Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

31.05.2019

«Соматикалық және алиментарлы этиологиясы бар жұқпалы аурулар мен жаппай тағамнан улануды алдын-алу семинар кеңес өтті


Алматы қаласы Бостандық ауданы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімі мамандары қатысуымен, жеке меншіктегі мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдары жетекшілері, медициналық қызметкерлерімен «Соматикалық және алиментарлы этиологиясы бар жұқпалы аурулар мен жаппай тағамнан уланудың алдын-алу шаралары» тақырыбында жиын өткізілді.

             

Кездесу барысындатамақтану сапасы мен қауіпсіздігін сақтау, өндірістік бақылауды жүзеге асыру, жеке гигиена қағидаларын сақтау, персонал және ас блогы жұмыскерлерінің медициналық тексеріп-қараудан және гигиеналық оқытудан өтуі, балаларға медициналық қызмет көрсетілуі, олардың денсаулығын сақтау және нығайту, сырқаттанушылықты төмендету, сауықтырылуы бойынша іс-шаралар жүргізу туралы ашық әңгіме өтті.  

Жиынға қатысушылар санитариялық қағидалар бойынша сұрақтар қойып, тартымды жауаптар алды.

        

31.05.2019