Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ ӘКІМГЕ СҰРАҚ



Құрметті сайтқа енуші!

Ескерту* Сіз сайттың ең көп оқылатын «Әкімге сұрақ» айдарына еніп отырсыз. Бұл жерде Сіз сұрақтарыңызды қоя аласыз. Сұрақ қоймастан бұрын сайт әкімшілігі төмендегі ережелерді сақтауды өтінеді:


1. Сіз тек бір сұрақтан артық сауал қоя алмайсыз.
2. Сауалыңыз республикамыздың өзге өңірлеріне қатысты болмауы тиіс.
3. Сұрақ мәдениетті әрі нақтылы болғаны жөн.
4. Егер Сіздің сұрақ- шағымыңыз нақтылы лауазым иесіне немесе кәсіпорын қызметіне қатысты болса, онда олар нақтылы фактілермен бекітілуі қажет.
5. Шағымданушы автор өзінің электронды поштасын (e - mail) және телефонын міндетті түрде көрсетуі тиіс.
6. Берілген сілтемелер міндетті түрде толтырылуы тиіс. Аты- жөні көрсетілмеген өтініш- сауалдар қаралмайды.
Осы ережелер сақталмаған жағдайда сайт редакциясы Сіздің сауалыңызды алып тастап, жауапсыз қалдыруға құқылы.


Бекітілген файлдың құрамында мына форматтар болады:
txt, doc, docx, rtf, xls, xlsx, pps, ppt, pptx, pdf, jpg, bmp,
png, tif, gif, pcx.
Файлдың көлемі 15 Мб аспауы тиіс.
Файлді бекіту файл таңдалған
Ақпарат жіберу үшін суретте көрсетілген кодты енгізіңіз
CAPTCHA


Iздеу
Сұрақ тақырыбы: Сұрақ: Жауап:

11.09.2014 Даулет

Курметтi Раушан Есенкызы.! Сурагымды берместен бурын,казак кызына деген ризашылыгымды бiлдiргiм келедi.Менiн накты сурагым,Альфараби дангылы,Ремизовка бурылысынан, жогары карай,жол бойында,бiрде бiр жарык шамы койылмаган,жанеде,коше бойында адамнын арнайы журу жолы жасалмаган,Ремизовка мектебiне жол бойында,кетiп бара жаткан окушы балалардын, жол апатына тусу жагдайына,бiрнешерет куа болдым.Кыруар шаруаларынызды, жаксы тусiнемiз,осы суракты аяксыз калдырмайтынынызга сенемiз,накты жауабын беруiнiздi отiнемiз. Курметпен Ерменсай ауылынын тургындары.

Жауап

Салематсызба, Даулет Қазіргі таңда, аталған жолға жарықтандыру желілерін орнатуға жоба-сметалық құжаттар дайындалған. Ремизовкаға баратын жолдың бойына соқпақ орнату Алматы қаласы Автомобильдер жолдары басқармасына 2015 ж соқпақтарды жөндеу және салу жоспар-кестесіне енгізу үшін өтінімге енгізілді. Жоғарыда айтылғандарға байланысты жарықтандыру желілерінің және соқпақтың құрылысы қаржы бөлінуіне байланысты жүзеге асырылады.

23.08.2014 Жолдыбайулы Берик

Раушан Есенкызы Саламатсызба! Мен сіздерді Сотка берем, мен велосипед пен келе жатып арықтың ішіне құладым, тротуарный көшеде Тимирязова көшесінде номер 44 үйдің алдында құлап бетімнен бет қалмады скорой помощь шақырып Калкаман 7 болницаға апарды ренгенге түсірді сотресение алдым, сосын номер 5 болницага жиберді ернімнің үсті жыртылды оны тіккіздім. Бұл оқиға 23.08.2014 ж сағат 12:10 кеткенде болды, корген свидетельдерім бар керек болса. Суреттердің бәрі бар для доказательства сіздерді Сотка берем

Жауап

Сәлематсызба, Берік. Аудан аумағындағы орналасқан Тимирязев көшесінің бойындағы жаяусоқпақтың санитарлық тазалау жұмыстарын аудан мердігер ұйымымен график бойынша қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар Сіздің мәселеңіз бойынша Сіз сол аудан мердігер ұйымының жұмысы жайлы сотқа жүгінуге құқылы екеніңізді жеткіземін.

10.07.2014 Бағдат Молдахметұлы

Қадірлі Раушан Есенқызы! Орбита – 2 ықшамауданында орналасқан № 6,7,8,9 үйлерде тұратын тұрғындардың балалары атынан сізге өтініш білдіргіміз келеді.Алматы қаласындағы балаларға арналған футбол клубтарында оның ішінде «Қайрат» академиясында ойнайтын 6 жастан 12 жас аралығындағы оннан астам балаларымыз бос уақыттарында түнге дейін аулада футбол ойнайды. Өкінішке орай тегіс емес, бұрыннан қалған бетон, темір қалдықтары бар, қиыршық тастар жатқан аулада шаң жұтып ойнаған балаларымыздың денсаулықтары бізді алаңдатып отырады.Осыған байланысты футболға ерекше құштар қазақ балаларының болашағы үшін кішкентай футбол алаңын ашуға демеушілік жасауыңызды сұраймыз. Мұндай игілікті істің орындалуын БАҚ арқылы жариялауға ата-аналар атынан уәде береміз.

Жауап

Сәлеметсіз бе, Бағдат Молдахметұлы! Бостандық ауданы әкімінің аппараты бюджеттік мекеме болғандықтан демеушілік көрсетуге бюджеттен қаржы қарастырылмағанын жеткіземін.

10.07.2014 Бағдат Молдахметұлы

Қадірлі Раушан Есенқызы! Орбита – 2 ықшамауданында орналасқан № 6,7,8,9 үйлерде тұратын тұрғындардың балалары атынан сізге өтініш білдіргіміз келеді.Алматы қаласындағы балаларға арналған футбол клубтарында оның ішінде «Қайрат» академиясында ойнайтын 6 жастан 12 жас аралығындағы оннан астам балаларымыз бос уақыттарында түнге дейін аулада футбол ойнайды. Өкінішке орай тегіс емес, бұрыннан қалған бетон, темір қалдықтары бар, қиыршық тастар жатқан аулада шаң жұтып ойнаған балаларымыздың денсаулықтары бізді алаңдатып отырады.Осыған байланысты футболға ерекше құштар қазақ балаларының болашағы үшін кішкентай футбол алаңын ашуға демеушілік жасауыңызды сұраймыз. Мұндай игілікті істің орындалуын БАҚ арқылы жариялауға ата-аналар атынан уәде береміз.

Жауап

Сәлеметсіз бе, Бағдат Молдахметұлы! Бостандық ауданы әкімінің аппараты бюджеттік мекеме болғандықтан демеушілік көрсетуге бюджеттен қаржы қарастырылмағанын жеткіземін.

06.07.2014 галия

Өтініш Мен Раймбергенова Галия жасым 34те.Бір балам бар,жалғыз басты анамын,жалдамалы пәтерде тұрамын.9 жыл мед,саласында орта білімен қызмет атқардым. Өтініш беру себебім,2014 ж қантар айынан бастап науқастандым.Наурыз айынанда Диагноз:Ситемная красная волчанка,хр, течение,акт 3 ст,с порпжением кожи,лейкопения,тромбоцитопенrия,анемия.Сәуір айында емханада жатып шықтым,қазір гармон препараттарын қабылдаудамын,жағдаиым нашарлап барады,жұмысқа жарамсыз болып қалдым.Осы ауруға арналған препарат барын,маған ревматолог кеңес берген аты БЕНЛИСТА.Бұл дәріні алуға коп қаражат керек екен.Өтініш,осы дәріні алуға көмектесулеріңізді сұраимын.

Жауап

Сәлеметсіз бе, Ғалия! Дәріні алу үшін Сізге Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасына хабарласуыңыз қажет, мекен-жайы: Жандосов көшесі, 6, байланыс телефоны:2755473. Бостандық ауданы әкімі аппаратының бюджетінде материалдық көмек көрсетуге қаржы қарастырылмаған. Сонымен қатар, материалдық көмек алу үшін Сізге Бостандық ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімшесіне хабарласуыңызға кеңес береміз, мекен-жайы: Жандосов көшесі, 2 үй, байланыс телефоны 3922295.

03.07.2014 Бахадыр

1)Жороков жане Дунаевский кошесинин киылысында Багдаршам жок,сол себептен неше авто авариялар болып жатыр,оган ешким конил болмейди. 2)Дунаевский кошесинин бойында, онтустик тургын массивпен солтустик тургын уйлердин арасында еки жерде(35 уймен 21 уйлер жане 53 уймен 27 уйлер арасында) адамдар журетин "пешеход" жол бар,бирак ол жерде Знакта жерге асфалтен жасалган ("лежачии полицейский" деп атайды) биктикте жок.Ол жокболгасын,бул кишкене кошемен журген мото жане автомобильдер 70-80 жылдамдыктен де отип жатыр,ал бул кошеден бир кунде 100-200 ден аса кишкентай балалар отеди.Оган акимшилик тарапынан конил болинген жок.Сизден отиниш,осы кошенин маселесин шешип берсениз,осы Алмагулде туратын халык рахметин айтатын еди.

Жауап

Сәлеметсіз бе, Бахадыр! Сіздің хатыңызда электронды қол жоқ болғандықтан, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шара қолдану үшін, Сізге Байтұрсынов көшесі, 185Б (тел.: 2929020) мекенжайы бойынша Алматы қаласы ҚІІБ Жол полициясы Басқармасына жазбаша түрде арызбен жүгінуіңіз қажет.

30.06.2014 Байдаралина Асылгуль Максутовна

Здравствуйте Уважаемая Аким Бостандыкского Района - Раушан Есенқызы, Меня зовут Асылгуль Байдаралина проживающая в городе Алматы, Бостандыкского Района. Моя дочь(4 годика и 11месяцев) у нее отставание речевого развития и она стоит уже полтора года в очереди в спецдетсад с речевым уклоном #54 в отделение Казахского языка. Я как мать переживаю что моя девочка может отстать на много, и так специалисты мне сказали, что это займет десятилетия. Несколько раз ходила на комиссию чтобы каким то образом зачислить, ведь ее уровень развития как у 3х летнего ребенка. В 24.06.14 мы прошли в 3-тий раз Городскую комиссию ПМПКа на Каблукова Торайгырова, г. Алматы. Ожидали что после полтора года хождения по коррекционным центрам мы наконец-то сможем попасть в спецсадик с Казахским уклоном, но нам сказали ждать снова, может еще год. Время идет, в следующем году ей будет 6 и мы тогда вообще не попадаем в специализированый речевой детсад, потому-что дальше уже школа и она может еще больше отставать. Мы сделали выбор обучать наших детей родному языку в собственной стране. К сожалению не достаточно пока что предпринимается для развития Казахского языка, например трудно устроить ребенка с задержкой речевого развития в спецсадик с Казахским Языком обучения. Прошу содействовать моему ребенку попасть в ее детский сад, специализированный речевой сад#54 с Казахским Уклоно

Жауап

Здравствуйте, Асылгуль! Направления в специализированные и коррекционные детские сады города Алматы выдается на основании заключение психолого-медико-психологической консультации (ПМПК). Для получения направления в коррекционный ясли-сад №54 для детей с тяжелыми нарушениями речи Вам необходимо обратиться в Управление образования города Алматы. Дополнительно сообщаем, что КГУ «Коррекционный ясли-сад №54 для детей с тяжелыми нарушениями речи» расположенный по адресу: мкрн. Таугуль, 54 – является дошкольной организацией образования Ауэзовского района города Алматы.

30.06.2014 Асылшуль

Саляматізбе Раушан Есенқызы, Мен Байдаралы Асылгул кызымды спец речевой садик # 54ке тіркеу үшүн шеретте бір жыл жарым турмын. 24.06.14 күні комиссия оттік, бізге әлі бір жыл күтесіндер деді керек болса. Казахским уклоном спецсадик аз екен, көбіне орыс тілін ұйреніп жұрген балалары тез сондай речевой садиктіріне кіреді. Ал казакша ұйренейн десен, комиссиянын өзі айтады баланды орыс тіліне бер деп. Көбі комиссияны тындап балаларын орыс тілге бар спец садикке тіркеп қояды. Ал біз қазақ тілін тандап мына жылы бізге орын әлі жоқ дейді. Мен өтте қызымды сол арналган спец казак отделение бар речевой уклон бала бакшаға бергім келеді. Бырақта қорықамын, тағыда бір жыл қыртсыртеп анда мында жұрем бе. Көніліме қатты түседі өз елімде балама қазақ тілін ұйренейн дегіссен, қыйн, ал орыс тілінге шақ жок. Қалай көпірек сапасы жақсы Қазақ тілінде бала бақшалар, мектептер ашуылын жасауға болады. Әлде қайтадан бәріміз орыс болык кетемізбе? Қалай мен қызымды сол бала бақшаға кіргізе аламын, айтпесе оны мен қалай үлгерем баламды мектепкке дайындау? Рахмет сіздін уақытынызға Раушан Есенқызы, Мүмкіншілігіз болса көмек беруін, Қазақ тілін қазақ балама ұйренуін речевой балабақшаға орналастыруын сүраймын сіздерден... ПМПКа менінен ол туралы сөйлескесі келмейді, Кімге баруын басқа білмеймін. Өтінішімен, Кунекей анасы Асылгуль

Жауап

Сәлеметсіз бе, Асылгүл! Асылгүл балаңызды арнайы тіл дамыту бала-бақшасына орналастыру үшін Алматы қаласы Білім басқармасына хабарласуыңызды сұраймын, себебі бұл сұрақ Білім басқармасының құзырында.

04.05.2014 Айнур

саламатсыздарма! мен 3 баланың анасымын, сол 3 баламмен далада калдым, кайда барам не істейм? көмектесіңіздерші

Жауап

Сәлематсызба, Құрметті Айнур ! Тұрғын үйге кезекке тұру үшін, Сізге Алматы қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясына хабарласуыңыз қажет, мекен-жайы Жароков көшесі, 215 үй, байланыс телефоны: 3800499. Бостандық ауданы әкімі аппаратының бюджетінде материалдық көмек көрсетуге қаржы қарастырылмаған. Сонымен қатар, материалдық көмек алу үшін Сізге Бостандық ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңызға кеңес береміз,байланыс теелфоны: 392-22-95

30.04.2014 Шыңғыс

Саламатсызба! Мен Отеулі Шыңғыс, Тұран университетінің "Мемлекеттік және жергілікті басқару"мамандығының 3 курс студенті едім, Осы оқу жылы біткен соң 10 кун көлеміндегі тәжірибені (практиканы) Бостандық ауданының әкімшілігінде өтуіме болады ма?

Жауап

Саламатсызба құрметті Отеулі Шыңғыс! Сіздің хатыңызды қарастыра келе келесіні хабарлаймыз, Бостандық ауданы әкімі аппаратында өндірістік тәжірибені өту үшін Өзіңіз оқып жатқан «Тұран» университеті тарапынан аудандық әкімдікке арнайы хат пен үлгілік келісім шарт жолдануы қажет.

04.03.2014 Назгул

сәлематсыздарма! Мен Тіл мәселесін көтеріп отырмын. Алматынық Самал ауданында "SAMAL GYM"денешынықтыру залының бірінде келісімшарт тек орыс тілінде ғана ұсынылды, мен қазақ тілінді талап етіп едім: "Жоқ, біз жекеменшік мекемеміз, қол қоймасаңыз, айлық абономент бере алмаймыз" деп жауап қайтарды. осы мәселе бойынша қайда бара аламын? Бұл тек бір ғана мысал ғой. Жалпы өз тілімізді өзіміз құрмететп, өзіміз қолға алмасақ болмайды ғой. Сол залда тұрған орыс азаматы менің талабыма кекете сөйдеп:" мы не обязаны, это свободная страна. я вас не понимаю и понимать не хочу. не хотите подписывать на русском, так и уходите' деді. Сонда біз не істеуіміз керек,

Жауап

Сәлематсызба, Құрметті Назгүл! Сіздің жіберген хатыңызды қарастыра келе, ҚР «Тілдер туралы Заңының 8-бабына сәйкес, мемлекеттік емес ұйымдардың жұмысында мемлекеттік тіл және қажет болған жағдайда басқа тілдер қолданылады. Сонымен қатар, аталған заңның 10 –бабына сәйкес, меншік нысанына қарамастан құжаттар, есептер т.б. құжаттар мемлекеттік тілде және орыс тілінде қамтамасыз етіледі. Қазіргі уақытта «Самал ГУМ» фитнес орталығының ақпаратына сәйкес, орталықтың құжаттрамасы мемлекеттік және ресми орыс тілінде даярланып тұтынушылардың талабына сай екі тілде ұсынуға даяр екендігін хабарлаймын.

10.02.2014 Қыдырбаев Қалдыбай

Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Асанова Раушан Есенқызына Сәлеметсіз бе! Мен сіз басқарып отырған аудандағы Радостовец көшесі 175 үйдің тұрғынымын. Аты-жөнім Қыдырбаев Қалдыбай. Осы үйдің дәл іргесінде орналасқан (5 м) гараждарды иесі ТЖО-ға (көлік жәндеу орталығына) жалға беріп, ондағы көлік нөпірінен тыныс алудан қалды?. Кей күндері түнімен жұмыс жасайды. Далаға кір жая алмаймыз, көліктер даусынан ұйқыдан қалды? Май, түтін иісінен күндіз-түні терезені аша алмаймыз. Дәл осындай жағдай бұрын да орын алып, 2010 жылы ТЖО-ны барлық тұрғындар болып әкімшіліктің көмегімен жаптырған болатынбыз. өтініш жазып, құжат жинап жабамыз, біраз уақыттан соң қайта ашылады. Тіпті шаршадық. Осы үйдің тұрғындарының атынан сізден ТЖО-ны жабуға көмектесуіңізді сұраймын.

Жауап

Cәлематсызба, Құрметті Қалдыбай! Радостовцев көшесі № 175 үй маңында орналасқан ТЖО-мен қызмет көрсететін автокөліктен шығатын шу деңгейінің нормасын, сонымен қатар жоғарыда аталған ТЖО санитарлық норманы бұзуда жіберілген нормаларды анықтау санитарлық- эпидемиологиялық бақылау басқармасы құзіретіне жатады, бірақ аталған басқармамен азамттардан түсетін электронды өтініште электронды қолтаңба болмаған жағдайда өтініш қарастырылмайды. Соған байланысты өтінішіңізді Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген шеңберде қарастыру үшін, Сізге Алматы қаласы Бостандық ауданы санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасына арнайы хатпен өтініш беруіңіз керек. Басқарма мекен-жайы: Алматы қ. Вахтангова көшесі, 2 үй . Байланыс телефоны 330-79-32

15.01.2014 айсұлу мәлікқызы

: Раушан ханым! Менің 3 балам бар, (6 жас,4 жас 2 жас аралықтарында). 4 балаға аяғым ауыр, Осы Алматы қаласында 10 жылдан астам уақыт болды пәтер жалдап тұрамын, тіпті қалалық тіркеуде тұрғаным үшін үй егелеріне жыл сайын ақы төлеп тұрамын. үй тауқыметін көшіп-қонып бір кісідей азабын тартып келемін.Тусытарым пәтерге берген ақыңды Кезекке тұрып ипотекаға беріп үй алмайсын ба? мені сынайды, Күйеуім ғана жұмыс істейді, Мен үйде балаларның тәрбиесімен отырмын. Маған қандай жеңілдіктер бар екенін айтасыз ба? Балабақшаға 25 мың500 теңге төлеп отырамын, жазда кішкентай кызым барады кезекпен,оған да төлемақы төлеу бізге ауыр соғары хақ, жеңілдік бар ма? Тұрғын үйге кезегіне тұруға бола ма? Әлде ол сағым елес болып кете ма?

Жауап

Сәлематсыз ба, Құрметті Айсұлу! Тұрғын үйге кезекке тұру үшін, Сізге Алматы қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясына хабарласуыңыз қажет, байланыс телефондары 3800492, 3800507. Сонымен қатар,көп балалы ана ретінде де мемлекет тарапынан бала бақшаға баратын балаларыңыздың айлық төлемақысына жеңілдік қарастырылмағанын хабарлаймын.

Страницы: Пред. 1 2 3 4 5 6 Все