Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

22.06.2018

Алматыда рок музыкант Виктор Цойға ескерткіш орнатылды


Кеше Алматыда "Кино" тобының   рок-тобының негізін қалаушы және жетекшісі Виктор Цойға ескерткіш қойылды.  

           

Ашылу рәсіміне Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, досы, музыкант және «Кино» тобының негізін қалаушы Юрий Каспарян, актер және шоумен Дәуіт Шайхисламов және басқа да танымал адамдар қатысты. Сол күні кешкісін 19: 00-де Виктор Цойдың туған күніне орай   «Сұңқар» халықаралық тау шаңғысы кешенінде  концерт өтті.

Ескерткіш «Ине» фильмінің түсірілім  өткен жерде орнатылды.  Ерскерткіштен өзге үйдің сыртқы қабырғасында В. Цойдың өлеңдерінен үзінділер жазылған тақтайшалар да ілінді.

                                   

Виктор Робертович Цой 1962 жылы 21 маусымда Ленинградта дүниеге келді. ХХ ғасырдың 80-жылдары Кеңес Одағында ең танымал болған «Кино» рок-тобын құрды. В. Цойдың сөздері мен музыкасы әрдайым өзіне жазылған. Оның қайтыс болғаннан кейін, жалпы алғанда тоғыз жыл ішінде 100-ден астам әндер, бірнеше жинақтар мен концерттік жазбалар шығарылған.

22.06.2018