Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



«Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 30 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына сәйкес, Бостандық ауданының әкімі ШЕШТІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру қағидалары;

2) Осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы бекітілсін.

2. Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, тіркелгеннен кейін ресми мерзімді басылымдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының актілерінің Эталондық бақылау банкінде және Бостандық ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бостандық ауданы әкімінің аппарат басшысы Р. Д. Искаковқа жүктелсін.

4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Әкім                                                                                                             Б. Торгаев

 

 

Енгізеді:

Персоналды басқару қызметі

(Кадрлық қызмет) бөлімінің басшысы                                                  С. Сатымова

 

Келісілді:

Аппарат басшысы                                                                                       Р. Искаков

 

Мемлекеттік-құқықтық

бөлімнің басшысы                                                                                  Г. Мамбетова

 

 

 

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің

2017 жылғы «__» __________

№ ___ шешіміне

1 қосымша

 

 

«Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппараты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

қызметтік куәлігін беру қағидалары

 

 

1 - тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – аудан әкімі аппараты) қызметтік куәліктерін беру тәртібін белгілейді.

2. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі – Қызметтік куәлік) оның мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын ресми құжат болып табылады.

3. Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің (Кадрлық қызметі) бөлімі (бұдан әрі – ПБҚ бөлімі) аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөліміне қызметтік куәліктерді дайындауға тапсырыс береді.

4. Қызметтік куәлік осы шешіммен бекітілген сипаттамаға сәйкес келеді.

5. Тиісінше ресімделмеген, жарамдылық мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған қызметтік куәлік жарамсыз болып саналады.

 

 

2 - тарау. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

 

6. Қызметтік куәліктер Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің қолымен – аудан әкімінің орынбасарларына, аудан әкімі аппаратының басшысына, аудан әкімінің көмекшісіне, бөлім басшыларына, сондай-ақ аудан әкімі аппаратының бас мамандарына беріледі.

7. Қызметтік куәлік қызметкерлерге лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан және бұған дейін берілген куәліктің мерзімі өткен, жоғалған немесе бүлінген жағдайда беріледі.

Қызметкерлер алған қызметтік куәлік үшін аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналына (бұдан әрі – есепке алу журналы) қол қояды.

Басқа лауазымға тағайындалған қызметкерге қызметтік куәлікті ауыстыру кезінде бұрын берілген қызметтік куәлік ПБҚ бөліміне міндетті түрде қайтарылады.

8. Қызметтік куәліктер және есепке алу журналы ПБҚ бөлімінің сейфінде сақталады.

9. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшіге қызметтік куәлікті тапсырған кезде пайдалану және оны сақтау тәртібі бойынша түсіндіру жүргізіледі.

Қызметтік куәлікті ауыстыру кезінде бұрын берілген қызметтік куәлікті ПБҚ бөлімінің қызметтік куәлікті беруге жауапты қызметкерлері қайтарып алады.

10. ПБҚ бөлімі жыл сайын, 01 қаңтардағы жағдай бойынша, қызметтік куәліктердің есептік деректерге сәйкестігіне салыстырып тексеру жүргізеді.

11. Қызметтік куәліктерді толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды ПБҚ бөлімінің басшысы жүзеге асырады.

12. Қызметтік куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның иесі дереу ПБҚ бөліміне жазбаша (еркін) нысанда хабарлайды, бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру береді.

13. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, бүлдірудің, сондай-ақ оны басқа адамдарға берудің немесе мақсатқа сай пайдаланбаудың әрбір фактісі жөнінде аудан әкімі аппараты басшысының тапсырмасы бойынша ПБҚ бөлімі бір апта ішінде қызметтік тексеру жүргізеді.

14. Жоғалған қызметтік куәліктер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарамсыз деп жарияланады, бұл туралы ПБҚ бөлімі хабардар етіледі. Жоғалғанның орнына жаңа қызметтік куәлікті қызметтік тексеру жүргізілгеннен кейін ПБҚ бөлімі береді.

15. Жұмыстан босатылған кезде қызметкер қызметтік куәлікті ПБҚ бөліміне тапсырады. Куәлікті тапсырған кезде кету парағына қызметтік куәлікті беру үшін жауапты адамның қолы қойылады.

16. Қызметкерлер жұмыстан босатылған не бүлінген кезде тапсырған қызметтік куәліктер еркін нысандағы тиісті жою туралы акт жасала отырып, бір жылда бір рет жойылуға жатады.

 

 

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің

2017 жылғы «__» __________

№ ___ шешіміне

2 қосымша

 

 

«Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы

 

1. Куәліктердің мұқабалары жоғары сапалы былғарыдан немесе «балакрон» материалынан дайындалады. Ашып көрсетілген күйінде куәліктің өлшемі 6,5 см ×19 см болады.

2. Куәліктің беткі жағының орталық бөлігінде алтын түсті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төмен «АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОСТАНДЫҚ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» деген типографиялық қаріппен жазба жазылады.

3. Куәліктің ішкі жағы екі жартыдан тұрады - сол және оң, олардың әрқайсысы ақшыл сары түстес күрделі құрылған тангир торы түрінде жасалған, ішкі жығының орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздік нышаны бейнеленген. Куәліктің сол жағының жоғарғы бөлігінде «АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОСТАНДЫҚ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» сөздері негізгі тангирден «АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ» микроқарпімен ажыратылған. «№ _____ КУӘЛІК» жазуы микроқаріппен жазылған. Куәліктің оң жағының жоғарғы бөлігінде «АППАРАТ АКИМА БОСТАНЫКСКОГО РАЙОНА ГОРОДА АЛМАТЫ» сөзі негізгі тангирден «АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ» микроқарпімен ажыратылған. «УДОСТОВЕРЕНИЕ № ___ » жазуы микроқарпімен жазылған.

Сол жағында қызметкердің өлшемі 3×4 сантиметр болатын суреті (анфас, түрлі-түсті) орналастырылған, әр жол сайын тегі, аты, әкесінің аты                                                                                                    (болған жағдайда), мемлекеттік тілдегі лауазымы көрсетілген. Куәлік Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің қолымен куәландырылып, елтаңбалы мөрдің таңбасымен бекітіледі.

Оң жағында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, әр жол сайын тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), орыс тіліндегі лауазымы көрсетілген. Төменгі бөлігінде куәліктің қолданылу мерзімі көрсетіледі.

4. Куәліктің үш дәрежедегі қорғанышы бар: жиектелген жолақ (микроқаріппен терілген «АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ» мәтіні), арнайы тангир және мөлдір қабықша.

 

                «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік                                         мекемесінің қызметтік куәлігін беру қағидаларына қосымша

 

Нысан

 

 

«Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналы

 

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Атқаратын лауазымы

Қызметтік куәліктің нөмірі

Берілген

күні

Қызметтік куәлік берілген қызметкердің  қолы

Тапсырған күні

Қызметтік куәлікті тапсырған қызметкердің қолы

 

      Ескертпе: журнал тігілген, нөмірленген, қолымен және мөрмен бекітілген болуы тиіс.