Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Саясат САЯСАТ



Қазақстан Республикасы сайлау туралы заңы


1 Тарау: Жалпы ережелер
1-бап. Oсы Кoнституциялық заң рeттeйтін қатынастар Осы Конституциялық заң Республика Президентiнiң, Парламентiнiң Сенаты мен Мәжiлiсi, мәслихаттары депутаттарының және өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын әзiрлеу мен өткiзу кезiнде пайда болатын қатынастарды реттейдi, сондай-ақ Республика азаматтарының ерiк бiлдiру бостандығын қамтамасыз ететiн кепiлдiктердi белгiлейдi.
1-бапқа өзгерiс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.06.19. № 268-III Конституциялық заңымен
.
 2-бап. Сайлау бoстандығы Республикадағы сайлау Республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркiн жүзеге асыруына негiзделедi.
 3-бап. Сайлау құқығы принциптeрі
 1. Республика Президентiн, Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.
 2. Республика Парламентi Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.
 3. Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерiктi болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ.
 3-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. № 375-I; 2007.06.19. № 268-III Конституциялық заңдарымен.
4-бап. Жалпыға бірдeй сайлау құқығы
 1. Жалпыға бiрдей белсендi сайлау құқығы - Республиканың он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы.
 2. Бәсең сайлау құқығы - Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, мәслихатының депутаты немесе өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органына мүше болып сайлану құқығы.
 3. Сайлауға сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды.
 4. Мыналар: 1) сотталғандығы белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам;     
                    2) сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адам Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің, оның ішінде партиялық тізімдер бойынша, мәслихаттардың депутаттығына кандидат, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидат бола алмайды.
 
4-бапқа өзгерiс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.05.08. № 222-I; 1999.05.06. № 375-I; 2004.04.14. № 545-II; 2005.04.15. № 44-III; 2007.06.19. № 268-III; 2009.02.09. № 124-IV Конститу циялық заңдарымен.

5-бап. Тeң сайлау құқығы
 1. Сайлаушылар Республика Президентi, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттары және мәслихаттарының депутаттары сайлауына тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының бiр сайлау бюллетенiне тиiсiнше бiр дауысы болады.
 2. Сайлаушылар Республиканың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауға тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының тең дауыс саны болады.
 3. Кандидаттардың сайлауға тең құқықтармен және шарттармен қатысуына кепiлдiк берiледi.
5-бапқа өзгерiс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. № 375-I; 2004.04.14. № 545-I; 2007.06.19 № 268-III Конституциялық заңдарымен.
  6-бап. Төтe сайлау құқығы Республика Президентiн, Парламентi Мәжiлiсiнiң және өзге де мәслихаттарының депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн азаматтар тiкелей сайлайды.
7-бап. Жанама сайлау құқығы
 1. Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар -мәслихаттардың депутаты болып табылатын Республика азаматтары қатысады.
 2. Таңдаушылар Сенат депутаттарын сайлауға тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының Сенат депутатын сайлаған кезде бiр дауысы болады.
 3. (алып тасталды)
 7-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.05.08. № 222-I Конститу-циялық заңымен.
 8-бап. Жасырын дауыс бeру Республика Президентiн, Парламентiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауда жасырын дауыс берiледi әрi сайлаушылардың еркiн бiлдiруiне қандай да болсын бақылау жасау мүмкiндiгiне жол берiлмейдi.
 8-бапқа өзгеріс енгізілді – Қазақстан Республикасының 2007.06.19. № 268-III Конститу-циялық заңымен.
 9-бап. Сайлау жүйeлeрі
 1. Президенттi, Парламент Сенаты депутаттарын және Қазақстан халқы Ассамлеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау кезiнде дауыс санаудың мынадай жүйесi қолданылады:  
 1) (алып тасталды)
 2) мыналар: - дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) елу процентiнен астамының дауысын алған; - қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) дауыс санының көпшiлiгiн алған. 1-1. Саяси партиялардан Парламент Мәжілісінің депутаттары біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізімдермен сайланады.
 2. Мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезiнде басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн алған кандидат сайланған болып саналады.
 3. Өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде дауыс санаудың мынадай жүйесi қолданылады:
       1) (алып тасталды)
       2) басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушы-лардың көпшiлiгi жақтап дауыс берген кандидаттар сайланған болып саналады.
 9-бапқа өзгерiс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.11.06. № 285-I; 1999.05.06. № 375-I; 2004.04.14. № 545-II; 2007.06.19. № 268-III Конститу циялық заңдарымен.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10