Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Аудан әкімі


Рақымбетов Алтай Ерғазыұлы


Рақымбетов Алтай Ерғазыұлы 1973 жылы 14 қазанда, Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1992 жылы Өскемендегі энергетика техникумын аяқтап, Өскемен қаласындағы Жол құрылыс институтына оқуға түсіп, инженер-құрлысшы мамандығын иеленген.

 Алтай Рақымбетов өз еңбек жолын 1995 жылы Алматы қалалық экология және биоресурстар басқармасының зерттеу-талдауды бақылау бөлімінің маманы ретінде бастаған. Қызметтік сатымен жоғарлай отырып, 2005 жылдың ақпан айында, Алматы қалалық айналадығы ортаны сақтау басқармасының экологиялық сараптама, лицензия және рұқсат беру бөлімінің бас маманы-сарапшысы, лицензия және сараптама секторының меңгерушісі қызметін атқарды.

 2005 жылдың 24 наурызынан бастап, 2006 жылдың 11 желтоқсанына дейін Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаментінің мемлекеттік экологиялық сараптама бөлімінің бастығы болды. 2009 жылдың наурыз айынан бастап, аталған Басқарма директорының орынбасары қызметін атқарды.

 2009 жылдың 11 наурызы мен 2010 жылдың 27 желтоқсанына дейін Алматы қаласындағы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу Басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды.

 2010 жылдың 27 желтоқсаны мен 2015 жылдың 20 ақпанына дейін Алматы қаласындағы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу Басқармасының бастығы қызметін атқарды.

 2015 жылдың 20 ақпанынан  Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі болды.

 2018 жылдың 25 қыркүйегінен бастап Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі болып тағайындалды.