Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Мемлекеттік қызмет МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ



Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы


                                                                                          

Алматы қаласы Бостандық ауданы

әкімі аппаратының «Б» корпусы

мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің

қызметін бағалаудың Әдістемесін

бекіту туралы


 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 33 бабы 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 110 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне сәйкес, Бостандық ауданының әкімі ШЕШТІ:

1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесі бекітілсін.

2. Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің 2016 жылғы 11 ақпандағы № 01 «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы» шешімінің (Алматы қаласының Әділет департаментінде 2016 жылдың 03 наурызында № 1257 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 наурыздағы № 28-29 «Алматы ақшамы» басылымында және 2016 жылғы 10 наурыздағы № 30- 31 «Вечерний Алматы» басылымында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы нормативтік құқықтық акт Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізілсін.

4. Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты осы шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.

5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бостандық ауданы әкімінің аппарат басшысы Р. Д. Искаковқа жүктелсін.

6. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

              Әкім                                                                                           Б. Торгаев

 

 Енгізеді:

Персоналды басқару қызметі бөлімінің 

басшысы (Кадрлық қызмет)                                                                 С. Сатымова

 Келісілді:

Аппарат басшысы                                                                                 Р. Искаков

 Мемлекеттік-құқықтық бөлімнің басшысы                                       Г. Мамбетова