Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ ӘКІМГЕ СҰРАҚ



Құрметті сайтқа кіруші!

Ескерту* Сіз сайттың ең көп оқылатын «Әкімге сұрақ» айдарына еніп отырсыз. Бұл жерде Сіз сұрақтарыңызды қоя аласыз. Сұрақ қоймастан бұрын сайт әкімшілігі төмендегі ережелерді сақтауды өтінеді:


1. Сіз тек бір сұрақтан артық сауал қоя алмайсыз.
2. Сауалыңыз республикамыздың өзге өңірлеріне қатысты болмауы тиіс.
3. Сұрақ мәдениетті әрі нақтылы болғаны жөн.
4. Егер Сіздің сұрақ- шағымыңыз нақтылы лауазым иесіне немесе кәсіпорын қызметіне қатысты болса, онда олар нақтылы фактілермен бекітілуі қажет.
5. Шағымданушы автор өзінің электронды поштасын (e - mail) және телефонын міндетті түрде көрсетуі тиіс.
6. Берілген сілтемелер міндетті түрде толтырылуы тиіс. Аты- жөні көрсетілмеген өтініш- сауалдар қаралмайды.
Осы ережелер сақталмаған жағдайда сайт редакциясы Сіздің сауалыңызды алып тастап, жауапсыз қалдыруға құқылы.


Бекітілген файлдың құрамында мына форматтар болады:
txt, doc, docx, rtf, xls, xlsx, pps, ppt, pptx, pdf, jpg, bmp,
png, tif, gif, pcx.
Файлдың көлемі 15 Мб аспауы тиіс.
Файлді бекіту файл таңдалған
Ақпарат жіберу үшін суретте көрсетілген кодты енгізіңіз
CAPTCHA


Iздеу
Сұрақ тақырыбы: Сұрақ: Жауап:

04.03.2014 Назгул

сәлематсыздарма! Мен Тіл мәселесін көтеріп отырмын. Алматынық Самал ауданында "SAMAL GYM"денешынықтыру залының бірінде келісімшарт тек орыс тілінде ғана ұсынылды, мен қазақ тілінді талап етіп едім: "Жоқ, біз жекеменшік мекемеміз, қол қоймасаңыз, айлық абономент бере алмаймыз" деп жауап қайтарды. осы мәселе бойынша қайда бара аламын? Бұл тек бір ғана мысал ғой. Жалпы өз тілімізді өзіміз құрмететп, өзіміз қолға алмасақ болмайды ғой. Сол залда тұрған орыс азаматы менің талабыма кекете сөйдеп:" мы не обязаны, это свободная страна. я вас не понимаю и понимать не хочу. не хотите подписывать на русском, так и уходите' деді. Сонда біз не істеуіміз керек,

Жауап

Сәлематсызба, Құрметті Назгүл! Сіздің жіберген хатыңызды қарастыра келе, ҚР «Тілдер туралы Заңының 8-бабына сәйкес, мемлекеттік емес ұйымдардың жұмысында мемлекеттік тіл және қажет болған жағдайда басқа тілдер қолданылады. Сонымен қатар, аталған заңның 10 –бабына сәйкес, меншік нысанына қарамастан құжаттар, есептер т.б. құжаттар мемлекеттік тілде және орыс тілінде қамтамасыз етіледі. Қазіргі уақытта «Самал ГУМ» фитнес орталығының ақпаратына сәйкес, орталықтың құжаттрамасы мемлекеттік және ресми орыс тілінде даярланып тұтынушылардың талабына сай екі тілде ұсынуға даяр екендігін хабарлаймын.

10.02.2014 Қыдырбаев Қалдыбай

Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Асанова Раушан Есенқызына Сәлеметсіз бе! Мен сіз басқарып отырған аудандағы Радостовец көшесі 175 үйдің тұрғынымын. Аты-жөнім Қыдырбаев Қалдыбай. Осы үйдің дәл іргесінде орналасқан (5 м) гараждарды иесі ТЖО-ға (көлік жәндеу орталығына) жалға беріп, ондағы көлік нөпірінен тыныс алудан қалды?. Кей күндері түнімен жұмыс жасайды. Далаға кір жая алмаймыз, көліктер даусынан ұйқыдан қалды? Май, түтін иісінен күндіз-түні терезені аша алмаймыз. Дәл осындай жағдай бұрын да орын алып, 2010 жылы ТЖО-ны барлық тұрғындар болып әкімшіліктің көмегімен жаптырған болатынбыз. өтініш жазып, құжат жинап жабамыз, біраз уақыттан соң қайта ашылады. Тіпті шаршадық. Осы үйдің тұрғындарының атынан сізден ТЖО-ны жабуға көмектесуіңізді сұраймын.

Жауап

Cәлематсызба, Құрметті Қалдыбай! Радостовцев көшесі № 175 үй маңында орналасқан ТЖО-мен қызмет көрсететін автокөліктен шығатын шу деңгейінің нормасын, сонымен қатар жоғарыда аталған ТЖО санитарлық норманы бұзуда жіберілген нормаларды анықтау санитарлық- эпидемиологиялық бақылау басқармасы құзіретіне жатады, бірақ аталған басқармамен азамттардан түсетін электронды өтініште электронды қолтаңба болмаған жағдайда өтініш қарастырылмайды. Соған байланысты өтінішіңізді Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген шеңберде қарастыру үшін, Сізге Алматы қаласы Бостандық ауданы санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасына арнайы хатпен өтініш беруіңіз керек. Басқарма мекен-жайы: Алматы қ. Вахтангова көшесі, 2 үй . Байланыс телефоны 330-79-32

15.01.2014 айсұлу мәлікқызы

: Раушан ханым! Менің 3 балам бар, (6 жас,4 жас 2 жас аралықтарында). 4 балаға аяғым ауыр, Осы Алматы қаласында 10 жылдан астам уақыт болды пәтер жалдап тұрамын, тіпті қалалық тіркеуде тұрғаным үшін үй егелеріне жыл сайын ақы төлеп тұрамын. үй тауқыметін көшіп-қонып бір кісідей азабын тартып келемін.Тусытарым пәтерге берген ақыңды Кезекке тұрып ипотекаға беріп үй алмайсын ба? мені сынайды, Күйеуім ғана жұмыс істейді, Мен үйде балаларның тәрбиесімен отырмын. Маған қандай жеңілдіктер бар екенін айтасыз ба? Балабақшаға 25 мың500 теңге төлеп отырамын, жазда кішкентай кызым барады кезекпен,оған да төлемақы төлеу бізге ауыр соғары хақ, жеңілдік бар ма? Тұрғын үйге кезегіне тұруға бола ма? Әлде ол сағым елес болып кете ма?

Жауап

Сәлематсыз ба, Құрметті Айсұлу! Тұрғын үйге кезекке тұру үшін, Сізге Алматы қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясына хабарласуыңыз қажет, байланыс телефондары 3800492, 3800507. Сонымен қатар,көп балалы ана ретінде де мемлекет тарапынан бала бақшаға баратын балаларыңыздың айлық төлемақысына жеңілдік қарастырылмағанын хабарлаймын.

Страницы: Пред. 1 ... 4 5 6 7 8 Все