Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Әкімнің орынбасары 1


                                            Бостандық ауданы әкімінің 1 орынбасары 
 

Аты -жөні: Адилбаев Серік Бикенұлы
Туған жері: Алматы обл, Кеген ауданы Саты ауылы
Ұлт: Қазақ
Білімі: Жоғары, Қазақ Ұлттық аграрлық университеті; Шет тілдер және іскерлік мансап университеті.
Мамандығы: Орман шаруашылығы инженері; Бакалавр экономист
Еңбек тәжірибесі:  ҚР АШМ Қазақ орман шаруашылығы комбинаты 1 дәрежелі маман; Алматы қ Медеу ауданы әкімі аппаратының коммуналды- шаруашылық бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы, АЛматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының коммуналды - шаруашылық бөлімінің бас маманыы; Бөлім басшысы, Қалалық экология инспекциясы басшысының орынбасары Қалалық мемлекеттік экологиялық инспекция Алмалы аудандық құрылымдық бөлімшесінің жетекшісі;Алмалы ауданы әкімі аппаратының коммуналды-шаруашылық бөлімінің жетекшісінің м.а.;Алматы ауданы әкімі аппаратының коммуналды-шаруашылық бөлімінің жетекшісі.
 
2016 ж тамыз айынан - Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары

                                                     Функционалды міндеттері:

 Аудан әкімінің аула мен ішкіорамдық аумақтарын санитарлық тазарту және абаттандыру, тұрғын үй шаруашылығы, энергетика, аудан тұрғындарын жылумен, суды пайдалану және сумен жабдықтау, кәрізді пайдалану және газбен қамтамасыз ету саласындағы, сондай-ақ өнеркәсіп, көлік, байланыс, құрылыс және лифт шаруашылығы кәсіпорындарының қызметіне қатысты аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің қолданыстағы заңнамаға сәйкес болуына, сонымен қатар, өз құзыреті шегінде жарықтандыру нысандарының энергия үнемділігін және энергия тиімділігін, тұрғын үй қорын жаңғыртуға жауапты.

Құзыретті мемлекеттік органдармен бірлесіп тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйымдардың үйлерді, сондай-ақ аула және үй маңында орналасқан балалар ойын алаңдарын және спорт алаңдарын ұстау және қызмет көрсетуіне ықпал етеді, автотұрақтар мен паркингтердің қызметіне мониторинг жүргізу.
Өз құзыреті шегінде тұрғын үй шаруашылығы саласындағы бағдарламалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді, тұрғын үйлердің сәулеттік келбетінің қалыпты деңгейде ұсталуын қамтамасыз ету, оның ішінде тұрғын үйлер мен ғимараттардың қасбетін жөндеу жұмыстарын жүргізеді, сонымен қатар елорданың бекітілген даму және құрылыс жүргізу бағдарламаларына сәйкес құрылыс секторындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін үйлестіреді.
Бюджеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша мердігер және қосалқы мердігер ұйымдарының жұмыстарын және қызметтерін бақылауды, өз құзырет шегінде жұмылдыру және жұмылдыру дайындығы, өртке қарсы қауіпсіздік, азаматтық қорғау мәселелері бойынша заңнамалардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Өз құзыреті шегінде 011 – «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру»; 009 – «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» (ішкі орамдық тазалау) бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджеттік өтінімдерге қосымша егжей-тегжейлі есептеулердің негізділігіне және дұрыстығына жауапты болады.
Өз құзыреті шегінде қаржылық, банктік, шарттық, талап-арыз құжаттарына, 011 – «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру»; 009 – «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» (ішкі орамдық тазалау) бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджеттік өтінімдерге қосымша егжей-тегжейлі есептеулеріне және қосымшаларына, тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттарына, орындалған жұмыстардың/көрсетілген қызметтердің құны туралы анықтамаларына және орындалған жұмыстардың/көрсетілген қызметтердің актілеріне қол қою құқығына ие.
Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың орындалуына, өз қарамағындағы бөлімдер бойынша «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңына сәйкес азаматтардың арыздарын уақытылы және тиісінше қарастырылуына жауапты.

 Қабылдау күні сейсенбі күні сағат 15.00-ден  №217 кабинет.

Тел. 274-83-11