Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Мемлекеттік қызмет МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ



Мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі


Қазақстанда жаңа мемлекеттіліктің қалыптасуына орай, ашық-құқылы институт ретінде елде әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерісті қамсыздандыруға арналған мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі үнемі артуда. Республиканың мемлекеттік қызметінің сапалы қарымын арттыру, жалпы стратегиясының жүзеге асуын және мемлекеттік органдардағы кадрлармен жұмыста практикалық қызметінің координациясын қамтамасыз ету, бірыңғай методологиялық қатынас негізінде елде мемлекеттік кадрлық саясатты жасау.
«Қазақстан дамуының жаңа белесіндегі «Қазақстан-2030» Стратегиясында» біздің ішкі және сыртқы саясатымыздың және мемлекеттік қызметті және кадрлық саясатты қайта құрудың 30 маңызды бағыттары анықталды. Аталмыш маңызды тарихи құжатта мемлекеттік қызметкерлердің жаңа буыны корпусын жаңартуға арналған дәйекті бағам, біліктілігі дәрежесіне орай талаптар орнату, іріктеу, дәуірлес кезеңде кадрларды мемлекеттік аппарат қажеттілігін және болашағын есепке ала отырып оқыту сияқты бағыттарға басымдылық белгіленген.
Реформа Қазақстанда тиімді, заманға сай мемлекеттік қызметті және сауда экономикасына оңтайлы басқару құрылымдарын құруға бағытталған.
Мемлекеттік басқармаларды реформалаудың басым бағыттарының бірі кадрларды алу, даярлау әрі алға жылжыту. Мемлекеттік қызмет беделін құру және қолдау стратегиялық мақстын қою қажет.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет реформасының маңызды бөлімі басқарма жүйесін кадрлармен бекіту болып табылады. Бұл жерде Халықаралық конференция қатысушыларының 21 ғасыр шегіндегі мемлекеттік басқарманы жетілдіруге қатысты ұсыныстары маңызды рөлді ойнады.
Бірыңғай кадрлық саясатты жүргізу үшін, республикалық және жергілікті деңгейде, Қазақстан Республикасы президенті арқылы, ақпараттық-аналитикалық қамту қызметімен және оның аймақтағы сәйкес құрылымдық бөлімшелерімен берге, кадрлық саясат және мемлекеттік қызмет мәселелеріндегі мемлекеттік органдар қызметінің координациясын қамту, мемлекеттік қызметкерлер туралы мәлімет банкін құру және оларға дәрежелік категорияларды беру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік орган құру қажет деп танылды.
Органдардың есеп жүйесін және органдардың дерек есептілігін құру, мемлекеттік қызметкерлерді дайындауға және қайта даярлауға бірыңғай мемлекеттік қалып орнату, оқу орындарының міндетті түрде лицензиясы болуын қадағалау және меншіктік қалпына қарамастан сондай қызметтерді енгізетін орталықтар құру; кәсіби деңгейін, басқару персоналы жұмысының сапасын анықтайтын жүйені жетілдіру және енгізу, жұмысшылардың мемлекеттік қызметі барысында әлеуметтік қорғалуы, мемлекеттік басқару тәжірибесінде ұлттық нақышты ескеру, әйелдерді мемлекеттік басқару аясына белсендірек тарту, мемлекеттік қызметкерлерді оқыту барысында орталық-азиялық елдердің ықпалдастығын дамыту және т.б. ұсынылды, осының барлығы Қазақстан Республикасында мемлекеттік кадрлық қызметтің ары қарай жетілуіне, мемлекеттік қызмет институтының дамуына септігін тигізеді.
Мемлекеттік аппаратты жаңартуға себепші болатын келесі батыл шаралар, азаматтарды әкімшілік қызметке алуда міндетті түрде іріктеу конкурсын енгізу және қызметте алға жылжуы болып табылады. Бұл жерде кадрлық саясат азаматтардың конституциялық құқығы бойынша қоғамның барлық қабаттарында тіреуіш болатын мемлекеттік қызметке теңдес рұқсаты механизмін жетілдіруге бағытталады.
Мемлекеттік қызметті Реформалаудың маңызды бағыты жемқорлықпен күрес болуы қажет. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында тұлғалардың лауазымына қарамастан аясуыз жемқорлықпен күреске аса назар аударылады. Кадрлық саясат пен мемлекеттік тәжірибеде аталмыш бағыттың жүзеге асу механизмі азаматтардың құқы мен бостандығына бағытталған, мемлекеттік қызмет атқаратын мемлекеттік органдардың, лауазымды және басқа тұлғалардың нәтижелі қызметін қамтамасыз ету, және кінәлі жақты жауапкершілікке тарту жолдарымен шешілетін болады. Жемқорлықпен белсенді күресуде, басқару корпусының үнемі жаңартылып отыруы, мемлекеттік аппараттың кезекті қысқартылуы, тікелей яки жанама жемқорлыққа жол беретін жағдайлардың алғышарттарын әшкерелеуге стратегиялық курс алу қажет.
Мемлекеттік қызметтің Қазақстандық үлгісін жасауда өзіміздің және шетелдің жақсы нәтиже берген тәжірибелерінен біртіндеп жинақталған. Бүгінде мемлекеттік қызметтің бірыңғай мемлекеттік биліктің заң шығаратын, іске асырушы және соттық салаларға бөлінуіне қарамастан барлық ұйым түрлеріне бірдей негіз бен ұстаным құрудың қажеттілігі анықталуда. Бұл бағытта саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдар тізілімін, қызмет пен мамандықтың сәйкестігін, іріктеу рәсімін, кадрларды орынды пайдалану, мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік-құқықтық қорғалуы мен еңбегін ынталандыру механизмін, кадрларды оқыту бағдарламасын жасау, мемлекеттік қызметкерлердің тәжірибесінде адекватты қажеттілікті анықтау; мемлекеттік органда кадрлық құрылым санының өсуін тұрақтандыру; мемлекеттік аппарат кадрларының аспандатылуы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби қабілеттілігі мен еңбек нәтижесінің бағалануын қамтамасыз ету алдыңғы саптағы маңызға ие.
Соңында, Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет реформасы жаңа экономикалық шарттарға икемделген, мемлекеттің ішкі, сыртқы саясаттың жүзеге асуын сапалы жаңа деңгейде қамтуға қабілетті кадрлық потенциалды жаңартуға бағытталуын; іскери қасиетіне сәйкес мемлекеттік қызметкерлерді ашық және жабық процедурасында іріктеу мен алға жылжытуды енгізуді, кадрлардың біліктілігін үнемі көтеруді әрі олардың әлеуметтік-құқықтық қорғанысын қамтамасыз етуді атап көрсету тиіс. Бұл ретте мемлекеттік қызметкерлер кәсіби дайындығының барлық талаптарына жауап бере жүріп қоғамның қожайынынан құлға айналуға бейімделеді. Осы себепті ел Президенті өзінің «Қазақстан - 2030» атты Қазақстанға Жолдауында «жаңа генерация шенеунігі – ол ұлттың қызметшісі, патриотты әрі әділ, өз ісіне адал кәсіпші», - деп атап өтті. Қазіргі мемлекеттік қызметтен қоғамның күтетіні де осы.
«Біздің өз алдымызға қойған мақсатымызға жету қосымша жасақ күшін жиюды және көп жағдайда іске кездейсоқ қатынас пен биліктің барлық органдары мен институттары, іскери, ғылыми және сарапшы қоғамдастық тарапынан келуді талап етеді.
Ең бастысы: кешенді жетілдіру үдерісі еліміздің барлық тұрғындарының, қоғамның барлық қабаттары мен институттарының тікелей қатысуы мен мүддесі тұрғысынан қаралуы тиіс».