Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Бостандық ауданы Білім бөлімі


Бөлім жетекшісі: Абидманапова Карлығаш Аканқызы

Бөлімнің негізгі міндеттері:

  • Аудан аймағында орта білім беретін және мектепке дейінгі мекемелерде мемлекеттік саясатты іске асыру және  тарату;
  • Ауданның мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындар жұмыстарын реттеу, қадағалау;
  • Жалпы ведомствалық мекемелер мен өнеркәсіптердің қаржы-техникалық базасын дамытып көтеру.

Бөлімнің негізгі қызметіне сәйкес қосалқы міндеттері:

  • Ауданның білім беру жүйесін жетілдіріп, одан ары дамыту;
  • Білім беру жүйесіне келіп түскен ұсыныстарды қарап  игеру;
  • Экономикалық және әлеуметтік жоспар жобасы мен білім беру бюджетін дамытуға арналған ұсыныстарды енгізу;
  • Аудан аумағында Қазақстан Республикасының заңдарын орындауды ұйымдастыру, жоғарғы үкімет орындарының актілерін орындау, олардың орындалу тәртібтерін қадағалап тексеру;
  • Аудан көлеміндегі білім беру жүйесінің жағдайына анықтама беріп, олардың дамуы мен алдағы болашағын болжау;
  • Оқу тәрбие істеріне аса маңызды көңіл бөліп дамыту;
  • Ауданның оқу материалдық базасын нығайтуға үлес қосу және дамыту;
  • Ауданның білім беру мекемелерінің мемлекеттік стандартқа сай жұмыс жасауын қадағалап тексеру, осы мақсаттағы балалардың тәрбиелік мәнін талдау, жалпы білім беру мектептері мен мектепке дейінгі мекемелердің аттестациясын қадағалау;
  • Қазақстан Республикасының білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің бекітілген квалификациалық мінездемесіне сай мамандарды анықтау;
  • Орта білім алуға барлық жағдайды жасап қамту;
  • Жас жеткіншектердің білім алуына жағдай жасап есепке алу;
  • Кәмелетке толмаған балаларға қамқорлық пен қамқоршылықты ұйымдастырып, қараусыз қалған балаларды балалар интернаттарына орналастыруға өтініш жасау;
  • Жас өспірімдер ісімен айналысатын мекемелермен тығыз қатынас жасап, еңбекке баулып орта білім алуларына жағдай жасау;
  • Ауданның мемлекеттік  білім беру мен мектепке дейінгі мекемелерінің кадрлермен қамту;
  • Аудан әкімінің келісімі бойынша аудандағы мемлекеттік білім беру мекемелері мен ұйымдардың басшыларын тағайындау және босату үшін Білім Департаментіне кандидаттарын ұсыну;
  • Педагогика кадрларының кәсіпкерлік тәжірибесін жан жақты дамыту және республикалық, аудандық, қалалық  сайыстарға қатыстырту;

Алматы қаласы Бостандық ауданының білім беру бөлімі  Алматы қ, Гагарин даңғылы, 311 № 146 мектеп-лицей ғимаратында орналасқан.
Байланыс телефондары: 8(727) 302-18-17, 302-18-21.