Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бөлімі


Бөлім жетекшісі:  Мурзин Жәнібек Алматұлы                                 

Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бөлімі Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімі болып табылады.

1.     Жалпы ережелер

 1. Өзінің қызметінде бөлім басшысы Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңдарын» , Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, маслихаттың, Алматы қаласы әкімінің және әкімдігінің, аудан әкімінің актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін және осы Ережені басшылыққа алады.

2. Бөлім басшысына кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілері бағынады.

3. Бөлім басшысы еңбек, әлеуметтік демалысында белгілі себептерге байланысты жұмыста болмаған жағдайда, бөлім басшысының ұсынысы  бойынша оның міндетін аудан әкімінің белгіленген тәртібімен тағайындалған кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің Е-4 санатындағы бас маман атқарады, оған жүктелген міндеттердің тиісінше орындалмауына жауап береді.

1.     Бөлім басшысының міндеттері

- Аудан әкімі аппаратының жиналыстарына қатысу, бөлімнің қызметіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар жасау;

   - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына, қала және аудан әкімдерінің қаулылары, шешімдері мен өкімдеріне сәйкес, меншік нысанына қарамастан өнеркәсіп кәсіпорындарының, сауда және қызмет көрсету саласындағы шағын, орта және ірі бизнес субъектілерінің қызметін үйлестіру.

- Меншік нысанына қарамастан өнеркәсіп кәсіпорындарымен, сауда және қызмет көрсету саласындағы шағын, орта және ірі бизнес субъектілерінің қызметіне талдау жасау, кәсіпкерлік саласындағы заңдылықтарды, қала, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін түсіндіру.

- Халыққа қызмет көрсету саласы, тұтыну нарқын кеңейту инфрақұрылымы бойынша қаланың және ауданның экономикалық дамуының индикативтік жоспарларын өңдеуге қатысу.

- «Алматы қаласының 2015-2017 жылдарға арналған экономиканы тұрақстандыру жөніндегі Дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарының» орындалуын жүзеге асыру.

- Негізгі экономикалық көрсеткіштердің орындалуын талдау, статистикалық мәліметтерді өңдеу, бюджетке салықтың және тағы да басқа міндетті төлемдердің түсімі жөнінде ақпараттардың берілуін қамтамасыз ету.

- Аудандағы кәсіпкерлік  пен өнеркәсіпті дамытуды мемлекеттік қолдау бағдарламаларының жүзеге асуын қамтамасыз ету.

- Өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік-шаруашылық жағдайын талдау.

- Аудандық қызмет орындары мен құрылымдық бөлімшелермен бірлесе отырып жергілікті атқарушы органмен белгіленбеген жерлерден тыс жерлерде орын алған сауданың алдын алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

-Аудан әкіміне кәсіпорындардың қызметі барысында болатын мәселелер мен оларды шешу жолдары жөнінде сараптамалық хаттар, анықтамалар беру.

-Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен хаттар, арыздар мен шағымдардың қалыптасқан тәртіпке сәйкес қарастырылуын және орындалуын қамтамасыз ету.

- Өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері бойынша жәрмеңкелерге, конференцияларға, көрмелерге және тағы да басқа қала, аудан шеңберіндегі іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу.

- Жұмысқа бекітілгенде, босатылғанда немесе ұзақ мерзімді демалысқа кеткен жағдайда қызметтері мен құжаттарды өткізу.  

 Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімі басшысының Лауазымдық нұсқаулығы+.rar

Бостандық ауданының кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бөлімі Алматы қаласы Айманов көшесі 191 үй, 303, 302,301а каб. орналасқан. 

Байланыс телефондары: 8(327)274-72-91, 274-87-24, Қабылдау күні: Күнделікті сағ. 09.00 - 18.00 дейін.  Демалыс күндері: Сенбі, жексенбі.