Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әлеуметтік сала ӘЛЕУМЕТТІК САЛА



Мекен-жай бойынша әлеуметтік көмек көрсету


Бостандық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама басқармасы
Жетекшісі: Оразбаева Ләйла Серікбайқызы
Мекен-жайы: Жандосов көшесі  2 үй
Байланыс телефоны: 8 (327) 247-16-93
Жұмыс күндері: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі
Қабылдау уақыты: сағ. 9.00-16.00.

                   Мекен-жай бойынша әлеуметтік көмек көрсету.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246-11 «Мемлекеттік әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес мекен-жай бойынша әлеуметтік көмек алуға Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, тұрғын куәлігі бар және әрдайым ҚР тұратын, кедейлік шегінен аспайтын орташа кірісі бар азаматтығы жоқ тұлғалар құқылы.
Мекен-жай бойынша әлеуметтік көмек бір айдан аса стационарлық ем қабылдауда болған мүгедектер мен тұлғаларды, оқушылар мен студенттерді, магистратура мен аспирантура, күндізгі оқу түрінің тыңдаушыларын және курсанттарын, сондай-ақ қарауында 1, 2 топтағы мүгедектер, сексен жастан асқан тұлғаларды және 7 жасқа дейінгі балалары бар азаматтарды қоспағанда жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыздарғакөрсетілмейді.

  • Өтініш беруші мекен-жай бойынша әлеуметтік көмек алу үшін бекітілген үлгідегі өтінішімен әлеуметтік жеке кодының нөмірін (ӘЖК) көрсетіп тұрғылықты жері бойынша өкілетті органға барады.

Өтінішке төмендегі құжаттар қосылу керек:

  • Отбасы құрамы туралы мәлімет;
  • Өтініш беруші отбасы мүшелерінің алынған кірістері туралы мәлімет;
  • Қосалқы шаруашылығы жөніндегі мәлімет.

Мекен-жай бойынша әлеуметтік көмек алу құқығы тоқсан сайын кірістер туралы құжатпен нақтыланып отырады.

  • Мекен-жай бойынша әлеуметтік көмек оны алуға құқы бар әрбір отбасы мүшесіне белгіленеді. Отбасы құрамына төмендегілер кірмейді:
  • Толықтай мемлекеттің қарауындағы балалар;
  • Интернат-үйде тұратын қарттар мен мүгедектер;
  • Шұғыл әскери қызметтегі тұлғалар;
  • Бостандығынан айыру орындарындағы, күштеп емдеу орталықтарындағы тұлғалар.

Мекен-жай бойынша әлеуметтік көмек ағымдағы тоқсанға белгіленеді және ай сайын төленеді.

Отбасының  кірісіне тұрғындық және мекен-жай бойынша әлеуметтік көмектен                    басқа кірістердің барлық түрлері енеді.

  • Орташа кіріс өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған кірісті отбасы мүшелері санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі.
  • Тұлғаға (отбасына) шаққандағы мекен-жай бойынша әлеуметтік көмек мөлшері әрбір отбасы мүшесіне есептегенде орташа кіріс пен кедейлік шегі арасындағы айырмашылық түрінде есептеледі. Отбасы құрамы және кіріс өзгерген жағдайда  белгіленген  мекен-жай бойынша әлеуметтік көмек мөлшері қайта есептеледі. Артық төленген сома ерікті түрде қайтаруға жатады, қарсы болған жағдайда – сот тәртібінде қаралады.

18 жасқа дейінгі балаларға көрсетілетін көмекті және мекен-жай бойынша әлеуметтік көмекті рәсімдеуге арналған қажетті құжаттар тізімі:

  1. Азаматтарды тіркеу кітабы (түп нұсқа және көшірмесі).
  2. Кірістер туралы анықтама:
    • Жұмыс істеушілерге – жұмыс орнынан өтініш берудің алдындағы тоқсандағы айлық мөлшері туралы анықтама, салық комитетінен кәсіпкерлік қызмет туралы анықтама.
    • Колледж және ЖОО оқитындарға – оқу орнынан шәкіртақы мөлшері немесе оның жоқтығы көрсетілген, оқу түрі көрсетілген (ЖОО-мен шарттың түпнұсқасы және көшірмесі (ақылы, бюджет, кредит)) анықтама.
    • Мектептен (оқушыларға) бас бухгалтердің қолы қойылған алдыңғы тоқсанға (жалпы оқу төлемі туралы) анықтама.
    •  Жұмыссыздарға – жұмыспен қамту орталығынан анықтама, салық комитетінен кәсіпкерлік қызмет туралы анықтама.
    • Толық емес отбасыларға – алименттер туралы анықтама немесе (жалғыз басты аналарға) АХАЖ-дан Ф-4 үлгісіндегі анықтама, асыраушы немесе қамқоршыдан айырылу бойынша көмек мөлшері туралы анықтама.
    • Зейнеткерлер, мүгедектер, көп балалы аналарға және қарауында мүгедек-балалары бар аналарға – зейнетақы немесе көмек мөлшері туралы анықтама, дәрігерлі техникалық экспертті комиссиясының  көшірмесі, зейнеткер куәлігінің көшірмесі.
    • Жұмыс орнынын қысқартуына немесе кәсіпорын жабылуына байланысты жұмыстан шығарылған тұлғаларға – көмек мөлшері туралы анықтама.
  1. Еңбек кітабы (бірінші беттің түп нұсқасы және көшірмесі, оған қоса соңғы жұмысынан шыққан күні).
  2. Өтініш берушінің СТН (салық төлеушінің тіркеу нөмірі).
  3. Көмек алушы жинақ банкінің және дербес шотының нөмірі, қолданыстағы №80 шоты, жаңа алушыларға №95 шоты.
  4. Өтініш берушінің ӘЖК (әлеуметтік жеке коды).
  5. Өтініш берушінің жеке куәлігі (көшірмесі).