Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Әлеуметтік сала бөлімі


Бөлім жетекшісі : Дыльдыбаева Дина Булатбекқызы.

 Бөлім туралы ақпарат: Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік қызмет туралы” және “Жергілікті мемлекетті басқармасы туралы” заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасында әлеуметтік бөлімнің ережесі бекітілді. 

 Әлеуметтік сала бөлімі Бостандық ауданының құрылымдық бөлімшесі  және өзінің қызметіне ҚР Конститутциясы, “Мемлекеттік қызмет туралы”, “ҚР еңбегі туралы”, ”Коррупциямен күрес туралы”, “ҚР тілдер туралы”, ”Әкімшіліктік процедуралар туралы”, ”Қағидалы заңдар актісі туралы” заң, ҚР Президентінің Жарлығы, ҚР Үкіметінің қаулысы, мемлекеттік қызметкерлердің қызмет этика ережелері және сол сияқты қағидалы актілері кіреді. Бөлім алдында келесі міндеттер тұр: ҚР Конституциясының, Заңдарының, Жарлықтарының, Қаулыларының, Қазақстан-2030 стратегиясының, ҚР Президентінің Жолдауы және қала, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын тексеріп қадағалау. Аудан қызметінің шамасына қарай стратегиялық және тактикалық бағытты өңдеу, концепциялар, жоспарлар мен мемлекеттік бағдарламаларын дамытып, іске асыруына белсене араласу; Әлеуметтік салада мемлекеттік бағдарламалы құжаттардың реформалық бағытын іске асыру, насихаттау және оны түсіндіру; Аудан қызметтерінің тәжиірбелік қызметін теңестіру және жұмыспен қамту орталығы мен әлеуметтік бағдарламасымен жұмыс жасау, үйде қызмет көрсету бөлімі, денсаулықты сақтау мекемелері, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер басқармасы, ауданның мемлекеттік зейнет ақы төлеу және ҰОС ардагерлер одағы, дәріхана жүйелері, емдік-профилактикалық мекемелері және денсаулықты сақтау сұрақтарымен айналысатын мекемелермен қатынасып жұмыс жасау; Бөлім қызметіне қатысты сұрақтар бойынша мекемелермен, қоғамдық ұжымдармен, үкімет емес бірлестіктерімен, қорлармен, одақтармен, ассоциациялармен бірлесіп жұмыс жасау; Жеделдік ақпараттың анализі, тұрғындардың әлеуметтік –экономикалық, қоғамдық ахуалы төмен жағдайда екендігін және оларды жақсартып көтеру туралы ауданның меңгерушілерін ақпараттандыру; Конференцияларды, семинарларды, дөңгелек столдарын, акцияларды, мәдени және қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыру; Ғылыми өндірістік базасына қатысты ақпаратты-сөздік құралдарын құрастыру; Ауданның миграциялық және демографиялық жағдайын талқылау; Тұрғындармен жұмыс жасау, қызметіне қатысты сұрақтары бойынша жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өтінішін қарастыру, аудан меңгерушілерінің тапсырысы бойынша жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың материалды мәселелерін шешу; Семей облысындағы ядролық жарылыстан зардап шеккен азаматтарды тіркеу мен есепке алу бойынша ұйымдастыру және бақылау жұмыстарын жүргізу; Қалалық, аудандық және тағы басқа әртүрлі іс-шаралар қызметтеріне қатысу.

Туындаған сұрақтар бойынша Алматы қаласы Бостандық ауданының әлеуметтік сала бөліміне хабарласуыңызға болады.
Мекен-жайы: Айманов көшесі 191 үй кабинет 210, 212 Байланыс тел. 8(327)275-50-40. 274-67-01.  Қабылдау күндері: сағ. 9.00 -18.00, демалыс күндері: сенбі, жексенбі

Әлеуметтік сала бөлімі басшысының лауазымдылық нұсқаулығы.docx

Әлеуметтік сала бөлімінің ережесі.docx