Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Мемлекеттік қызметтер МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР



Мемлекеттік қызмет көрсету түрлеріне шағымдану тәртібі


Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» call-орталығы ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414, 8-800-080-7777 (қоңырау шалу тегін)  телефоны арқылы алуға болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген немесе дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша: көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімінің атына немесе egov.kz порталына  беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы заңнамамен белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы.

Шағым онда көтерілген мәселелерді шешу құзыретіне жататын лауазымды тұлғаға жолданады.

Шағымда көрсетілетін қызметті берушінің тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған жағдайда), пошта мекенжайы, шағымның берілген күні көрсетіледі және көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылады.

Шағым берілген кезде әрекеттеріне немесе әрекетсіздіктеріне шағым берілген лауазымды тұлғалардың лауазымы, аты-жөні, жүгінудің негіздемелері мен қойылатын талаптар көрсетіледі.

Шағымды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе бөліміне өткізген кезде шағым берген мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қабылдап алған лауазымды тұлғаның аты-жөні, шағымның қабылданған күні мен уақытын көрсете отырып, талон беру шағымның қабылдағанының  дәлелдемесі болып табылады. Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты тиісті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе бөлімінің лауазымды тұлғаларынан алуға болады.

Шағым портал арқылы жолданған кезде шағымның қаралу барысы туралы ақпарат (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны, қарау нәтижесі туралы белгі) көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» қол жетімді.

 Шағымдарды қарау Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 25 бабында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңында қарастырылған тәртіпте және мерзімде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметтің көрсетілуіне шағымдану тәртібі туралы қосымша ақпаратты мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бақылау және ақпараттық технологияларды дамыту бөлімінен 8-(727) 272-04-02; немесе Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, 566 кабинет мекенжайы бойынша алуға болады.