Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

30.11.2017

Аудан бүлдіршіндері Тұңғыш Президент күнін атап өтті.


  1-Желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесін Бостандық ауданының жас тұрғындары   зор шабытпен атап өтті.

           

  Еліміздің ертеңгі болашағы болатын Бостандық ауданының  балабақша тәрбиеленушілері арасында мұндай тәрбиелік мәні зор іс-шаралардың өтуі келер ұрпақ бойына патриоттық сезімді ұятуы сөзсіз.

 Бостандық ауданы № 83 бөбекжай-балабақшасында «Тұңғыш Президент күні» атты мерекелік іс-шара өтті.

           

Мектепке дейінгі тәрбие мекемесінің жеңгерушісі шараны алғы сөзімен ашып, атаулы меркенің мәні мен мазмұнын тоқталып өтті.

Артынан балалар өздерінің Елбасына деген құрметтерін концерттік бағадарламамен жеткізді. Мереке аясында Отан, туғанжер, ана тілі әндер шырқалып, би биленді.

           

Шараға №83 бөбекжай-балабақша   тәрбиеленушілері мен олардың ата – аналары қатысты.

Еліміздің Тұңғыш Президенті күніне арналған   тәрбиелік мәнді  іс-шаралар ауданның барлық білім және тәрбие беру мекемелеріне өтуде.

30.11.2017