Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

31.01.2018

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің тұрғындармен есептік кездесуі жалғасуда


 Бекітілген кестеге сәйкес Бостандық ауданы әкімі Бекқали Нұрғалиұлы Торғаевтың тұрғындармен есептік кездесуі  жалғасуда.  Бүгінгі кездесу  № 18 оркугта  «Қазақфильм» ықшам ауданындағы № 70 жалпы білім беру мектебінде  өтті.

           

Бекқали Нұрғалиұлымен өтетін кездесулер  әрқашан толық залды жинайды - әр кездесуге  400-ге жуық адам келеді. Іс-шараға қалалық және аудандық қызметтердің басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ПИК төрағалары және аудан тұрғындары қатысты.

           

Аудан басшысы аудиторияға  Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты  Жолдауында қойылған міндеттерді таныстырып, оған тапсырылған әкімшілік-аумақтық бірліктің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып, тұрғындардың сауалдарына   жауап берді, қойылған сұрақтардың басым  көпшілігі аббаттандыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық проблемалары төңірегінде болды.

           

Шара барысында аудан басшысы халық өмірін жақсартуға бағытталған барлық жұмыстар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында баяндалған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес жүзеге асырылатындығын атап өтті.

Тұрғындардың көшелерді жарықтандыру, тротуарлар мен жолдарды жөндеу, жаяу жүргіншілерге арналған алаңдар және басқа да көптеген проблемалық мәселелер туралы көптеген сұрақтарқойылды.

           

Бекқали Нұрғалиұлы қойылған барлық сұрақтарға жауап бере отырып, тұрғындардың сұраныстарын қаншалықты жүзеге асыру үшін аудан қызметтері басшыларына тапсырма берді.

31.01.2018