Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

31.05.2018

«Бизнесті дамыту үшін әкімшіліктік кедергілерді төмендету» тақырыбында дөңгелек үстел өтті


Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімдігінде аудан әкімі аппаратының басшысы Алярова Батима Жақсылыққызының төрағалық етуімен «Бизнесті дамыту үшін әкімшіліктік кедергілерді төмендету»тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

           

Бас қосуға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің маманы- Ботабаев Азамат Маратұлы, «Атамекен» Кәсіпкерлер Палатасының сарапшысы- Касымбек Ермек Асылханұлы, Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы- Шалхар Акылжан және ауданның кәсікерлері, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Саяси бюросы мүшелері, мемлекеттік кіріс департаменті өкілдері қатысты.

           

Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің маманы- Ботабаев Азамат Маратұлы, «Атамекен» Кәсіпкерлер Палатасының сарапшысы- Касымбек Ермек Асылханұлы, Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы- Шалхар Акылжан баяндама оқыды.

Жиын соңында көтерілген тақырып талқыланып, тыңдаушылармен қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

 

 

31.05.2018