Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

31.05.2018

Бостандық ауданы бүлдіршіндері «Балаларды қорғау күнін» атап өтті


Бүгін «Балаларды қорғау күні» қарсаңында Бостандық ауданы балалары үшін «Айя» ғажайыптар әлемі» саябағы есігін айқара ашты.

           

Балалы шақ – бұл өміріміздегі ең қымбат та керемет шақ және осы шақты біз бақытты етуіміз керек! Сондықтан 1 маусымда тойланатын Халықаралық балаларды қорғау күні – орны ерек, мәні бөлек мереке.

           

Бүгін,31 мамыр күні Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімдігі дәстүр бойынша ауданның бүлдіршіндеріне арнаған мерекені «Айя» Ғажайыптар әлемі саябағында ұйымдастырып өткізді.

           

Аудан  бойынша   500 бала қамтылған мереке өте қызықты да шаттыққа толы болды. Тәң сәріден жиналған бүлдіршіндердің мерекелік көңіл күйін Бостандық ауданы №3 балалар шығармашылық үйінің талантты өнерпаздарымен ұйымдастырылған концерттік бағдарлама, аудан әкімі аппаратының қызметкерлерімен  ұсынған тәтті тоқаш, балмұздақ пен сусындар толықтырды.

           

Бүгінгі мерекеге тегін жұмыс жасаған атракциондарға құмарлары қанғанша мініп қайтқан балғын бүлдіршіндердің көңілдері көтеріңкі, жүздері жарқын болды.

           

31.05.2018