Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

30.11.2017

Бостандық ауданы активі Тұңғыш Президент күнін атап өтті


 1991 жылғы 1 желтоқсанда, алғаш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, егемен Қазақстанның негізін салушы - Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды. Сайлауға қатысқандардың 98,78%-ы жақтап дауыс берді. Бұл жаңа мемлекет қалыптасуының өтпелі кезеңінде сенімді басшыға өз тағдырын тапсырған Қазақстан халқының жауапты таңдауы еді.

           

   Еліміз тәуелсіз мемлекет  болып құрылуында және республиканың халықаралық арендада беделінің өсуіне Президенттің ерен  еңбегін ескере отырып,  2011 жылы  Сенат   1- желтоқсан Тұңғыш Президент күні деп  бекітті. Содан бастап  1- желтоқсан күні елімізде түрлі шаралар өткізу дәстүрге айналды. Мереке қарсаңында Бостандық ауданында көптеген іс-шаралар мен аудан мектептерінде сынып сағаттары және дөңгелек үстелдер өтуде.

 Бүгін Бостандық ауданы да Тұңғыш Президент күнін атап өтті. Мерекелік  шара Қ.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ базасында өтті.

           

 Салтанатты шара  ҚР Президенті мен Тәуелсіздіктің 26 жылдығына арналған фильм көрсетілуімен ашылды. Фильмнен кейін залға жиылған қонақтар алдында аудан әкімінің орынбасары Балбаева Маржан Ертайқызы сөз алып, қонақтарды Тұңғыш Президент күнінімен  құттықтады. 

«Баршаңызды 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айрықша еңбегіне құрмет ретінде белгіленді. Н.Назарбаев Қазақстан басшылығына қиын кезеңде келді. Алайда, оның кемеңгерлігі мен саяси ерік-жігері қиындықтарды жеңіп, еліміз экономикасы қарқынды дамушы елдер қатарынан көрінуде»,-деді аудан әкімінің орынбасары.

           

Шараның салтанатты бөлімін  қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама жалғастырды.

 

30.11.2017