Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Ауданды көріктендіру бөлімі


Бөлім жетекшісі: Сейдраманов Ренат Серғазыұлы
                       
                     Қамтитын сұрақтары:

 Аудан аумағында көркейту,тазалықты сақтау және көгалдандыру бағдарламаларын дамыту және іске асыру; Көше және тротуар бойларын механизмді және қолмен тазарту жұмыстарын техникалық түрде бақылау; Қаланы көркейту  бағдарламасын одан әрі дамытып өңдеу, көше, тротуар және су жүретін арықтарды күрделі жөндеуден өткізу жоспарын жасау және  іске асыру; Көшелер мен аулаларда жарықтандыру жұмыстарын техникалық түрде қадағалап отыру; Рұқсатсыз қойылған (ашылған) көлік тұрақ бекеттерін болдырмау және қадағалау; Аудан аумағында жүргізілетін барлық инженерлік жүйе бойынша қазу жұмыстарын техникалық нормаға және ережеге сай    болуын бақылау. Сонымен бірге жасалған жұмыстардың орындалу мерзімін тексеру; Қаланы көркейту мақсатында нысандардың бұзулуы туралы акт жасау (бұзылған көгалды қабатын қалпына келтіру және құрылыстан кейінгі қоқыстан тазарту шараларын жүргізу); Қоғамдық орталықтар, скверлер,   күй-жайын анықтап, тазалығын сақтау; Аудан аумағын таза ұстап, көгалдандыру, көркейту және көшелерде жарықтандыру жұмыстарын іске асыру; Иесіз қалған үй жануандарын аулау жұмыстарын жүзеге асыру; Ауданда орналасқан фонтандарды жарықтандыру жағдайын бақылау және  қадағалау; Аудан аумағында кесілген, қураған ағаштардың жағдайын қадағалау; Белгіленбеген жерге қоқыс төгілген орындарын жою және қадағалау; Аудан аумағын көркейту жұмыстарына белсене қатысу; Аудан ішінде көркейту ережелерін жасау жағдайына ауданның қызметтерімен бірге  рейд жүргізу; Ауданда тұратын азаматтардың және заң орындарының өтініші мен арыздарын қарастыру және міндетті түрде олардың орындалу мерзіміне сай жұмыс жасау. Жоғарыда көрсетілген сұрақтар бойынша Алматы қаласы Бостандық ауданның көркейту бөліміне хабарласуыңызға болады.

Бостандық ауданы әкімі аппаратының Көріктендіру бөлімінің ережесі.doc

Мекен-жай: Айманов көшесі 191 үй, 209, 207 кабинет.  
Байланыс тел. 8(727) 274-54-60 Қабылдау күндері: сағ. 9.00 -18.00., демалыс күндері: сенбі, жексенбі.