Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

30.11.2019

«Нур Отан» партиясы аудандық филиалында қоғамдық қабылдауы өтті.


2019 жылы 29 қараша күні «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында партияның төрағасы, аудан әкімі Алтай Рақымбетов аудан прокурормен бірлесе аудан тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдау өткізді.

 

Қоғамдық қабылдауға жазылған 19 адам өздерінің арыз шағымдарын аудан басшысына баяндап берді.

Шара барысында Алтай Ерғазыұлы заң шеңберінде түсініктеме беріп, кейбір сұрақтар сол жерде шешілді.

 

Қабылдауға  келген аудан тұрғыны ұзақ жылдардан бері жеңілдікпен берілуге тиіс тұрғын үй мәселесінің шешілмей жатқанына алаңдап, осы бойынша көмектесуді сұрайды.

Екінші азаматша материалдық байлықтан, рухани байлықты жоғары қоя білген зейнеткер апа, «Алматы Ақшамы» газетін 2020 жылға жаздырып беруге көмектесуді сұрады.

Барлығы қабылдауға 19 адам келді.

30.11.2019