Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

27.08.2018

"Нұр Отан" партиясы Бостандық аудандық филиалының ХХII-ші есептік-сайлау партиялық конференциясы өтті


Үздіксіз білім алу Қазақ медицина университетінің мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалының ХХІІ-ші есептік- сайлау конференциясы өтті.

Конференцияға «Нұр Отан» партиясы «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалы төрағасы, аудан әкімі Торғаев Б.Н. аудандық филиал төрағасының бірініші орынбасары - Жамбулов Б, аудандық ардагерлер мен зейнеткерлер кеңесі төрағасы - Біржанов Х. Бостандық ауданы бойынша Алматы қаласы Мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының басшылары мен партия мүшелері қатысты.

Конференцияда «Нұр Отан» партиясы Бостандық ауданы филиалының төрағасы Беккали Нұрғалиұлы Торғаев аудандық филиалдың 2017-2018 жылдар аралығында атқарылған жұмысына есептік баяндамасын жасады.

"Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы төрағасы өз баяндамасында партия жұмысының барлық аспектілерін егжей-тегжейлі сипаттап берді.

Ауданда 13 мың партия мүшелері, 97 бастауыш партия ұйымдары және 57 партиялық топтар өз қызметін жүзеге асырады. «Сандық өзгерістер мен жүйелік өзгерістердің арқасында партияның аймақтық филиалының көп қырлы қызметі айтарлықтай жанданды, оның тиімділігі артты», - деп атап өтті Бекқали Торғаев.

Есеп беру кезеңінде партиялық жобалар шеңберінде «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалы бастапқы партиялық ұйымдармен, қалалық мәслихат депутаттарымен, мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, азаматтардың проблемалық мәселелерін шешуге жәрдемдесу, әлеуметтік қолдау, халық арасында мемлекеттік саясатты насихаттау сияқты ауқымды жұмыстар атқарылған.

Сондай ақ партиямен партиялық жобаларын жүзеге асыру, Қоғамдық қабылдау бөлмінің жұмысы, «Нұр Отан» ХДП Бостандық ауданы филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес және партия бақылау комиссиясының қызметі туралы сөз қозғалды.

Конференция жұмысын қорытындылаған партияның аудандық филиалының төрағасы Б. Торғаев «Елбасы алға тартқан стратегия — баршамыздың бірігуімізге негіз болуы қажет. Өйткені біздің алдымызда маңызды міндет — экономикасы дамыған, мықты әлеуметтік саясаты, заңға арқа сүйеген саяси институттары бар мемлекет құру. Елімізде барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтары жан-жақты қамтамасыз етілген. Ендеше Елбасын қолдаушылардың партиясы да Қазақстанды дамытатын, қоғамды біріктіретін күш болуы тиіс», — деп атап өтті.

Шара соңында «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы саяси кеңесінің есептік кезеңдегі жұмысы қанағаттанарлық деп бағаланып, партия қатарына жаңа қабылданған бірқатар азаматтарға партия мандатын табысталды.





27.08.2018