Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әлеуметтік сала ӘЛЕУМЕТТІК САЛА



Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының Әлеуметтік сала бөлімінің 2018 жылда атқарған жұмыс есебі


Жыл басынан  суық және ыстық су есептеуіш құралдарын орнатуға, тексеруге кеткеншығындарының орнын толтыру бойынша 226 азаматтан өтініш қабылданды. Жалпы соммасы 1 943 340-00 теңгені құрайтын қаражат төленді.

Бөлімде мүгедектерді техникалық қосымша құралдармен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.

2018 жылдың есептік кезең ішінде мүгедектерге бөлінген құралдармен қамтамасыз етілген адам саны:

1. 393 мүгедекке  жеке көмекшілер  қызметі көрсетілді;

2. ымдау тілі мамандары 64 мүгедекке қызмет көрсетті;

3. көру мүмкіндігінен айрылған мүгедектерден тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз етуге 58 адамнан өтініш қабылданды;

4. сурдотехникалық құралмен қамтамасыз етуге 121 мүгедектен өтініш қабылданды;

5.  мүгедектер арбасымен қамтамасыз етуге 162 өтініш қабылданды;

6. 799 мүгедектен санитарлы – гигиеналық құралдарына өтініш қабылданды;

7. санаториялы-курортық емдеу мақсатында 973 мүгедек арыз берді;

8.“Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу Ережелеріне” сәйкес 127 отбасынан жәрдемақы рәсімдеуге арыз қабылданды;

9. протезді Ортопедиялық орталыққа тапсырыс беруге 365 мүгедекке жолдама берілді.

Бүгінгі күні Бостандық ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде үйде әлеуметтік көмек көрсету 2 бөлімі қызмет атқарады, онда 131 бала тіркелген.

Ауданда зейнеткерлік жасына келген қарттарға және мүгедектерге үйде қызмет көрсететін 5 бөлімше жұмыс істейді. 396 егде адамға 50 адам қызмет көрсетеді, соның ішінде 45 әлеуметтік қызметкер және 5 бөлімшенің меңгерушісі жұмыс атқарады. 396 егде адамның ішінде ҰОС мүгедегі – 4 адам, ҰОС қатысқандар саны – 4 адам, тылда еңбек еткен ардагерлер - 197 адам, Ленинград қаласының блокадтары 1 адам, мүгедектер саны 60 адам (1 топ мүгедегі – 9 адам, 2 топ мүгедегі – 51 адам және 116 зейнеткер.               

                                                             

                                                   Мерекелік іс-шаралар

9 мамыр– Жеңіс күні.

9 мамыр Жеңіс мерекесін атап өту аясында барлығы 3 404 ардагерлер құттықтаумен қамтылды, оның ішінде: Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері – 70 адам, Ұлы Отан соғысының майдангерлері –  2 740, кәмелет жасқа толмаған неміс басқыншыларының тұтқындары – 6 адам, Ленинград қаласының Блокадниктері – 17 адам, еркін жалдамалы әскері тұлғалар – 5 .

Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне, ҰОС жесірлеріне, ауған сосысында қайтыс болғандардың аналарына барлығы 616 азаматқа жалпы соммасы 44 000 000 теңге ақшалай көмек көрсетілді.

ҰОС ардагерлері, Ленинград қаласының блокадниктарына, Тыл майдангерлеріне,  барлығы 345 азаматқа мерекелік азық түлік себеті табыс етілді, жалпы соммасы 3 007 000 теңге.

Ауданымыздың мейрамхана мен кафелерінде 1 076 ардагерге мерекелік дастархан жайылды. Жалпы соммасы 5 341 000 теңге.

1153 ардагер мәдени орталықтарды аралады.

Демеушілердің қолдауымен 214 ардагерге материалдық көмек көрсетілді, жалпы соммасы 3 475 000 теңге.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдығына орай мерекеге жұмсалған сомма 55 823 000 теңгені құрайды.

«1 маусым Халықаралық баларды қорғау күні»

1.2018 жылдың 31 мамырында «Мир фантазий Алматы» саябақта Халықаралық баларды қорғау күніне орай ауданда іс-шара өтті. Ауданның 500-ден астам балаға арналған мерекелік концерт ұйымдастырылып, тәтті тағамдар, сусындар және балмұздақтары таратылды және ақысыз аттракцион ұсынды.

2.2018 жылдың 31 мамырында № 2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында демеушілер балаларды Халықаралы балаларды қорғау күнімен құттықтап, арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды және барлық орталық тәрбиеленушілерге сыйлықтар берілді.

3.2018 жылдың 1 маусымында сағат 10.00-даҚазақ ұлттық циркінде «Халықаралық баларды қорғау күнін» мерекелеуге арналған іс-шараға  көпбалалы, жетім және күнкөрісі төмен отбасылардағы 175 бала шақырылды.

4.2018 жылдың 1 маусымында сағат 10.00-да аудан мектептер оқушылары Халықаралық баларды қорғау күніне арналған қалалық оркестр шеруіне шақырылды.

5.2018 жылдың 25 мамырынан 6 маусымына дейін Бостандық ауданындағы кинотеатр желілерінде көпбалалы, жетім және күнкөрісі төмен отбасылардағы 800 балаға ақысыз мультфильмдер мен қазақстандық «Амре» фильмі көрсетілді.

6.2018 жылдың 1 маусымында сағат 10.00-да Бостандық ауданының «Нұр-Отан» партиясының бөлімшесі № 1 балалар үйіндегі бүлдіршіндерге аудан кинотеатрларына ақысыз фильмдер көрсету шаралары ұйымдастырды.

7.2018 жылдың 1 маусымында сағат 15.00-де Бостандық ауданы Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері № 1 балалар үйі бүлдіршіндеріне ойыншықтар сый ретінде ұйымдастырды.

8. 2018 жылдың 4 маусымынан 7 маусымға аралығында батуттық саябақ «Gravity» 30 балаға ақысыз кіру іс-шарасын ұйымдастырды.

9. 2018 жылдың 4 маусымынан 7 маусымға аралығында «Bala-Land» балалар ойын-сауық саябағы 60 балаға ақысыз аттракционға кіру іс-шарасын ұйымдастарды.

Балалардың жазғы демалысы

Бостандық ауданында 2018 жылы 4 680 баланы жазғы демалысқа жіберу жоспарлануда:

- мектеп жанындағы жазғы лагерлерге 1-4 сыныптар – 1597;

- ағылшын тілін үйрену бойынша жазғы демалысқа 5-6 сыныптар – 897;

- аудан әкімінің аппаратымен «Юный домостроитель» лагеріне 100 бала жіберілді;

- Қала сыртындағы «Спутник» лагерге:

         18.06-28.06.2018 жылы 1-мерзімде 260 адам жіберілді.

         30.06- 10.07.2018 жылы 2- мерзімде 210 адам жіберілді.

Бостандық ауданындағы 30 мектепте мектеп жанындағы жазғы лагерлер ұйымдастырылды, оған 2 494 бала қамтылды. Оның ішінде: 13 мектеп ыстық тамақ беріледі, онда 897 бала қамтылған, 19 мектеп тамақсыз, онда 700 бала қамтылған.

Қарттар айлығы.

 2018 жылдың қазан айында Қарттар айлығы аясында барлығы 4 230 азаматтар қамтылды.

Оның ішінде  мерекелік дастарханға барлығы 488 ардагерлер мен мүгедектер және  зейнеткерлер қамтылды;

- ауданымыздың 500 жасы келген қарттары мерекелік азық түлік себетімен қамтылды;

- қоғамдық монша 10 азамат;

-67 азаматқа ақшалай көмек, жалпы соммасы 160 000 теңгені құрайды;

- мәдени сауықтыру орталықтарына барлығы 131 ардагер барды;

- Спорттық іс-шараға 150 зейнеткер қатысты;

2 875 жасы келген қарттарға әр түрлі медициналық қызметтер көрсетілді.

Бостандық ауданы бойынша аула аралау жұмыстары

 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамтамасыз ету және денсаулық сақтау жүйесіне жаңадан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін міндетті медициналық сақтандыру және әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа форматы енгізіледі. 

Алматы қаласы әкімінің орынбасарының төрағалығымен өткен міндетті әлеуметтік сақтандыру жөніндегі хаттамалық тапсырмасының шеңберінде «өзін-өзі қамтымаған» (кірісі жоқ) халық арасында ақпараттық насихаттау жұмыстары жүргізілді, Бостандық ауданында олар 21 851 адамды құрайды, мәртебесі анықталмаған 1800 азаматтар.

Бостандық ауданындағы аула аралау барысында азаматтардың актуализациядан өткізу және статусын анықтау бойынша 2018 жылдың 26 желтоқсанына дейінгі жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижесі туралы ақпарат: 35 351 азаматтың статусы анықталмаған, 21 851 актуализациядан өткен азаматтар. Оның ішінде 13 500 азаматтар: жалға жұмыс істейтіндер – 322, 8 320 – өзін-өзі қамтығандар, 2 151 – тіркелмеген жұмыссыз азаматтар, 316 – студенттер, 410 – шығып кеткен азаматтар, 3 – аяғы ауыр азаматшалар, 8 – қайтыс болған азаматтар, 15 – бас тартқандар, 1800 – мәртебесі анықталмаған азаматтар.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда

Республикалық «Мектепке жол» акциясы                                           

Елбасының тапсырмасы бойынша мектеп жасындағы балаларды толық қамтамасыз ету «Мектепке жол» Республикалық акциясы өткізілді. Сонымен қатар ҚР Білім және Ғылым министрлігінің №3-183/2439 2017 жылдың 25 шілдесіндегі хаттың орындалуы барысында 2017 жылдың 1 тамызынан 30 қыркүйек аралығында жалпы білім беру ұйымдарында «Менің таңдауым-балаларға көмек!» атты ұранмен республикалық «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып өткізілді. Іс – шара аясында оқу жылының басталуына дайындық кезінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балалардың әлеуметтік себептерге байланысты мектепке баруына жол бермеуге бағытталған.

Акция барысында мектеп жасындағы балаларды білім беру ұйымдарына оқыту және аз қамтылған, көпбалалы отбасы, толық емес отбасы, жетім балалар, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, девианттық мінез құлықтары бар балалар осал отбасылардан шыққан балаларға әлеуметтік қолдау көрсету бойынша шаралар қабылданды.

Республикалық акцияның өтуі аясында 2097 аз қамтылған, көпбалалы отбасы, толық емес отбасы, жетім балаларға 36 266, 90 мың теңгеге көмек көрсетілді.

Комиссиялар

Аудандық комиссиялардың жұмыстарын ұйымдастыру жалғасуда:

1.   Бостандық ауданы әкімі жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия.

Алтын алқа, Күміс алқа.

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппаратында Отбасы және гендерлік саясат жөніндегі аудандық комиссия мүшелері көпбалалы аналарды салтанатты түрде құттықтап, 6 Алтын алқа және 5 Күміс алқа медальдарымен марапаттады.

«Ғасыр құрдастары» акциясы

Аудандағы Ардагерлер одағымен бірлесе отырып «Ғасыр құрдастары» атты акцияны өткізу дәстүрге айналды. Адамдар осындай бағалы байлыққа ие, көп жылдардан бері бірге өмір сүруі ауданымыздың мақтанышы болып саналады. 2017 жылғы 30 тамызда аудан әкімінің орынбасары М. Балбаева  және аудандық Ардагарлер кеңесінің төрағасы Х. Біржанов 100 жасқа толған  Цивиндо Апполинария Захаровнаны туған күнімен құттықтады.  Туған күн иесіне азық-түлікт себеті және гүл шоқтары сыйға тартылды.

 Бостандық ауданы бойынша «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы

2018 жылдың 15 мамырында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының                   1 кезеңі өткізілді. Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпазы 2 отбасы болды: Артыковтар отбасы және Акишевтар отбасы (көпбалалы отбасы) осы отбасылар конкурстың 2 кезеңіне (қалалық) де қатысқан және де отбасыларға сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.

Отбасы күні

Бостандық ауданында 2018 жылдың 7 – 13 қыркүйек аралығында «Отбасы күні» мерекесіне арналған әр түрлі іс – шаралар өткізілді.

Аудандағы барлық жоғары және орта оқу орындарында, медициналық мекемелерде, мектептерде сыныптық сағаттар, спартакиадалар, дөңгелек үстелдер өтті, жарыстар ұйымдастырылды.Медициналық мекемелерде және мектептерде «Мама, папа и Я – спортивная семья», «Вместе мы можем больше», «Эстафета поколении» және т.б, атты көңілді бастаулар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, студенттер аралығында «Мама – Я люблю тебя!» атты тақырыпқа флеш-моб өткізілді.

2. Семей ядролық полигонында зардап шеккен азаматтарды есепке алу мен тіркеу жөнінде арнайы аудандық комиссия.

Аталған мерзім ішінде комиссия 83 отырыс өткізіп, 247 адамға біржолғы өтем ақы тағайындау мақсатында, Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығына құжаттары жіберілді. Семей ядролық полигонында зардап шеккен 150 азаматқа куәлік берілді. 

3. 1941-1945 жылдардағы ҰОС кезінде тылда 6 айдан аса жұмыс жасаған азаматтарға еңбек өтілін анықтау жөнінде арнайы аудандық комиссия.

2018 жылдың 12 айында 34 азаматтың іс-құжаттары комиссия отырысында қаралды, барлығы 22 комиссия отырысы өткізілді. Арнайы  комиссияның шешімі бойынша 2018 жылдың 12 айында 31 адамға жәрдемақы төлеу мақсатында Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығына құжаттары жіберілді, 3 азаматтың ҰОС кезінде тылда 6 айдан аса жұмыс істегенін растайтын құжаттарының толық болмағандығына байланысты бас тартылды.

4. Кәмелетке толған тұлғаларға қамқоршылық және қорғаншылық белгілеу жөніндегі аудандық комиссия.

Аталған мерзім ішінде аудандық комиссия 16 отырыс өткізді, оның ішінде 68 іс қорғаншы мен бірге туратындар, №1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында тұрып жатқан әрекетке қабілетсіз тұлғалар           43 іс.

№ 1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында және Психикалық сауықтыру орталығындатұрып жатқан әрекетке қабілетсіз тұлғалар.

2018 жылдың есептік кезең ішінде қорғаншысымен тұратын әрекетке қабілетсіздің 68 ісі қаралды.

1) туыстарына қамқоршылық белгілеу туралы - 68 іс;

2)  зейнетақы алуға рұқсат беру туралы - 12 іс;

3) әрекетке қабілетсіздің қайтыс болуына байланысты есептен шығару және пәтерге салынған шектеуді алу туралы - 8 іс;

4) әрекетке қабiлеттi деп тану туралы шешімінің негізінде белгіленген қорғаншылықты жою туралы -2 іс;

5) басқа қамқоршыны белгілеуге рұқсат беру туралы - 1 іс;

6) заң бойынша мұраға құқығы туралы куәлігін алуға рұқсат берутуралы – 6 іс.

7) Жылжитын мүлікті сатуға рұқсат беру – 1 іс.

№1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында және Психикалық сауықтыру орталығында тұрып жатқан әрекетке қабілетсіз тұлғалардың 110 ісі қаралды.

1)  №1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында тұрып жатқан әрекетке қабілетсіз кәмелетке толған тұлғаларға қорғаншылық тағайындау туралы – 82 іс;

2) Психикалық сауықтыру орталығында мәжбүрлі емделіп жатқан әрекетке қабілетсізке қорғаншылық тағайындау туралы – 6 іс;

3) №1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында тұрып жатқан әрекетке қабілетсіз тұлғаларға дербес шоттарын қолдану құқығына рұқсат беру туралы – 10 іс;

4) әрекетке қабілетсіздің қайтыс болуына байланысты пәтерге салынған шектеуді алу туралы – 4 іс;

5) Пәтерге салынған шектеуді алмай құжаттарды рәсімдеу туралы - 1 іс;

6) Сыйға тартылған үлесін жылжымайтын мүліктен шектеуді алмай тіркеуге рұқсат беру – 1 іс. 

 5. Әлеуметтік маңызы бар аурулармен күресуге бағытталған ведомствоаралық комиссия.

Әлеуметтік маңызы бар аурулармен күресуге бағытталған ведомствоаралық комиссияны 4 отырысы өткізілді, комиссия отырысында қарастырылған сұрақтар:

1-желтоқсан ЖИТС-ке қарсы Дүниежүзілік күрес күні. Осыған орай арнайы өткізілген іс-шаралар.

Ауданның санитарлық – эпидемиологиялық жағдайы. Аурухана ішкілік жұқпаларға қарсы шаралар бойынша ақпарат.

Медико демографиялық жағдайды жақсарту мақсатында қалалық емханалардағы «Әйелдер кеңесі» бөлімшелерінің жұмыстары жөнінде ақпарат.

Жоғары және орта оқу орындарының, мектептердің жаңа 2017-2018 оқу жылына дайындығы санитарлық гигиеналық жағжайы жайлы ақпарат.

Бүгінгі таңда кездесетін Онкология ауруының алдын бойынша атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат.

Ауданның санитарлық – эпидемиологиялық жағдай.

Аурухана ішкілік жұқпаларға қарсы шаралар бойынша ақпарат.

6.Мүгедектердің қолжетімді ортасының сақталу тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын түгендеуді (паспорттау) ұйымдастыру және жүргізу бойынша Бостандық ауданының комиссиясы.

Алматы қаласы әкімінің орынбасарының тапсырмасына сәйкес мүгедектердің қолжетімді ортасының сақталу тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын түгендеуді (паспорттау) ұйымдастыру және жүргізу бойынша нысандарды 70% мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2018 жылғы бекітілген жоспар бойынша ауданымыздағы орналасқан 103 нысанға бейімдеу жұмыстары жүргізілген, жылдық жоспар 100% орындалған.

 

Бөлімнің жұмыс мақсаттары.

1) Үйде қызмет көрсету бөлімшелердің жұмысын үйлестіру, жалғыз тұратын зейнеткерлерді анықтау, әсіресе Бостандық ауданына қосылған учаскелік аумақтарда.

2) Қалалық және  аудандық комиссиялардың жұмыстарын жүзеге асыру.

3) Алматы қаласын дамытудың бағдарламасын және жоспардың тармақтарын орындау. Қалалық және аудандық бағдарламаларды іске асыру.

4) Мүгедек, аз қамтылған, көпбалалы, толық емес отбасылардың тұрмыс деңгейін жақсарту мақсатында әлеуметтік жобаларды іске асыру.

5) Студенттер мен балалар арасында туберкулез ауруының алдын алу бойынша,Аудандық медицина мекемелері бірлестігімен бірігіп аудан тұрғындарынның 100% флюрографиядан өткізу жұмыстарын атқаруға ат салысу.

   


      Әлеуметтік сала

    бөлімінің басшысы                                                 Д. Ділдібаева