Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

25.08.2018

«Мектепке жол» акциясы


Елбасының тапсырмасына сәйкес, жыл сайын республика көлемінде «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылуда. Биыл аталған акция осымен 10-шы рет өткізіліп отыр. Бостандық ауданында бұл акция тамыздың 1-ші күнінен бастау алып, қыркүйек айының соңына дейін жалғасатын болады.

Оқу жылының басталуына да аз уақыт қалды. Олай болса, әрбір ата-ана етек-жеңін жиып, балаларын жаңа оқу жылына дайындауға кіріседі.

Өз кезегінде, әлеуметтік жағдайы төмен, ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға көмек көрсету, олардың толыққанды білім алуына мүмкіндік тудыру үшін жергілікті атқарушы органдар, бизнес қауымдастықтың өкілдері белсенді атсалысуда.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласында өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, білім саласына, жастардың рухани жандануына ерекше тоқталып өтті.

Осы ретте, Елбасының «Білімді ұрпақ – ел болашағы» деген қанатты сөздерін басшылыққа ала отырып, Бостандық ауданы әкімінің аппараты балалардың оқу жылына дайындығын қамтамасыз ету үшін барынша жағдай жасап отыр.

2018-2019 оқу жылдарында Бостандық ауданындағы мектептерде жалпы саны 30 мыңнан астам оқушы білім алатын болады. Олардың ішінде 3718 оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, 1-ші сыныпқа барады. Жылдан жылға оқушылардың санының өсуі аудан үшін үлкен қуаныш.

Биыл «Жалпыға міндетті оқу қоры» арқылы барлығы 1 144 оқушыға көмек көрсетілді. Аталған қор арқылы қамтылмаған 856 оқушы анықталды. Оларға «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, аудан кәсіпкерлері және мемлекеттік мекеме қызметкерлері барынша көмек көрсетуде

25.08.2018