Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

31.10.2018

2017-2021 жылдарға арналған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын түсіндіру жиыны өтті


Ағымдағы жылдың 30 қазан күні Бостандық ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Әлеуметтік сала бөлімінің жетекшісі Дыльдыбаева Динаның төрағалық етуімен және Алматы қаласы «Даму» кәсіпкерлікті қолдау фонды» АҚ өкілі, Аймақтық кәсіподақтар қауымдастығының «Алматы қаласы кәсіподақ орталығы» өкілі, Еңбек және көш қону мемлекеттік инспекциясы Басқармасының өкілі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімінің жетекшісінің қатысуымен «2017-2021 жылдарға арналған «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын кеңінен насихаттау жиыны өтті.

           

Жиын барысында Алматы қаласы «Даму» кәсіпкерлікті қолдау фонды» АҚ өкілі - Кемерова Арай, аймақтық кәсіподақтар қауымдастығының «Алматы қаласының кәсіподақ орталығы» өкілі - Саматокина Г.,Еңбек және көш қону мемлекеттік инспекциясы Басқармасы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі жетекшісі кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

           

Сонымен қатар, Бостандық аудандық Жұмыспен қамту орталығының жетекшісі аталған бағдарламаның аясында жұмыс берушілерге қандай жеңілдіктер қарастырылғаны туралы баяндады.

Аудан кәсіпкерлері өздерін қызықтырған сауал-сұрақтарына жауап алып, мемлекеттік бағдарламалармен жұмыс жасауға ниеттерін білдірісті. Жиыннан кейін.

31.10.2018