрекетке қабілетсізге тиесілі емес мүлікті сатуға рұқсат беру – 1 іс.

2018 жылдан бастап №1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында және №2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында, Психикалық сауықтыру орталығында тұрып жатқан әрекетке қабілетсіз тұлғалардың 41 ісі қаралды.

1) №1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында тұрып жатқан әрекетке қабілетсіз кәмелетке толған тұлғаларға қорғаншылық тағайындау туралы – 23 іс;

2) психикалық сауықтыру орталығында мәжбүрлі емделіп жатқан әрекетке қабілетсізке қорғаншылық тағайындау туралы – 1 іс;

3) әрекетке қабілетсіз кәмелетке толған тұлғаның дербес шотындағы зейнетақысының 30% пайдалануға рұқсат алу туралы – 10 іс;

4) сыйға тартылған үлесін жылжымайтын мүліктен шектеуді алмай тіркеуге рұқсат беру – 1 іс;

5) пәтерге салынған шектеуді алмай құжаттарды рәсімдеу туралы - 1 іс;

6) №1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының әкімшілігін қорғаншылық қызметтерінен босату туралы – 1 іс;

7) соттың шешіміне сәйкес әрекетке қабілетсіз деп танудан бас тарту туралы – 1 іс;

8) жылжымайтын мүлікті рәсімдеу туралы - 1 іс;

9) пәтерді жекешелендіруге рұқсат беру – 1 іс;

10) қайта психиатриялық – соттық экспертиза жасау туралы – 1 іс.

5. Әлеуметтік маңызы бар аурулармен күресуге бағытталған ведомствоаралық комиссия.

Әлеуметтік маңызы бар аурулармен күресуге бағытталған ведомствоаралық комиссияны 1 отырысы өткізілді, комиссия отырысында қарастырылған сұрақтар:

1.Ауданның санитарлық – эпидемиологиялық жағдайы және Жұқпалы аурулар бойынша ақпарат.

2. АИТВ – жұқпасын алдын алу бойынша атқарылған іс – шаралар бойынша ақпарат. 

6.Мүгедектердің қолжетімді ортасының сақталу тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын түгендеуді (паспорттау) ұйымдастыру және жүргізу бойынша Бостандық ауданының комиссиясы.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Р. Тауфиковтың тапсырмасына сәйкес мүгедектердің қолжетімді ортасының сақталу тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын түгендеуді (паспорттау) ұйымдастыру және жүргізу бойынша нысандарды 70% мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2018 жылғы бекітілген жоспар бойынша ауданымыздағы орналасқан                  103 нысанды бейімдеу қарастырылған.

Осыған орай, 2018 жылдың 30 наурызына дейін ауданымыздағы паспортталған нысандардың 52 бейімделген тізімін ұсынамын:

1. Пиццерия «Асжан»;

2. «Ariana» сұлулық салоны;

3. «Здоровье» дүкені;

4. «Оптовка» дүкені;

5. Дәріхана, «Оразкулова» жеке кәсіпкерлігі;

6. Стоматологиялық клиника;

7. Корей эстетикалық медициналық орталығы «Koreanmed»;

8. «Миг» ақша айырбастау;

9. «Alzamer» зертханасы;

10. Дәріхана;

11. «Зоомир» дүкені;

12. «Fancy» сұлулық салоны;

13. Стоматология,«Doctor - Stom» ЖШС;

14. Медициналық орталық, «Grand Clinic» ЖШС;

15. Медициналық орталық, стоматология және дәріхана, «Қолғанат Құрылыс» ЖШС;

16. Медициналық орталық және дәріхана, «ЛОЦ» ЖШС;

17. «Релайф»медициналық орталық;

18. Медициналық орталық «МСD», «Поликом+» ЖШС;

19. «Израилдік медициналық орталық» Медициналық орталық;

20. «№73 гимназия - мектебі» КММ;

21. «№21 гимназия» КММ;

22. «Ал-Фараби атындағы №145 жалпы білім беру мектебі» КММ;

23. «№45 жалпы білім беру мектебі» КММ;

24. «М. Мақатаев атындағы №140 жалпы білім беру мектебі» КММ;

25. «№81 гимназия - мектебі» КММ;

26. «№10 жалпы білім беру мектебі» КММ;

27. Дәріхана, «Шапиева А.А.» жеке кәсіпкерлігі;

28. Дәріхана, Мыхтыбаев Е.»жеке кәсіпкерлігі;

29. Нотариус ;

30. Зертхана, «Pharma LTD» ЖШС;

31. Стоматологиялық клиника, «Профидент» ЖШС;

32.«Geans Klub» дүкені;

33.Клиника «SBS med»;

34. «KAU Clinic» медициналық орталығы;

35. «OPTIC land.kz» оптика салоны;

36. «Health City» медициналық орталық;

37. «№10 интернат мектебі»;

38. «№94 гимназия-мектебі»;

39. «№146 лицей-мектебі»;

40. «Beauty Lab» сұлулық салоны;

41. Медициналық орталық, «Extra Medical» ЖШС;

42. Дерматологиялық медициналық орталық;

43. Корей орталығы;

44. «La Rose» сұлулық салоны;

45. «Mega Dent» стоматологиялық клиника;

46. «Куликовский» дүкені;

47. «АБС» оқу орталығы;

48. Юрист Ломбар;

49. «Cristal» ломбард;

50. «Holidei» гостиница;

51. «Forever.kz» дүкені;

52. «Concept» стоматологиялық клиника.

Осы бейімдеу бойынша жұмыстар жалғасуда.

 

Бөлімнің жұмыс мақсаттары.

 

1) Үйде қызмет көрсету бөлімшелердің жұмысын үйлестіру, жалғыз тұратын зейнеткерлерді анықтау, әсіресе Бостандық ауданына қосылған учаскелік аумақтарда.

2) Қалалық және  аудандық комиссиялардың жұмыстарын жүзеге асыру.

3) Алматы қаласын дамытудың бағдарламасын және жоспардың тармақтарын орындау. Қалалық және аудандық бағдарламаларды іске асыру.

4) Мүгедек, аз қамтылған, көпбалалы, толық емес отбасылардың тұрмыс деңгейін жақсарту мақсатында әлеуметтік жобаларды іске асыру.

5) Студенттер мен балалар арасында туберкулез ауруының алдын алу бойынша,Аудандық медицина мекемелері бірлестігімен бірігіп аудан тұрғындарынның 100% флюрографиядан өткізу жұмыстарын атқаруға ат салысу.

 

    Әлеуметтік сала

    бөлімінің басшысы                                                                                    Д.Дылдыбаева