Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

31.07.2019

«Адам саудасына жол жоқ» акция өтті


Ағымдағы жылдың 30 шілдесінде Бостандық ауданы әкімінің аппараты және «Родник» қоғамдық қоры Алматы қаласының полиция басқармасымен бірлесіп «Атакент» көрме орталығы алдында «Адам саудасына қарсы күрес» күніне орай жыл сайынғы акция өткізді.

 

Акция Қазақстан азаматтарының назарын өзекті мәселеге аударуды арналған. Бұл ерекше күнді БҰҰ Бас ассамблеясы адам саудасының құрбандарының жағдайы туралы айту күні юолып 2013 жылы жариялаған. 

 

«Родник» ҚҚ еріктілерімен 500 парақша таратылып, 500-ге жуық адам адам саудасына қарсы наразылық ретінде суретке түсті және акция мен адам саудасына байланысты қауіп-қатерлер туралы ақпарат алды.

 

Акция негізінен адамдарға осындай жағдайды қалай шешуге болатындығын түсіндіруге бағытталған. «Родник» ҚҚ дағдарыс орталығының байланыс телефрны:

396-19-38, 8-747-111-23-60

 

 

31.07.2019