Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Ішкі саясат басқармасының Бостандық аудадық аумақтық бөлімі


Ішкі саясат Басқармасының Бостандық аудандық аумақтық бөлімі Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының құрылымдық бөлімі болып табылады.

 • Бөлім жетекшісі - Сәрсембаев Бекжан.

Бөлім бағыттары мен міндеттері:
• ішкі саясат саласында мемлекеттік билік және халық бірлігін қамтамасыз етуде мемлекеттік саясатты, бағдарламаларды, заң актілерін және басқа да нормативті-құқықтық құжаттарды жүзеге асыру, азаматтық патриотизмді тәрбиелеу, саяси тұрақтылық және қоғамдық келісім сияқты демократиялық принциптерді жүзеге асыру;
•ақпараттық-сараптамалық және түсіндіру жұмыстары негізінде Елбасының реформа бағыттарын түсіндіру және насихаттау;
• қоғамдық-саяси салада іс-шаралар өткізу (саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық қозғалыстармен, діни ұйымдармен, ұлттық-мәдени орталықтармен, жастар ұйымдарымен, БАҚ-пен және тұрғындармен өзара қарым-қатынас)
• Жастарды азаматтық патриотизм бағытында тәрбиелеу;

• Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру; 

• Қоғамдық-саяси ұйымдар қызметіне мониторинг жүргізу;

• Діни жағдайларды талдау. 


 Ішкі саясат басқармасының Бостандық аудандық аумақтық бөлімі Алматы қаласы Айманов көшесі 191,  316,317 кабинет. Байланыс телефондары: 8(727)275-13-29.


Дефективті секталар мен діни қозғалыстардан зардап шеккендерге арналған сенім телефоны: 275-13-29, 274-96-13