Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Мемлекеттік қызмет МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ



Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы


  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 20 наурызда № 8380 тіркелді

      «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 14-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
      2. Тізілімге сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      3. Агенттіктің Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімі (Т.Қ. Жұмағұлов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялау күнінен бастап, бірақ 2013 жылдың 26 наурызынан ерте емес қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                           А. Байменов

  Қазақстан Республикасы     
 Мемлекеттік қызмет істері  
 агенттігі Төрағасының     
2013 жылғы 19 наурыздағы 06-7/32
 бұйрығымен          
 бекітілген          

   Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу
және конкурс комиссиясын қалыптастыру
қағидалары

   1. Жалпы ережелер

      1. Конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк қызметке тең қол жеткiзу конституциялық құқығын қамтамасыз етедi.
      2. Конкурсты «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдары бар (бұдан әрі – бос лауазымдар) мемлекеттік органмен лауазымдардың тиісті санаттарына резервшiлер тiзiмi қаралғаннан кейiн өткiзіледi.
      3. Конкурс жариялаған мемлекеттiк орган бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға iрiктеудi жүзеге асыру үшін конкурс комиссиясын қалыптастырады.
      4. Конкурс комиссиясының шешiмi бос лауазымға орналасудың немесе мұндай лауазымға орналастырудан бас тартуға негiз болып табылады.
      5. Мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, жарияланған конкурс оның өткізудің кез келген кезеңінде ол туралы міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланып тоқтатылуға тиіс.

      6. Конкурсқа:
      1) «Мемлекеттiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 10-бабы 4-тармағында, 13-бабының  1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес;
      2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.
      7. Конкурс туралы хабарландырулар жарияланғаннан кейін мемлекеттік органға осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған азаматтар конкурс қатысушылары болып табылады.
      8. Конкурс комиссиясы шешімінің негізінде әңгімелесуге жіберілген конкурс қатысушылары бос лауазымға орналасуға кандидаттар (бұдан әрі – кандидаттар) болып табылады.
      9. Конкурс комиссиясы конкурсқа қатысушылар берген құжаттарды қарайтын, кандидаттармен әңгiмелесу өткiзетiн және бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға iрiктеудi жүзеге асыратын алқалы орган болып табылады.
      10. Конкурс мынадай сатылардан тұрады:
      1) конкурс өткізу туралы хабарландыруларды жариялау;
      2) конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген азаматтардың құжаттарын қабылдау;
      3) конкурсқа қатысушылар құжаттарының «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн алдын ала қарау;
      4) кандидаттармен конкурс комиссиясы өткiзетiн әңгiмелесу;
      5) конкурс комиссиясының қорытынды отырысы.
      11. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

3. Конкурс туралы хабарландыру

12. Орталық мемлекеттік органдарда, ведомстволарда және олардың аумақтық бөлімшелерінде конкурс өткізу кезінде хабарландырулар орталық мемлекеттік органның және мемлекеттік қызмет істері  жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) интернет-ресурстарында, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады.
      Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда конкурс өткізу туралы хабарландырулар жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және уәкілетті органның интернет-ресурстарында, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады.
      Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) құрылған жағдайда хабарландыру құрылымында тұратын мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.
      13. Конкурс өткізу туралы хабарландырулар жариялағаннан кейін «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 3-тармағы, 14-бабының 8-тармағы және 15-1-бабының 1-тармағында көзделген тәртіп бойынша конкурстық рәсімдер аяқталғанша, азаматтарды жарияланған лауазымға тағайындауға жол берілмейді.
      14. Конкурс өткiзу туралы хабарландыру мынадай мәлiметтерден тұрады:
      1) мекен-жайы көрсетілген конкурс өткізетін мемлекеттiк органның атауы, почта мекен-жайлары, телефондары мен факс нөмiрлерi, электрондық почта мекен-жайлары;
      2) негiзгi функционалдық мiндеттерi, еңбек ақысының көлемi мен шарттары көрсетiлген бос лауазымдар атауы;
      3) мемлекеттiк органмен айқындалған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негiзгi талаптар;
      4) құжаттарды қабылдау мерзiмi (конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күн);
      5) осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар тізбесі;
      6) әңгiмелесу өткiзудiң мерзiмi мен орны;
      7) конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың қатысуына қатысты ақпарат.
      Конкурс белгілі жұмыс істеу мерзімі бар бос лауазымға орналасуға конкурс өткізу жағдайында, бұл шарт конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.
      Хабарландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін қосымша ақпаратты қамтуы мүмкін.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 11.12.2013 № 06-7/179 бұйрығымен (01.03.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

4. Конкурс комиссиясын қалыптастыру

15. Конкурс комиссиясы осы Қағидалармен айқындалған тәртiппен тиiстi лауазымға тағайындауға құқығы бар тиiстi мемлекеттiк органның басшысымен, ал жауапты хатшы лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшымен қалыптастырылады.
      Аудандарда, қалаларда, облыстарда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшін бірыңғай конкурс комиссиясын құруға жол беріледі. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық, қалалық, облыстық атқарушы органдардың бірыңғай конкурс комиссиясы осы атқарушы органдардың басшыларын тағайындауға құқығы бар тұлғаның шешімімен құрылады.
      Орталық мемлекеттік органның аудандық аумақтық бөлімшелері үшін орталық мемлекеттік органның өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшелерінде бірыңғай конкурс комиссиясын құруға жол беріледі. Аудандық аумақтық бөлімшелердің бірыңғай конкурс комиссиясы орталық мемлекеттік органның өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесі басшысының шешімімен немесе жоғары тұрған органның шешімімен құрылады.
      16. Конкурс комиссиясы кемінде бес мүшеден тұрады. Конкурс комиссиясының төрағасы осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғамен айқындалады.
      Конкурс комиссиясының құрамына персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) қызметкерлері не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндетін атқару жүктелген тұлғалар, мемлекеттік органның басқа бөлімшелерінің қызметкерлері, сондай-ақ осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғамен айқындалатын өзге тұлғалар енгізіледі.
      Конкурс комиссиясының құрамына мемлекеттік органның басшысы және басшы орынбасары болып табылатын мемлекеттік саяси қызметші кіре алмайды.
      Конкурс комиссиясының төрағасы осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның шешімі бойынша персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшысы не өзге тұлға тағайындалады.
      Бірыңғай конкурс комиссиясының құрамына орналасуға өткізілетін конкурс бос лауазымдар бар мемлекеттік органдардың немесе мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қосылады.
      Конкурс комиссиясының хатшысы оның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады және дауыс беруге қатыспайды.
      Конкурс комиссиясының қатыспаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.
      17. Конкурс комиссиясының құрамына конкурсқа қатысушы кіре алмайды.
      18. Конкурс комиссиясы әр жарияланған бос лауазым үшін сол лауазымға үміткер кандидаттарға міндетті тәртіпте және бірдей көлемде қойылатын сұрақтардың тізбесін бекітеді.
      19. Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.
      Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 11.12.2013 № 06-7/179 бұйрығымен (01.03.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
      20. Байқаушылар әңгімелесу өткізу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
      21. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
      22. Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталардан бұрын осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысандағы жадынамамен таныстырады.
      23. Байқаушылар конкурс комиссиясы отырыстарының хаттамаларымен танысуға және тиісті мемлекеттік органның басшылығына және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.
      24. Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
      Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақ қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді. Конкурс комиссиясының қорытынды отырысына бұл тұлғалар қатыспайды.
      25. Конкурс аяқталғанға дейін уәкілетті органдарға ақпарат беруді және Қазақстан Республикасы заңдарымен бекітілген басқа да жағдайларды қоспағанда мемлекеттік органның қызметкерлеріне конкурс комиссияларының құрамы, конкурсқа қатысушылар туралы және олардың жеке деректерін жариялауға жол берілмейді.
      26. Уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің жолдамасы бойынша олардың қызметкерлерінің кандидаттармен әңгімелесуде және конкурс комиссиясының қорытынды отырысына қатысуға жол беріледі.

1 2