Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

30.12.2014

Аудан ардагерлерін Елбасы атынан сый құрмет көрді


Алматы қаласы Бостандық ауданы  әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында  аудан әкімі Р. Асанова  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан   ауданымызда тұратын Ұлы Отан соғыс ардагерлерін жаңа жылмен құттықтады.

  «Құрметті ардагерлер! Сіздерді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 70 жыл толатын жаңа 2015 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Біз аға буын алдында шексіз қарыздармыз. Сіздердің ерліктеріңіз, өмір жолдарыңыз бүгінгі ұрпаққа қашанда үлгі. Сондықтан, біз сіздерді мақтан тұтамыз. Сіздердің ерліктеріңіздің, табанды рухтарыңыздың арқасында біз бүгін тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз. Алдағы Ұлы Жеңістің 70 жылдығын осы сапта қарсы алуларыңызға тілектеспін - деді   аудан  әкімі Раушан Асанова.

    Осыдан кейін аудан әкімі бүгінгі шараға жиналған 45 майдангерге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы құттықтауын оқып беріп,    сыйлықтар таратты.

   Естеріңізге сала кетейік Жаңа жыл қарсаңында Қазақстанда жалпыұлттық ардагерлерді қолдау акциясы жүріп жатыр. Аталған шара ТМД елдер арасында теңдесі жоқ бірегей акция.

   Акция аясында еліміздің қала және аудан әкімдері  ардагерлердің үйінде болып  Ел басы атынан Жаңа жылмен құттықтау хатын және естелік сыйлықтар табыстауда.

Қазіргі таңда Бостандық ауданында 181 соғыс ардагерлері тұрады.
30.12.2014